Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет34/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Араб халыктары аты-жөндерімен келетін ибн сезі кіші әріппен бөлек жазылады: Әмір ибн Кулсум, ибн Халдун, ибн Сина, Тарафа ибн әл-Абд.


Араб атауларында келетін демеуліктер де алдыңғы сөзден бөлек, ал өзінен кейінгі сөзден дефис арқылы жазылады: жами’ат-тауа- рих, әл-Маджмағу л-илмий (“Ғылым академиясы” деген мәндегі тіркес), Китаб әл-Хамаса (Батырлар туралы кітап).
Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар да дефис арқылы кіші әріппен жазылады: Турсун-заде, Нахас-паша, Измаил-бей, Абдулла-бек.
Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі дефиссіз бөлек жазылады (ал орыс жазуында бұл дефис арқылы таңбаланады): Шыңғыс хан (орысша - Чингиз-хан), Тәуке хан(орысша - Тауке-хан), Жәңгір хан (орысша - Джангир-хан).
§ 78. Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен араларына дефис қойылады: 7-сынып (жетінші сынып), 15-үй (он бесінші үй), 50-километр (елуінші километр). Кейде реттік сан есім жасайтын, -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтары көрсетіліп жазылуы мүмкін, ол күнде де дефис сақталады: 7-нші сынып, 15-інші үй, 50- інші километр. Айды, жылды көрсететін цифр мен ай атын білдіретін сөз және жылы деген сөздердің арасына дефис қойылмайды: 8 наурыз, 1 казан, 1987жыл.


8. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕРДІҢ ЖАЗЫЛУЫ


§ 79. Жеке сөздердің басқы әріптерінен құралып қысқарған сөздер бас әріптермен жазылады, ол әріптердің ара-арасына ешқандай тыныс белгісі қойылмайды: БҰҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ҒА (Ғылым академиясы).
§ 80. Алғашқы сөздің басқы буынынан, соңғы сөздердің бас әріптерінен қысқарып жасалған сөздің алғашқы қысқарған буынының бірінші әрпі бас әріппен, қалғандары кіші әріппен жазылып, кейінгі әріптер бас әріппен жалғастырылып жазылады: КазТАГ(Қазақ Телеграф Агенттігі), КазМУ (Қазақ мемлекеттік университеті).
§ 81. Буындардан және буын мен тұтас сөз араласып қысқарған сөздер кіші әріптермен бірігіп жазылады: ауатком, Түрксіб.
§ 82. Адамның аты-жөні (көбінесе өз есімі мен әкесінің аты) қысқартылып, бас әріппен белгілегенде, әр әріптен кейін нүкте қой-ылады: А.С.Пушкин, М.Горький, М.О.Әуезов, С.Мүканов.


9. ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ


§ 83. Шылаулар, негізінен, бөлек жазылады: Қалам да, қарындаш та үстел үстінде жатыр. Қалам мен карындаш үстел үстінде жатыр. Мен әрі қаламмен, әрі қарындашпен жазамын.
Бөлек жазылатын шылаулар мыналар (алфавит тәртібімен): ал, алайда, әйткенмен, әрі, әлде, басқа, бері, бұрын, бірақ, біресе, бірде, гөрі, ғана (қана), ғой, дағы (сен дағы), да (де, та, те), деген мен, дейін, және, жуық (жүзге жуық), екеш (бала екеш бала да түсінеді), кейін, қабат, қарай, қаралы (жүз қаралы), қатар, құй, құйт, ма (ме, ба, бе, па, пе), мен (бен, пен), менен (бенен, пенен), мейлі, не болмаса, немесе, онда да, өйткені, сайын, себепті, сондыктан, сиякты (секілді, сыкылды), сон, сынды, ту- ралы, түгіл, шақты, шамалы, иле, шейін, үшін, я, я болмаса, яки.


§ 84. Да (де, та, те) шылауы бірақ, әлі, тағы, сондықтан, сонда, әйтсе, сөйтсе, және, қандай, сірә деген сөздермен жанаса қолданылғанда, олардан бөлек жазылады: бірақ та; әлі де (болса), тағы да (айтарым), сондықтан да, сонда да, әйтсе де, және де, қандай да болса, сірә да (Сірә да, бұл сөзіңіз естен кетпес. М.Әуезов).
§ 85. Сұраулық ше шылауы шы, ші болып айтылғанмен, ше түрінде жазылады: Мен он төрттемін, ал сен ше? (айтылуы - сен ші). Үлкендер жиналып болды, ал балалар ше ? (айтылуы - балалар шы).
§ 86. Ақ, ай, ау, мыс (міс), ды (ді, ты, ті) шылаулары өзінен бұрынғы сөзбен дефис арқылы жазылады: жақсы-ақ, жүрісін-ай, қарағым-ау, айтыпты-мыс, келіпті-міс, болған-ды, келген-ді.
Ойпырай, ойпырмай, япырау, япырмай, япырмау сияқты одағайлардың құрамындағы ай, ау шылаулары сөзбен бірге жазылады.
§ 87. Әдетте шылаулар жалғаулардан кейін келеді: Сен үйде қаласың ба, әлде киноға барасың ба? Әңгімені келістіріп айтасың-ақ. Мен осы үйдің ұлымын да, кызымын да.
Ма (ме, па, пе, ба, бе) сұлулық шылаулары және ақ, да шылаулары кейде жалғаулардан бұрын келеді. Ондайда бұл шылаулар қосылып жазылады. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары мы, мі, бы, бі, пы, пі болып өзгереді: Сен үйде қаламысың, әлде киноға барамысың. Әңгімені келістіріп айтадыақсың. Мен әңгіме айтуға жоқақпын. Мен осы үйдің ұлыдамын, қызыдамын.
§ 88. Да (де, та, те) шылауын осы тұлғалас септіктің жалғауымен; ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауын осы тұлғалас болымсыздықты білдіретін жұрнақпен; мен (бен, пен) шылауын осы тұлғалас көмектес септік жалғауымен; ше шылауын үстеудің осы тұлғалас жұрнағымен шатастырмау керек: да (де, та, те) тұлғасы жалғанып тұрған сөз кімде? неде? қайда? қашан? қайткенде? неткенде? деген сұрақтарға жауап берсе, жалғау болады да, сөзбен бірге жазылады. Басқа жағдайда шылау болады. Шылауды түсіріп айтқанмен, сөйлемнің жалпы мағынасы бұзылмайды. Жалғауды түсіріп айтып көргенде, сөйлем түсініксіз болып шығады. Мысалы: Ол менің жанымда (қасымда) келе жатыр (қайда келе жатыр? - жанымда). Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді (Жамбыл). Не гүлдеді? - жаным гүлдеді. Ал алдыңғы сөйлемді Ол менің жаным келе жатыр деп, да I тұлғасын түсіріп айтуға болмайды.
Ма (ме, ба, бе, па, пе) тұлғасы бар сөйлем ішінде сұраулық мән болса, ол тұлға шылау болады. Бұл шылау есімдермен де, етістікпен де, үстеумен де қолданыла береді: Мынау тау ма, төбе ме ? Бүгін күн жылы ма, суық па? Сен мына кітапты оқыдың ба? Оның келер күні ертең бе? Ал ма (ме, ба, бе, па, пе) тұлғасы тек қана етістіктермен тіркесіп, болымсыздық мағына беріп тұрса, ол жұрнақ болады да, сөзбен бірге жазылады: Жалған сөзді айтпа. Сен бүгін киноға барма.
Мен (бен, пен) тұлғасын және деген сөзбен алмастырғаннан (сөйлемдегі сөздердің орнын қозғамай) немесе мүлде алып тастағаннан сөйлем мағынасы бұзылмаса, ол шылау болады: Қалам мен қағаз үстел үстінде жатыр - Қалам және қағаз үстел үстінде жатыр - Қағаз, қалам үстел үстінде жатыр. Бұл тұлғаны алып тастауға немесе оны және шылауымен алмастыруға болмайтын болса, ол жалғау болады: Ол қаламмен жазды - Ол қалам жазды немесе Ол қалам және жазды деуге болмайды.
10. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ


§ 89. Одағайлар, көбінесе, естілуінше жазылады. Сондықтан бір одағай екі-үш түрлі болып жазылуы мүмкін: ойпырай, ойпырой, ойпыр- о-ой, ойпырмай, ойпырмау; япырмау, япырау; уа, аһ, уай, уау, уа-а-а, уһ.
§ 90. Бір сөздің екі-үш (кейде төрт рет) қайталанып айтылуы одағайларда жиі кездеседі, ондайда араларына дефис қойылады: әй~ әй, жә-жә, беу-беу, ха-ха-ха, ай-ай-ай, моһ-моһ, шөре-шөре.
Түбір сөз тұтасымен қайталанбай, жеке дыбыстары қайталанып айтылуы да (созып айту) одағайларға тән құбылыс, мұндайда да қайталанған дыбыстар дефис арқылы жазылады: еһе-һе-һе, қа-а-п, бәрекелді-і, ура-а-а, ә-ә-й.
11. БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ


§ 91. Сөйлем соңына қойылған нүкте, көп нүкте, сұрау белгісі және леп белгісінен кейінгі келесі сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады:
1) Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Ворошилов атындағы колхозда ұйықтамаған үй кемде-кем (Ғ. Мұстафин).
2) Япырау, мынау Тоғжан, Тоғжаным ғой мынау! Ербол-ау, мен қайда тұрмын осы? Мынау үйде мені шақырып отырған Тоғжан ғой
3) Абай жүрегі өзгеше бір еміреніп келеді. Кеуде де талай ыстық. толқын сезімдер сыя алмай, сығылысқандай... Өлең әнге оралып, еркеленіп келеді... Үзіле алмай ырғалады (М.Әуезов).
§ 92. Қаратпа сөздер мен одағайлардан және жоқ, иә деген сөздерден соң қойылған леп белгісінен кейінгі сөз бас әріппен басталып жазылады: Қозы! Жаттан жақын, қастан дос, ашудан ақыл тауып әкеле жатырмын! Жоқ! Бетің түзу!Аһ! Арманда кеттім-ау, Баян! (Ғ.Мүсірепов).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет