Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет31/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

ДЕФИС АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР


§ 68. Қос сөздер, негізінен, дефис арқылы жазылады: бара-бара, жақсылы-жаманды, бірде-бір, жап-жақсы, апыр-топыр, сарт-сұрт.
Дефиспен жазылатын кос создердің түрлері мыналар:
а) Бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалған қос сөздер: биік- биік, лек-лек, лып-лып, тырс-тырс, көп-көп, алуан-алуан, жүре-жүре.
Мұндай қос сөздердің арасына -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -ды, - ді, -да, -де, -шы, -ші дәнекерлері және шығыс септік жалғауы қосылып та жасалады. Ондайда дәнекерлер қос сөздің бірінші сыңарына қосылады да, олардан кейін дефис қойылады: көзбе-көз, қолма-қол, бетпе-бет, жылма-жыл, жанба-жан, бірме-бір, көшші-көш, баршы-бар, қараптан-қарап, жылдан-жылға, бостан-босқа, тектен-тек, турадан- тура.
Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екінші сыңарына шығыс, көмектес, барыс жалғаулары немесе -ла+п, -ле+п жұрнақтары да жалғанады: бір-бірден, шет-шетінен, өз-өзінен, бас- басына, бет-бетімен, топ-тобымен, рет-ретімен, бір-бірлеп, мың-мыңдап, бірте-біртелеп, ақырын-ақырындап, қыт-қыттап, аз-аздап.
Бір сөздің қайталануынан жасалған кейбір қос сөздердің екі сыңарына да септік жалғаулары (шығыс және барыс) жалғанады: жылдан-жылға, қолдан-қолға, күннен-күнге, тектен-текке, сақтан- саққа.
Жалғау бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздердің кейде бірінші сыңарына, кейде екінші сыңарына жалғанып айтылады. Екі вариантында да араларына дефис қойылады: бір-бірімен - бірімен- бірі, бір-бірінен - бірінен-бірі, бір-біріне - біріне-бірі, бір-бірін - бірін-бірі, өз-өзінен - өзінен-өзі, өз-өзімен - өзімен-өзі, өз-өзін - өзін-өзі.
Алдыңғы сыңарына III жақ тәуелдік жалғауы жалғанып та бір сөздің қайталануынан қос сөз жасалады: аттысы-атты, жаяуы-жаяу, бары-бар, жоғы-жоқ, бірі-бір, екісі-екі.
Бір етістіктің болымды және болымсыз тұлғада тұрып қайталануы арқылы да қос сөз жасалады: барар-бармастан, келер-келмесі, кірер-кірместен, айтты-айтпады, барды-бармады.
ә) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі арқылы жасалған қос сөздер: ертелі-кеш, жақсы-жаман, күн-түн, азды-көпті, кешелі-бүгінді.
б) Екі сыңары да мағыналы қос сөздер. Олар көбінесе жинақтау мәнін білдіреді: ата-ана, мал-жан, құрт-құмырсқа, ыдыс-аяқ, ұрыс- қағыс, ат-арба, жаздым-жаңылдым, тапқан-таянған, билеп-төстеп, сылап-сипап, төрт-бес, он-он бес, отыз-қырық.
в) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз (бұл күнде түсініксіз) қос сөздер. Бұлардың түсініксіз компоненттері басқа түркі, монғол тілдерінде жеке қолданылатын немесе көнерген сөздер болады: бала-шаға, жолдас-жора, киім-кешек, жол-жөнекей, жүн-жұрқа, келін-кепшек, көрші-қолаң, кәрі-құртаң, телегей-теңіз, хабар-ошар, қиын- қыстау, құда-анда, көл-көсір, тоқты-торым.
Көбінесе қомсыну, кеміту мәнінде айтылатын жігіт-мігіт, ат- мат, жүрек-мүрек сияқты сөздердің бір сыңары мағынасыз тұлға болады.
Күшейткіш буын қосылып жасалатын қос сөздердің де бір сыңары мән-мағынасыз болады: тәп-тәуір, жап-жақсы, тұп-тура, дұп- дұрыс, сүп-сүйкімді, қып-қызыл, қап-қара, ап-алыс, мып-мықты.
Араларына да, де, та, те шылауын салып, етістіктің бұйрық рай тұлғаларынан жасалған анықтама (сипаттама) тіркестер дефис арқылы жазылады, шылау сөз бірінші компонентке қосылады: аста-төк (байлық), ұрда-жық мінез, уда-шу (айғай), келде-кет (болып отыру).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет