Қазақстан Республикасы ұлттық тұтастығымызды қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет7/24
Дата05.03.2023
өлшемі0,81 Mb.
#71691
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Түркиядан сыртқа ауған қазақтар. Енді сол Түркия еліндегі 
қандастарымыздың басқа шет елдерге кетуіне қысқаша тоқталып кетейік. 
Қазіргі кезеңдегі Еуропа, Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Тайвань, Швеция т.б. 
елдерде мекендеп отырған қазақтардың дені Түркиядан қоныс аударғандар 
болып саналады [10, С.161-163]. Олардың негізгі бөлігі наймандар мен 
керейлер [27,19 б.].
Бұндағы қазақтардың алғашқы легі 1961 жылы Германия мен Түркия 
арасында «еңбек миграциясы» туралы келісім-шартқа қол қоюмен 
байланысты қоныс аударады. Осы келісіммен, жұмысшы қолы жетпеген 
Еуропалық елдер Түркиядан жұмысшылар алдырта бастады. Көптеген 
түрікпен бірге қазақтар да Еуропа елдеріне кетіп қалды. 1962 жылдан бастап 
Түркиядан Германияға қоныс аударғандар саны көбейе түседі. Түркия 
мұндай келісім-шарттарды еңбек күшіне мұқтаж басқа да Еуропа елдерімен 
жасайды. Осындай еңбек миграциясы келісім-шарттары негізінде қазақтар
сол 1960 жылдардың алғашқы кезеңдерінен бастап 1970 жылдардың аяқ 
шеніне дейін Түркиядан Германияға, Швеция, Франция, Австрия, Норвегия, 
Дания және Швейцария сияқты Батыс Еуропа елдеріне көптеп көшеді.
Осылайша Еуропа елдерінде қалыптасқан қазақ диаспорасының қатары 1980 
жылдары Голландия, Франция, Ұлыбритания және Австрия сияқты елдерге 
де қоныс аударып толыға түседі [33].
Осы жөнінде кезінде Германиядағы қазақ орталығының басшысы 
болған, бүгінде Түркия қазақтар қауымдастығының Германиядағы мүшесі 
Әбдірахман Четин (керей ішінде Абақ Керей): «Германияға 1963 жылы 
жұмыс бабымен Түркиядан 15 отбасы бірге көшіп келдік. Бүгінде қазақтар 
Мюнхен, Швеция, Голландияда біраз бар. Соның ішінде Францияның Париж 
қаласында 2500 отбасы, одан кейін 2400 отбасы Кельн қаласында, Германия 
Мюнхен, Берлин, Гамбург, т.б. қалалаларында, сонымен бірге Еуропаның он 
елінде осы Түркия жерінен кеткен қазақтар мекендейді. Қазақтардың шет 
елдерге қоныс аударуы да Түркия елінің сол жылдардағы экономикалық
қиыншылықтарына байланысты болатын. Ол кезде 25-30 жастарында кеткен 
қазақтардың алды қазір 60-70 жасқа келді. Басында келіп кетіп жүретін. 
Содан кейін мүлдем сіңіп кетті. Түркі тілдері бізге жақын тіл болғаннан тез 
үйреніп, қазір жастарымыз шүлдірлеп қалды (ІІ).


45 
Ол жақта да қазақтар алғашында саудамен айналысқан, одан кейін 
сауда жүрмей қалғаннан кейін, түрлі жұмыстар істеп күнелтті. Негізінен 
Түркияда тұрғанда балалар білім алған жоқ еді, балалар оқымады. Қазір 
жастар оқып, үкімет жұмыстарын істеп жатыр. Сол Еуропаға барғанымызға 
50 жылға жақындап қалды. Еуропа елдеріне жұмыс күші ретінде бардық. 
Бүгінде жастардың Қазақстанға келгісі жоқ. Жалпы сырттағы қазақтар елге 
барғанша шет елде тұрып, қазақ елін дәріптеген жақсы деп ойлаймын, бұл 
ойымды Құрылтайда да айтқанмын. Еуропа елдерінде де қазақтар жиылып 
жылына бір рет құрылтай өткізіп тұрады. Ал енді жастар өздерін қазақ екенін 
ұмытпау үшін арнайы сол тұрып жатқан елдерінде қазақ қоғамдары 
құрылған. Сол қоғамдарда Қазақстаннан көмек ретінде тіл үйірмелерін 
ашып, тілін, домбыра үйірмелерін ашып, үйретсе домбыра тартатын адам 
жоқ. Бұл жақта ешкім тарта алмайды. Қоғамнан көңіл бөлініп, іздеп жатқан 
ешкім жоқ. Мен өзім Президентке қанша рет ниет білдіргенмін. Кейін 
Қазақстан Парламентінде Берлинде қазақ орталығы ашылсын деген шешім 
шыққан. Ал бала оқыту үлкен мәселе, көңіл бөліп жатқан ешкім жоқ.
Қазір халықтың жағдайы төмендеп кеткен. Нанын тауып күндерін көріп жүр.
Еуропадағы жастар жаңадан білім алып, жұмыс істеп жатыр. Қалғандары 
сол қара жұмыста аэропорттарда, т.б. жерлерде жұмыс істейді. Терімен 
айналысатындар Францияда бар, бірақ аз. Жастардың патриоттық, ұлттық
сезімдері бар, елге, жерге деген. Сондықтан оларды бір-бірімен жиі
араластыру керек. Ол үшін Қазақстанмен тығыз қарым-қатынаста болатын 
бір көпір болса, оны Елшілік арқылы мемлекет шешеді. Қазақ тілін білу 
міндетті болмай қалды, жастарға ағылшын тілін білу міндетті болып тұр, 
деп әңгімелейді (ХIV). Сөйтіп Еуропа елдеріндегі екі мындай қазақ 
дияспорасы Германия, Франция, Швеция, Голландия және Австрия секілді 
елдерде өмір сүруде. 2001 жылы мамыр айында сол қазақтардың бір бөлегі 
Германияның Кельн қаласында қазақтардың Еуропаға орналасуының 40 
жылдығын атап өтті, -деп жазды Әбдіуақап Қара [38].
Түркиядан Еуропа елдеріне жұмыс іздеп барғандар дамыған Батыс 
елдерінің қоғамдық тәртіп, заңды жұмыс режиміне бойы үйреніп 
қалғандықтан атамекенге оралулары екіталай. Егер Қазақстан ерекше 
қарқынмен дамып, құқықтық жағын реттесе елім деген азаматтардың
оралғысы да келетіндігін байқадық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет