Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру


ІІ ТҮРКИЯҒА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ ОРНАЛАСУЫ



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
annotation20277

ІІ ТҮРКИЯҒА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНУЫ ОРНАЛАСУЫ
САНЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ТҰРМЫСЫ
 
2.1. Қазақтардың Түркияға қоныс аударуы, орналасуы және саны 
Тарихи оқиғалардың қыспағынан Қытайдан, Тибетке, одан Үндістанға 
ақырында Пәкістанға қоныс тепкен қазақтар босқын ретінде өмір сүргендігі 
белгілі. Оның үстіне тарихи Отаннан жырақта климаты, табиғаты бөлек, 
халқы, мәдениеті бөтен елде тұру да оларға тұрақты қоныс бола алған жоқ.
Үндістан, Пәкістан жерінің ауасы, суы, жері жақпағандықтан 1938-1950 жж. 
аралығында яғни 12 жыл ішінде 1000 қазақ 1400-ге әрең жетеді. Сондықтан 
да қазақтар енді ұрпақ қамын, құрып кетпеу жағын ойлап, Түркияны бетке 
алады. Сол 1400 қазақ бүгіндері 25 мыңға жетеді [26]. Олардың алдында 
діні, ділі бір елде тұрақтап қалатын мекенге аяқ тіреу қажет болды. Осыған 
байланысты қазақтың атқамінер ақсақалдары оның ішінде Хұсайын тәйжі, 
Сұлтаншәріп тәйжі, Дәлелхан Жаналтай, Қалибек Хакім, Омарбай Ақсақал, 
Қабен тәйжі, Хасен батыр, т.б. ақылдаса келе Пәкістаннан басқа жаққа қоныс 
аудару қажет деп шешті. Осы жөнінде белгілі ғалым М.Мендикулова өз 
еңбегінде: «... қазақтардың көші қонына байланысты мынандай ұсыныстар 
болды. Бірінші мұсылман елі Сауд Аравиясына көшу, екінші ұсыныс кейбір 
қазақтармен атап айтқанда Дәлелхан Жаналтаймен тікелей жұмыстас болған 
Чан Кайши қоластына Тайванға көшу. Үшінші ұсыныс АҚШ кету, яғни 
кезінде қытай коммунистерінің қыспағынан құтылуға көмек берген американ 
елшілерін сағалау. Олар американ өкіметінен Калифорния не Техасқа 
орналастырылатындығы жөнінде рұқсат хат та алады. Ал, төртінші ұсыныс 
Индия мен Пәкістанда қалу болса, бесінші ұсыныс Түркияға қоныс аудару. 
Ақсақалдар ақылдаса келе ата мекенінен қуған қытайлар Тайванда қол ұшын 
бере қоймас десе, АҚШ қа бару өте ұзақ, оның үстіне діні бөлек елде ұлттық 
болмысымызды сақтай алмаймыз деген қауіп тұрды. Ешқандай құжатсыз 
Индия мен Пәкістанда қалу да онан сайын жағдайды ауырлатады, ыстық, 
үйреншікті емес климаты бар араб еліне бару да оңайға түспейтіндігін білді. 
Тұрақтап қалуға тарихи мәдени түбі мен тілі бір Түркия елі қолайлы деп 
шешеді», - деп жазады [10, С.218]. АҚШ-тан шақыру хат алу себебі, қазақтар 
олардың Үрімші қаласындағы консулын аман есен Тибет шекарасына 
жеткізген. Сондықтан Пәкістандағы қазақтарға АҚШ-та жанашырлық 
танытып баспана, жұмыс беретінін балаларын тегін оқытатынын білдіріп 
көшіп келуге шақырады. Сол сияқты Халифа Алтай да өз еңбегінде, алдымен 
Түркиядан келген Махмет Ирфан деген журналистпен танысып, одан түрік 
елшілігімен жолықтыруын өтінгенін, одан ол 1950 жылдың ақпан айында 
Қарыштай ақсақал, Әтейхан үшеуін Түркияның Пәкістандағы елшісі Нәбіл 
Батумен кездестіргенін, бұлардың хал-жағдайынынан хабардар болған елші 
қол ұшын беретіндігі жөнінде жазады [3,112-113 бб.].


28 
Сөйтiп 1951 жылғы 17 қазанда Пешаварда Түркияға Елiсхан батырдың 
тобындағы 
қазақтардың 
көшi-қонын 
ұйымдастырған 
«Қазақ 
босқындарының Шығыс Түркiстан қауымдастығы» құрылды. Бұл қоғам 
Түркияға қоныс аударушылардың тізімін алдын-ала жасап, дайындық 
қамына кіріседі. Қауымдастық қызметiнiң арқасында 1400 қазақ есепке 
алынды, оның iшiнде 1150 ересек және 12 жыл бойы Үндiстан мен 
Пәкiстанда өмiр сүрген уақытта тiрi қалған 400-дей бала да болды [26].
 
Құрылған қоғамда қазақтың елін, жерін ойлаған азаматтары халқының қамы 
үшін еңбек етті. Солардың бірі Шығыс Түркiстан қазақ босқындары 
қоғамының мүшесі болған Халифа Алтай қоғамның атқаратын негізгі 
мақсаттарын да айқындап берді. Онда былай делінген: «1.Түркияға көшуге 
байланысты сол елдің Карашидегі бас елшілігімен байланыс құрып, тығыз 
түрде көшіруді талап ету. Ыңғайы келсе Түркияға уәкіл жіберіп, Түркия 
үкіметінің басшыларына жолығып, өтініш жасау. 2. Қазір өзіміз өмір сүріп 
отырған Пәкістан үкіметімен жақсы байланыс жасап, бұл елге байланысты 
мәселелерді шешу. 3. Қызыл Қытай елшілігінің әртүрлі қитұрқы әрекетіне 
қарсы қорғану амалдарын жүргізу. 4. Шыңжаңдағы отандастарымыз мейлі 
жеке басы болсын, мейлі тобымен болсын Пәкістан, Үндістан 
мемлекеттеріне келіп жатса қолдан келгенше көмек ету» [3, 101-103 б.].
Бірақ Түркияға көшу тез арада жүзеге аса қойған жоқ. 1952 жылдың 13 
наурызында Түркияның Министрлер Кабинетi Үндiстаннан, Пәкiстаннан 
және Сауд Арабиясынан Шығыс Түркiстан және қазақ босқындарының 
Түркияға қоныс аударуына рұқсат беру туралы № 3/14595 шешiмiн 
қабылдайды. Түркияның президентi Жәлел Баяр және премьер-министрi 
Аднан Мендерес бастаған Түрiк Үкiметiнiң 16 министрi арнайы құжатқа қол 
қояды. 1952 жылғы 24 қыркүйекте ресми қоныс аударушы ретiнде Түркияға 
тұрақты орнығу үшiн Түрiк Үкiметiнiң шақыруымен 102 қазақ босқынының 
алғашқы тiзiмi жасалды [27]. Бұл құжаттың қазақ босқындары үшін 
маңызды да құнды болғандығын Мансұр тәйжі де бізге сұхбат берген 
мәліметінде ерекше ықыласпен айтады. 
Ділі бір, діңгегі бір түрік еліне 1952-1954 жылдары аралығында 
ілгерінді-кейінді Пәкістаннан 1400, Кашмирден 350 адам арнайы келісім 
бойынша көшіп келді
.
Олар Түркия аумағына кіргеннен кейін баруға тиісті 
жерлеріне тегін жеткізілді. Қазақтарды сол кездегі премьер-министр Аднан 
Мендерес қабылдады. Уақытша оларды үш аудандағы лагерлер: 
Зейтінбұрын, Серкежи, Тұзла аудандарына бөліп орналастырады. Түркияға 
келген қазақтарға мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіледі. Осы жөнінде 
мына деректе: «Түркияға келген соң біздердің де төбемізге күн шуағы
түскендей болды. Ауа-райы қолайлы, шыжғырған аптап ыстық жоқ
жағдайымыз да жақсара бастады. Тегін жай, тегін тамақ берілді. 
Тоқымашылық, ұсталық, тігіншілік сияқты мамандықтарға үйретіп, оқыта 
бастады. Түрікше тіл курстары ашылып, әр адам өз еркімен арнаулы кәсіпке 
бейімделді» [3,103-104 бб.].  


29 
Қазақтың Түркияға және оған дейінгі көш жолын Әбділуақап Қара 
талдай отырып, мынандай тұжырымдар жасайды: «Түркияға қазақтар екі 
дүркін үдере көшті. Бiрiншi көш – Елiсхан және Зайып батырлардың 
жетекшiлiгiнде 1938 жылы басталды. Арттарынан үдере қуған қытай 
әскерлерiмен шайқасып, Тибет, Гималайды асып, 1941 жылы Үндiстанға 
жеткен. Екiншi көш – бұдан он жылдан соң Мау Зыдұңның төңкерiсiнен 
кейiн қозғалған. Бұл көшке Қалибек әкiм, Сұлтан Шәрiп Зуқа батыр ұлы, 
Құсайын Тәйжi, Дәлелхан Жаналтай сынды төрт адам басшылық жасады. 
Бұлар 1951 жылы Кәшмiр қаласына келiп орналасты. Осы екi көш бiр 
мезгiлде Түркияға қоныс аударды. Бiрiншi көштегiлер Үндiстан – Пәкiстанда 
жүрген кезде "Шығыс Түркiстан қазақ босқындар қоғамын" құрып, соның 
атынан Түркияға қоныс аударуға арыз берген едi. Олардың бұл арызы 1952 
наурыз айында қабылданды. Сөйтiп, соңынан жеткен көш алдыңғысына 
iлесiп, Түркияға жеттi. Түркиядағы қазақтар көшi 1952 жылдан 1954 жылға 
дейiн созылды. Олардың жалпы саны – 2 мыңға тарта адам едi», -деп 
көрсетеді [28]. Сол сияқты «Еуропадағы қазақ түркiлерi бюллетенiнiң» 
мәлiметтерi бойынша 1953 жылы Үндiстан мен Пәкiстаннан 1450 қазақ 
Түркияға көшiп келдi, - деп жазады. Жарық көрген басылымдар мен ел 
арасынан жиналған деректерде Пәкiстаннан қазақ босқындарын көшiру 
кезiндегi iс-шараларды қаржыландыруда Кашмир және Үндiстан үкiметтерi, 
бiрнеше халықаралық ұйымдар қатысқандығын көрсетеді.
Өз кезегiнде Түрiк 
Үкiметi мұсылман «мұхаджирлерi», яғни босқындары болып табылатын 
қазақ босқындарын елге орналастыру жөнiндегi барлық шығындарды өз 
мойнына алады.
Осыдан кейін алдына 12 жыл, артына 2 жыл болған Үндістан мен 
Пәкстандағы екі мыңға жуық қазақ Түркияға қоныс аудара бастады. Сөйтіп 
қазақтың алғашқы тобы болып Құсайын Тәйжі бастаған қазақтар 1952- 
жылдың қыркүйек айында түрік еліне қадам басты (ІІ). Кейбір 
дереккөздерінде 1953 жылы Пәкістандағы қазақтар 8 топ 3 жүк кемесімен 
Басра шығанағына дейін, одан әрі Түркияға пойызбен көшеді. Алғашқы 
кезде олар Стамбул қаласының Тузла, Зейтінбұрын, Серкеджи сияқты 
аудандарына орналастырылды. Сол сияқты мына деректе де: Түркияға 
қоныс аударған қазақтарды Түркия өкіметінің басшылары Стамбул 
қаласында күтіп алып, оларға сегіз ай өз мәдениеті мен дәстүрін, тілін, ділін 
үйретті. Сол аралықта қазақ қандастарға Түркияның Қайсар облысы, Деуелі, 
Яхиялы, Ильясты аудандарынан үй, жер бөлініп, келгендерді сонда 
орналастырды. Осыдан кейін артта қалған көштің басқа да бір бөлігі 
Түркияда орныққан қазақ бауырлардың жақсы жағдайын хат арқылы біліп, 
олар да 1953-1954 жылдар арасында бөлім-бөлім болып 1850 жаны бар, 675 
отбасы түрік бауырлардың жеріне келіп қоныстанды, - деп көрсетеді 
[25,151.].
1953 және 1954 жылдары қазақтардың қоныс аударуы одан әрі 
жалғасты. Үндістандағы соңғы топ Қалибек Әкім бастаған қазақтар 1954 
жылдың көктемінде Түркияға келді. Сонымен 1952 ж. қыркүйегінен 1954 ж. 
мамыр аралығында Үндістан мен Пәкстанда өмір сүрген 1850 қазақтың 


30 
барлығы Түркияға қоныс аударды - деп әңгімеледі Мансұр Тәйжі (І). 
Сонымен Пәкістаннан Стамбулға 1952 жылы, қыркүйек айында басталған 
қазақтардың алғашқы легі басқа да көш жетекшілерінің басшылығымен топ-
топ боп 1956 жылдың көктеміне дейін Түркияға соңғы легі келді. Түрік 
үкіметі қазақтарды құшақ жая қарсы алды. Олардың аяқтан тұрып кетуі 
үшін қолдан келген көмегін аямай мейлінше жағдай жасауға тырысты. 
Түркия елінің сырттан келген босқындарды қабылдаудағы әрекетін 
Әбдулуақап Қара: «Негізінде Түрік елінің шеттен эмигрант қабылдауда бай 
тәжірибесі бар еді. Өйткені Мұстафа Қамал Ататүрік Бірінші дүниежүзілік 
соғыста шаңырағы шайқалып ортасына түскен Осман мемлекетінің 
қалдықтарынан жаңа мемлекет құрып Түрік Республикасының іргесін 
қалаған кезде, жас мемлекеттің халық саны небәрі 13-ақ миллион болатын. 
Жаңа елдің тәуелсіздігін баянды ету барысында халық санын қауырт өсіру 
діттеліп, шетелдердегі түрік азаматтар елге көшіріліп әкеле бастады. Міне 
бүгін Ататүріктің сол көреген саясатының арқасында Түркия халқы саны 70 
миллионға жетіп отыр. Осы 70 миллион халықтың ішінде қазір түрлі түрік 
халықтарының өкілдері: татар, өзбек, қырғыз, түрікмен сияқты Түркістан 
диаспораларының өкілдерін көптеп кездестіруге болады. Түріктер олардын 
ешбіреуін сен қазақсың, өзбексің, немесе түрікпенсің деп бөліп жарып 
қарамайды. Барлығын түрік халқы деп есептейді. Сондықтан болса керек, 
қазақтын бір туар мемлекет және саясат қайраткері Мұстафа Шоқай “әрбір 
түрік тілдес халықтың екі отаны бар, біреуі туған елі, екіншісі Түркия” 
деген еді. Ал, Түркия диаспораларының ішінде қазақтардың жағдайын атап 
өтер болсақ, соның ішіндегі де ең бақытты диаспора қазақтар екенін ауыз 
толтырып айтар едік. Өйткені өзге Түркістан диаспораларынын туған 
елдеріне қарағанда, Қазақстаннын Түркиялық отандастарына деген ыстық 
ықыласы ерекше көзге түсуде. Мұны Түркиялық қазақтардын үлкен бақыты 
демей, не дейміз? Түркия қазақтары атамекеннің, дұшпанды жерге қаратып 
досты сүйсіндіретін өздеріне деген осынау жылы ілтипатының қадірін 
біледі, -деп жазды [28]. 
Түркия елінің жағдайына, тұрмысына қаныққан қазақ қандастарымыз 5-
6 жыл мемлекет бөліп берген жерлерде өз күндерін көріп өмір сүрді. Бірақ 
кейін келе жағдайларын жақсарту және ел қатарлы өмір сүру мақсатында 
халық көп шоғырланған, сауда орталығы Стамбулға келе бастады. Ол жерде 
қандастарымыз қолөнер, сауда-саттықпен айналысып, ұжымшылдықпен 
құрған кішігірім зауыттар мен фабрикалар ашып жергілікті өмірге 
бейімделіп жағдайларын жақсартады.
Пәкістанда он екі жыл тұрып, 1953 жылы қараша айында Түркияға 
көшіп келген, керейдің қарақас руынан шыққан Омар Жігіт Түркияға 
қоныстану жөнінде тың материалдар берді: «Бәрімізді Серкежи деген 
жердегі қонақ үйге орналастырды, ендігі келген адамдардың бір бөлігін 
Тузла деген жердегі қонақүйге, ендігі бір тобын Зейтінбұрын ауданындағы 
қонақүйге бірнеше адамнан орналастырды. Сол жерде екі жыл түрікше 
жазуды, оқуды үйретті,түрік тілін үйретті. Әйелдерге қол өнерді, бізге ағаш 


31 
өңдеуді үйретті. Жалпы, бауырлас түрік халқы бізді өте жақсы қарсы алды. 
Дүниеде екі рет қатты қуандым. Ең алғаш қатты қуанғанымыз Түркияға 
қоныс аударғанымыз болды. Біз мұсылман еліне келдік деп төбеміз көкке 
жетті. Пәкістанда тұрғанымызда мұсылмандар бізге көп көмек бергенімен 
діліміз басқа, тіліміз басқа елде тұру оңай болған жоқ. Ең өмірдегі 
жетімшілік - ол Отан жетімшілігі екен. Бізде тіліміз, діліміз, түбіміз бір 
түрік еліне барсақ деген ұсыныс пен тілек, арман пайда болды. Түрік елі 
қандасымыз, ұрпақтарымыз сонда өсіп-өнсін деген шешімге тоқталады. 
Сонда 16 жасымда Түркияның қазақтарды қабылдаймыз дегенін естіп,
қыздар-жігіттер қуанып, бір-бірінен сүйінші сұрағаны әлі есімде. Түркияға 
келген соң тегін жай, тегін тамақ беріліп, дәрігер тексеріп тұрды. 
Тоқымашылық, ұсталық, тігіншілік сияқты мамандықтарға үйретіп, оқыта 
бастады. Түрікше тіл курстары ашылды. Әр адам өз еркімен арнаулы 
кәсіпке бейімделді. Сауатымызды түрікше аштырып, сол мүсәпірханадан 
(қонақ үйден) мешіт ашып алып, намаз оқыдық. Бірақ біздің ата-тегіміздің 
қиындау аталуына байланысты тегіміз түрік атауымен жазылды. Екі жыл 
ақша тауып, әл-ауқатымыз артқан соң өзіміз жер алып, үй салып алайық деп 
шештік. Үлкен ақсақалдарымыз біздерге кең ат шаптырып, той жасап, егін 
егетін жерлер керек деді. Мемлекетке сұраныс жасадық, сонымен бізді 240 
адамы бар 61 отбасын «Конья» деген жерге орналастырды. Түркияның 
Алтай-көй, Ниде деген жерлері қазақтың шоғырлана орналасқан аумағы. 
Сондай ақ Измир қаласының Салихлы жерінде де қазақтар көп 
шоғырланған. Сол жерлерде егін ектік, үй салдық, қолөнермен айналысып, 
бас киім, қолғап тіктік», -деп әңгімеледі (ІV).
Сондай ақ,
ақпарат беруші 
Қазақкент ауылының негізін салушылардың бірі Мансұр Тәйжі: 
«Алғашында қазақтарда жеке үй болмады. Стамбулдың Зейтінбұрын 
ауданында жалдап отырған 20 шақты ғана үй болды. 1969 жылы Кәшмирден 
Дәлелхан Жаналтай келді, содан сол кісінің бастауымен 1970 жылдары 
жиналып барлығымыз бір жерге қоныстанайық деп шештік. Бұрынғы 
ақсақалдарымызда береке, бірлік болатын, ауыздары дуалы еді. Тілімізді, 
дәстүрімізді ұмытпай ұрпақтарымызға жеткізу басты міндетіміз сондықтан 
бір жерде шоғырланған дұрыс деп шешті. Содан барлығымыз жер алатын, 
үй салатын шот ашып ақша жинап, Стамбулдың жан-жағынан жер іздей 
бастадық. Басында шотқа 150 дей адам ақша салыпты, 300 мыңнан астам 
ақша жиналды. Ақсақалдарымыз көк майсалы жер іздеңдер деді. Содан кең 
жазық далада бұлағы ағып жатқан 50 шақты үй бар екен, мал ұстайтын осы 
жерді жөн деп шештік. Сонымен осы жерден 35 мың шаршы метр жер 
алдық, ол жерге көкмайсалы деп кемпір-шалдар аунап-қунап жататын. 
Күзге таман үй салатын адам іздеп тауып, сол адамға осы жерден 150 үй 
саласың, ең алдымен бір үйді сал көрейік дедік. Бір қалыптан бір келкі, үй 
салдырдық. Алдымен 90 метр шаршы, 12 діңгектен тұрғызып астына жер 
сілкінісіне тұрақты қауіпсіздігін де ескердік. Енді сол 150 адам үй салу үшін 
шотқа 8000 мың лирадан жинайтын болдық. Сол шотқа салынған ақшадан 4 
айдың ішінде бір қабатты 150 үй салынды. Басында мемлекет беретінін 


32 
білмей жиналған өз ақшамызға жол салдырып, тоқ, су тартқызып, 
пластмассадан канализация трубаларын жүргіздік. Маңдай терімізбен 
салынған үйлерге қатты қуандық, Аллаға шүкіршілік еттік. Ең болмаса 
өлсек балаларымызға баспана болатын үй қалдыратын болдық деп қуандық. 
Қуаныштан барлығымыз жиналып шатыр құрып той өткіздік. Ауданның 
Уәлиінде шақырдық. Қой сойылып Уәлиге бас тарттық. Қойдың басын 
тартып уәлиге қазақтардың бас тартуының мағынасын түсіндірдік. «Қойдың 
басын тек құрметті, сыйлы, ақсақалдарға ғана тартылады. Баста есту үшін 
құлақ, көру үшін көз бәріне сана беріп тұратын ми бар деп түсіндірдім. 
Сондықтанда баста ет, сүйек, сіңір, ми, май сияқты 5 түрлі тағам бар дедік, 
ол құрметті қонаққа ғана тартылады деген едік. Ол кісі риза болды. Біздің 
ауылымызға «Қазақкент» деген атау берді, - деп әңгімелейді (ІІ). Бұл қазақ 
елді-мекеннің де пайда болуына Түркия елінің әр аумағында 50-200 не 200-
350 үйден тұрған қазақтардың түріктеніп кетудің алдын алып, бірыңғай 
орналасуға ниет білдіруі еді. Соған байланысты олар 1972 жылы түрік 
үкіметіне өтініш білдіріп, нәтижесінде сол жылы жер сатып алу және 
құрылыс салу үшін оларға Стамбулдан жер берілді. Біздің отандастарымыз 
бұл ауданды «Қазақкент» деп атаса, қазір ол ел арасында «Гюнешли» деп 
аталады, яғни түрік тілінен аударғанда «Күн сәулелі» деген мағынаны 
білдіреді. Қазақтар қай жерде болмасын баяғы ата-баба салтымен рулық 
белгісі не туыстық жүйеге қарай бірыңғай шоғырлана орналасқан. 
Сондықтан «Қазақкент» аумағында көбіне наймандар мен керейлер өмір 
сүрді. Дегенмен де Түркиядағы қазақтар Стамбулдың басқа аудандарында 
да тұрады. Мысалы, Зейтинбұрну, Кучук Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе 
аудандарында, бірақ бұлар да бөлек аймақтарда тұрғанмен де жиын-
тойларда әрдайым бірге болуға тырысады (ІІ).
Жалпы отандастарымыз Түркия жеріне үш аумақтан қоныс аударған. 
Бірінші топ сол 1928-1938 жж. Қытай жақтан Тибет, Үндістан, Пәкістан 
асып, 1951-1956 жж. Түркияға келген Алтай қазақтары. Екінші топ 1980 
жылдары орыс-ауған соғысы әлегінен ауған Ауған қазақтары, үшінші топ 
осы кезеңдерде Ираннан ауған қазақтарды құрайды. 
Ауған қазақтарына келетін болсақ, бұл отандастарымыз 1928-1930 
жылдары қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданынан кеткен кіші 
жүздің Кете, Әлім рулары қазақтары. Олардың негізгі бөлігі ұжымдастыру 
кезінде тілі мен дінін, әрі байлығын сақтау үшін Сырдарияның Қызылқұмы 
мен Өзбекстанның Бұқара облысының Тамды, Yшқұдық аудандары (ол кезде 
қазақ жеріне кіретін) арқылы Ауғанстанға өтеді. Мұсылман елінде 
қиыншылықтарға қарамастан жерсініп өз тіршілігін құрап, тұрмыстарын 
түзеді, дінді бекем ұстанып, жеке фабрикалар ашты. Бірақ 1980 жылғы орыс-
ауған соғысының зардабы қазақтарға да оңай бола қойған жоқ. Сондықтан 
елдің тыныштығын көздеген олар көршілес Түркияға, Арабстанға, Иранға 
қоныс аударды. Олар Стамбұлға келіп, өз кәсіпкершілігін дамытты. Бірақ 
бұлар Алтайдан келген қазақтарға қарағанда, Ауған тәртібі ықпалының 
салдары болар балаларын, қыздарын көп оқытпайды [29].


33 
Ауғанстаннан Түркияға ауған, кіші жүздің шөмекейден тараған 
қаратамыр руының өкілі 1952 жылы туылған Мұхаммедияр Қаратамыр 1992
жылы Түркиядан Қазақстанға көшіп келген. Ол 1970 жылдары Ауғанстаннан 
Түркияға қоныс аударып, Стамбул қаласының Зейтінбұрын ауданында
тұрған. Мұхаммедияр Қаратамыр қазір Қазақстан Республикасының азаматы, 
Алматы облысы, Қарасай ауданында тұрады, ауған қазақтары туралы берген 
ақпаратында Мұхаммедияр ағамыз былай баяндаған еді: Түркияда қазақтар 
көбінесе Стамбулдың жанындағы ауылдарда Зейтінбұрын, Гүнешлі, Өрнек, 
Анкара, Ізмирде тұрады. Ата-бабаларымыз Қызылордадан, ол жақтан 
Өзбекстан арқылы Ауғанстанға өткен, өзі Ауғанстанда туылған. Түркияға 
ХХ ғ. 70-ші жылдары төрт-бес үй болып көшеді. Ауғанстаннан қоныс аудару 
себебі, елге кеңес әскерлері кірген кезде қызыл террорлық саясаттан қорқып 
кеттік. Түркия елі қазақтарды жақсы қарсы алып, үй беріп тез үйренісіп 
кеттік. Еліміз Қазақстан егемендігін алған соң Түркияда жақсы тұрсақта 
еліміз, жеріміз деп келдік. Бала-шағамыз елін, жұртын ұмытпасын дедік. 
Алты балам бар. Аттары: Нәжиба, Мусин, Фетта, Әсіп, Мунира, Муниса. 
Балаларым Түркияда түрік тілінде білім алды. Бір ұлым Түркияда жүрген 
кезде Америкада 6-7 жыл оқыды. Басқа балаларым Түркияда лицейді бітіріп, 
Қазақстанға келіп жоғарғы оқу орындарында оқыды. Қазақтар Түркияда 
тұрған кезде бір ауыл болып отырдық, ол жақта тігіншілікпен айналыстық, 
қалалық жер болған соң мал, егіншілікпен айналысқан жоқпыз. Түркиядағы 
қазақтардың көбісі Қытайдан барған қазақтар, Найман, Керей руларынан, ал 
Қызылорда жақтан барғандар кіші жүздің Әлім, Шөмекей рулары (І). 
Сондай-ақ. 65 жастағы Әбіл Қадырдың да ата-бабасы Қызылорданың 
Қармақшы ауданынан. Аталары кезінде Сібірге айдалып, атылған екен. Өзі 
Ауғанстанның Мазар-Шәріп қаласында тұрған. Онда 200 дей үй қазақтар 
мекендеген. Бір отбасында 5-6 баладан болды. Ауғанстанда тон тігіп, егін 
егіп орақ ордық. Бірақ орыс-ауған соғысынан үркіп, 1982 жылдары 
тұрмыстары жақсылары Түркияға, нашарлары Пәкістанға көшті. Содан бізде 
7-8 үй болып Түркия кеттік. Көбі түрік жеріне арбамен не жаяу көшті 
кішкене балаларын кезек көтеріп шекарадан өткізді. Еліміз тәуелсіздік алған 
жылдары өз елімізге квотамен келдік. Қазір Қаскелен қаласында тұрып 
жатырмыз деп әңгімеледі (VI).
Ендігі бір ақпарат беруші Қаскелен қаласында тұрып жатқан 69 
жастағы Жұмабек Сойырханда Ауғастанның Мазар-Шәріпінде өмір сүрген, 
ата-тегі Қызылорданың Қармақшы ауданынан. 1990 жылы Түркияның 
Стамбул қаласының Зейтінбұрын ауданына Пәкістан арқылы 5 баламен 
босып бардық. Түркияда 3 жыл тұрған. Бірақ түрік тілін білмегендіктен ол 
жақта тұру қиындық туғызған. Азаматтық алмаған. Жұмыс жоқ. Баспана жоқ. 
Оның үстіне балаларымызды оқытпадық. Негізі Ауғанстаннан келген 
қазақтардың көбі сауатсыз. Ауғанстанда тау ішінде мал бақтық дейді. 
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан соң 1993 жылы ата-қонысы Қызылорданың
Қармақшы ауданына келген, бірақ ауа-райы жақпағандықтан Алматы 
облысына көшіп келуге тура келді дейді (VII).


34 
Ираннан ауған қазақтардың негізгі бөлігі 1930 жылдары Қазақстанның 
Атырау, Маңғыстау өңірлерінен кеткен Адай руының азаматтары. 1980 
жылдары олардың үлкен тобы Ираннан Түркияға қашып келді. Ал, енді 
Ауғанстаннан және Ираннан келген ағайындардың жартысының азаматтығы 
жоқ. Яғни түрік төлқұжаты берілмеген. Өйткені олар ресми емес, босқын 
болып өз бетінше қашып келгендер. Олардың арманы Қазақстанның 
азаматтығын, қазақ төлқұжатын алу [30]. И. Жеменей: «Иран қазақтары 
1929-1933 жылдар аралығындағы «Қызыл табан, шұбырынды» кезінде 
Маңғыстаудан 
Түркіменстан 
аймағына 
өтіп, 
Ираннын 
солтүстік 
шекарасындағы шағын қала Гомишан және Саллак ауылына барып табан 
тіреді. Гомишан мен Саллактың тұрғындары түгелдей түркімендер болатын. 
Аталмыш мекендер Иран жерінің «Түркімен сахарасының» батыс жағында 
орналасқан. Негізінде «Түркімен сахара» Иранның солтүстік пен солтүстік 
шығысын алып жатқан кең дала. Қазақтардың Түркіменстан арқылы қоныс 
тепкен уалаяты Мазандаран деп аталатын-ды. Кәмпеске мен қолдан жасаған 
ашаршылықтың зардабынан мал-мүлік, баспана, туыс-туғандары мен ел-
жерден айрылған аталарымыз жоқтан бар жасауға әрекет етті. Бірден бір 
жерге тұрақтап мекен ету оларға ә дегеннен бола қойған жоқ. Біріне ауа-райы 
қолайсыздық көрсетсе, кей жағдайда қазақтарға мал бағып, тұрмыс құратын 
мүмкіндіктері болмады. Қазақтың малсыз өмір сүріп кетуі екі талай. 
Отырықшылыққа, 
егін 
егіп 
диқаншылықпен 
айналысуға 
бірден 
мойынсынбай көндіге алмағандықтан бір жерден екінші жерге жайлы жер 
іздеп, жиі қоныс аударуына тура келіп отырды» - деп жазды [31, 4 б.]. Міне, 
осы қазақтардың бір бөлігі 1980 жылдары Ираннан Түркияға қоныс аударып 
тері кәсіпкершілігімен айналысты. Айта кету керек алғашында Иран және 
Ауғанстаннан келген қазақтар Түркияға ерте қоныс аударған қазақтармен тез 
етене араласа алмады. Кейін келе той-жиындарында бірге араласа бастады.
И. Сванбергтің мәліметі бойынша: Пәкістаннан 1950-1958 жылдары 
жылы Адатепеге 320 отбасы, жалпы саны 796 адам өз еріктерімен 
келгендерді құрайды. 1958 жылғы Түркия үкіметінің деректері бойынша 
Түркістан аймағынан келген ресми көшіп келушілер саны - 1892 адам (564 
отбасы) - деп көрсетеді [7, С.142] Түркия Республикасы бөліп берген төрт 
облысқа қоныстанған қазақтардың отбасы саны: 1. Қайсар облысында 100 
отбасы, 2. Нигде облысында 234 отбасы, 3. Кония облысында 160 отбасы, 4. 
Ізмир облысында 160 отбасы, барлығы 654 отбасы қазақтарды құраса, 21 
ұйғыр отбасымен барлығы 675 отбасы орналасты [25 151б. ]. 
Қазіргі кезеңде Түркияда тұратын қазақтардың санын нақты білу қиын, 
оның үстіне мәліметтер де әртүрлі беріледі. Берілген деректердегі сан 
айырмашылығы 19 000-нан 25 000-ға дейін жетсе, қазіргі кезеңде 10 000 
шамасындағы қазақ саны айтылады (ІІ). Мысалға, Сайлау Батыршаұлының 
мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 
жылы 19 мың адам делінсе, 2005 жылғы мәліметтер 25 000 адамды көрсетеді. 
Қазіргі кезеңде қазақтардың біраз бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің 
жағасында, Стамбулдың “Зейтинбұрын” ауданында шоғырланса, 120 отбасы 


35 
– Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), шамамен 80 отбасы - 
Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда 
тұратындығын мәлімдейді [32]. 
Түркиядағы қазақтар қауымдастығының берген мәлiметi бойынша, 
бүгiнде Стамбұлдың Зейтiнбұрны ауданында 13400-дей қазақ тұрса, Гүнешли 
ауданында 6000 қазақ мекендейдi. Сапагөй, Шекпенжер аудандарында - 
1500-2000, Измирде 1000 қазақ тұрады. Жалпы алғанда, қазақ қауымдастық 
орталығы Түркияда 21500-22000 қазақ бар деп межелейді [33]. 
Ал сол 
кездегі «Қазақ түркілері» қорының төрағасы Дервиш Қылыштың берген 
мәліметі бойынша 2007 жылғы санақ нәтижесінде 6 мың отбасы, 20 мыңнан 
астам қазақ бар [34].
2008 жылғы санаққа сенсек, қазақтар ең көп 
шоғырланған Зейтінбұрны ауданында 13400 қазақтың саны 10000-ға дейін 
қысқарыпты. Оның басты себебін, Түркиядан Қазақстанға жылына 50 
отбасының қоныс аударуымен түсіндіреді [35].
Жалпы жарыққа шыққан зерттеулер мен баспасөз беттерінде Түркия 
қазақтарының саны көбіне 20-25 мың деп жазылып жүр. Түркия 
қазақтарының саны туралы мәліметтер жинаған Мансұр Тәйжі: Түркия 
мемлекеті негізінен ресми халықтың санын алып отырады. Бірақ, бұл 
мемлекетте тұрып жатқан қай ұлт болсын «Түркия республикасының 
азаматы» болып жазылады, - деп көрсетеді. Иә, ақиқатында 1997 жылы 
Қазақстан Республикасы Түркиядағы қазақтың санын нақтылауға сұраныс 
болған, бірақ ол кезде Мансұр Тәйжі Түркия қазақтары санын Батыс 
Еуропаға кеткен қазақтың санымен қоса есептеп, Швеция, Франция, 
Германия, Голландия т.б. кеткен қазақтармен қосқанда 10 мың қазақтың 
есебін береді. Қазіргі кезеңдегі қазақтардың ең көп қоныстанған жері
Стамбулдың Гунешлі аумағында 450-500, Зейтінбұрын ауданында 450-500, 
Измир, Кония деген жерде алғашында 160 үй болатын, қазір 50-60 үй қалды. 
Себебі, олардың көбісі осы Стамбулға көшіп келсе, жастары Франция
Германия сияқты Батыс Еуропа елдеріне жұмыс көзін іздеп кетеді. 
Салихлыда алғашында 50 үй болса, одан 20 үй қалған. Сол сияқты Сұлтанхан 
деген жерде 60 үйден қазір ешкім жоқ. Анкара да бар, деп көрсетеді (ІІ).
Бүгінгі таңда баспасөз беттерінде берілген мәлімет бойынша Түркияда: 
Стамбул қаласы мен оның төңірегінде 4680 отбасы (23400 адам), Маниса 
провинциясының Салихлы қаласында 100 (500 адам), Ниде провинциясының 
«Алтай ауылында» - 150 (750 адам), Измир қаласында 20 отбасы (100 адам), 
Анкара қаласында 20 отбасы (100-ге жуық адам), Кония қаласында 30 отбасы 
(150 адам) және т.б. барлығы - 25000 жуық қазақ диаспорасы өкілдері тұрып 
жатыр [36]. Сондай ақ кейбір баспасөз беттерінде: «Көш басталғанда Түркия 
жеріне тағдыр тәлкегіне ұшыраған 1852 қандасымыз келген екен. 
Атажұрттан алыста жүрген ағайындарымыз осы елде өсіп-өніп, қазіргі таңда 
20 000-дай қазақ бар. Олардың 8 000-ға жуығы Стамбул қаласында тұрады 
[37]. Сондай ақ, кейбір ақпарат берушілер, Түркияға алғаш барған қазақтар 
өздерінің ұлтын татар деп жаздырған, себебі түріктер «қазақ» сөзін «казак» 
деп ұғынған. Бұрын барған қазақтар әбден сіңісіп, түрік болып кеткен, - деген 


36 
мәліметтерді де айтады
(ІІ). Қазiргi таңда Түркия қазақтары жалпы бiрнеше 
қалада өмiр сүредi. Мөлшерлеп айтқанда: 1. Стамбұлда (2000 отбасы), 2. 
Манисада (200 отбасы), 3. Нигде (40 отбасы), 4. Анкарада (20 отбасы), 5. 
Iзмiрде (20 отбасы), 6. Коньяда (10 отбасы), - деп көрсетеді [25]. 
Рулық құрамына келетін болсақ, 1978-1979 жылдардағы мәлімет 
бойынша Түркия жеріндегі Керей руынан тараған отбасылар саны: Жәдік - 
85, Молқы - 85, Қарақас - 65, Сарбас - 55, Ителі - 45, Шұбарайыр - 35, 
Кеңсадақ - 4, Шеруші - 5, Меркіт - 8, Жәнтекей оның ішінде Шақабай - 60, 
Барқы - 30, Базарқұл - 50, Тасбике - 15, Есақасы-15, Қыстаубай - 20, Есдаулет 
- 5, Секел - 4, Тайлақ - 1, Қангелді - 1, Ботағара -4, Атантай - 3, Сылтайболат - 
3, Найман руынан - 65, Уақтардан - 15 отбасы санын береді [7,161б].
Келтірілген мәліметтерге қарағанда Түркиядағы қандастарымыздың 
көпшілігі Орта жүз бен Кіші жүз қазақтарын құрайды. Бірақ, жүргізілген 
далалық экспедициялық сауалнама бойынша Түркия жерінде Ұлы жүздің де 
рулары кездеседі. Мысалы Жамбыл облысының Шу ауданынан барған Ұлы 
жүздің Жалайыр руынан да қазақтарды кездестірдік. Сонымен қатар 
Мухаммедияр Қаратамыр Түркияда кейбір түріктердің біз «жалайырмыз» 
дегенін естідім дейді (І). Олар осыдан 400-500 жыл бұрын барғандар болуы 
мүмкін деген пікірді айтады. Осы жерде айта кететін бір нәрсе, бұл 
аумақтарда қазақтармен бірге ұйғыр, өзбек, түрікмен, қырғыз, ноғай, татар 
халықтары өкілдері және Өзбекстаннан ауғанбыз деген «лақай» 
этнографиялық топтарын да кездестірдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет