Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет37/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Белгілі бір республиканын ресми атауы емес, жалпы атағанда, бұл сөздер кіші әріппен жазылады. Мысалы: Әрбір тәуелсіз республиканың өнеркәсібі өркендетілуі керек.


Ал облыс, автономиялы облыс, өлке, аудан, ауылкеңесі аттарының бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылады: Алтай өлкесі, Ненец ұлт округі, Қарағанды облысы, Кеген ауданы, Жарқамыс ауылкеңесі.
§ 102. Мемлекеттердің аттары бас әріппен жазылады: Қытай, Жапония, Франция, Бразилия, Польша.
Кейбір мемлекеттердің күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады: Америка Құрама Штаттары.
§ 103. Агенттіктердің, радио, телекомпаниялардың аттары бас әріппен басталып жазылады: “Би-би-си (радиосы)”, “Азаттық (радиосы)”, “Америка дауысы (радиосы)”, “Қазақ радиосы”.
§ 104. Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, канал, жол, тарихи ғимарат т.б. аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Жібек жолы көшесі, Қызыл алаң, Мәдениет паркі, Панфиловшылар паркі, Гүл алаңы, Бейбітшілік бульвары, Эйфель мұнарасы, Милан соборы, Түрксіб темір жолы, Үлкен Памир трактісі (соңғы атауда екінші сөздің бас әріппен жазылуы ол сөздің өзінің жалқы есім болуынан).
Орыс және шетел қалалары көшелерінің, алаңдарының, парктерінің т.б. аттары орыс тіліндегі түрінде, бірақ орыс тіліндегі сын есім көрсеткішінсіз жазылады: Садово-Кудринск көшесі, Уолл-стрит, Гайд-парк.
Ал кейбір үлкен алаңдардың, кісі атына қойылған парктердің, “демалыс және мәдениет” деген сияқты жалпы қойылатын аттардың қазақша аударылып берілуі де мүмкін, бұл күнде ондай аттардың бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Мысалы: Қызыл алаң (Красная площадь дегеннің қазақшаға аударылып берілген түрі).
§ 105. Кейбір мемлекеттік мекемелердің, жоғарғы ұйымдардың күрделі атауларының әрбір сөзі бас әріппен жазылады (бұл әдетте емленің дәстүрлік принципіне бағындырылған жазу болады): Жоғарғы Кеңес, Министрлер Кабинеті.
§ 106. Мемлекеттік біркелкі мекемелердің, ұйымдардың, академиялардың, институтгардың, музейлердің, арнаулы үйлердің күрделі аттарының бірінші сөзі бас әріппен жазылады. Сондықтан олардың орысша атауларындағы бірінші сөз бен (яғни бас әріппен таңбаланған сөз бен) қазақшасындағы бас әріппен жазылатын бірінші сөз әрдайым бірдей (сай) келмеуі мүмкін. Мысалы: Ғылым академиясы - Академия наук, Тіл білімі институты - Институт языкознания, Шоқан Уәлиханов музейі - Музей Чокана Валиханова, Халық шығармашылық үйі - Дом народного творчества. Ал кей жағдайларда екі тілде де бас әріппен жазылатын бірінші сөз бір-біріне дәл келуі мүмкін: Мемлекеттік банк - Государственный банк, Үлкен театр - Большой театр.
Осындай атаулардың алдында солардың қосалқы анықтауыштары болуы ықтимал, бірақ оларды түсіріп айтқаннан атау өзгермейді. Ондайда қосалқы анықтауыштардың бірінші сөзі де (ол жалқы болсын, жалпы болсын) бас әріппен жазылады: Мемлекеттік академиялық Үлкен театр (Үлкен театр); Мемлекеттік Тарихи музей (Тарихи музей); Ғылым академиясының Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты (Тіл білімі институты), Мемлекеттік Опера және балет театры (Опера және балет театры).
Мекемелердің, ұйымдардың т.б. жеке бөлімдерінің, секторларының, институт пен университет факультеттерінің аттары кіші әріппен жазылады: Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімі, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің мектептер бөлімі, Алматы мемлекеттік университетінің филология факультеті.
Институт, университет, зауыт, шаруашылық, театр т.б. атауларының ішіндегі “мынадай адам” атындағы деген сөздер келсе, адам аты бас әріппен, атындағы деген сөз кіші әріппен жазылады: Әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университету, Абай атындағы Опера және балет театры,М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
§ 107. Халықаралық және шетелдік орталық ұйымдардың (кәсіподақтық, қоғамдық т.б.) атауларының бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Бүкіл дүниежүзілік кәсіподақ федерациясы; Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы; Демократиялық жастардың бүкіл дүниежүзілік федерациясы.
§ 108. Тырнақшаға алынып жазылған зауыт, фабрика, трест, комбинат, спорт қоғамдары, кәсіпорын, шахта, кинотеатр т.б. аттары бас әріппен жазылады. Егер олар күрделі атаулар болса (бірнеше сөзден тұрған болса), бірінші сөзі ғана (және солардың ішіне кіретін жалқы есімдер) бас әріппен жазылады: “Жеңіс” шағын кәсіпорны, “Қарағанды 3-бис”шахтасы, “Запорожсталь”зауыты, “Жетісу”аяқ киім фирмасы, “Арман”кинотеатры, “Еңбек”спорт коғамы.
§ 109. Кітап, газет, журнал аттары бас әріппен жазылады. Егер олар бірнеше сөзден тұрған күрделі аттар болса, бірінші сөзі ғана әне ішіне енген жалқы есім) бас әріппен жазылады. Кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттары текст ішінде қолданылғанда тырнақшаға алынып жазылады: ‘Абай ”романы, “Оянған өлке” романы, “Асауға тұсау” пьесасы, “Ана тілі”газеті, “Жұлдыз”журналы, “Қазақстан мектебі”журналы, “Атамекен” суреті.
§ 110. Аса маңызды тарихи дәуірлердің, революциялардың; уақиғалардың, мерекелердің аттары бас әріппен жазылады. Егер ол аттар күрделі болса, бірінші сөзі және кейбір атаулардың алдынан айтылатын ұлы деген сөз бас әріппен жазылады: Отан соғысы және Ұлы Отан соғысы, Бірінші мамыр, Жаңа жыл, Халықаралық бейбітшілік жылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет