Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі


БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНА



бет44/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

2. БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН СЫЗЫҚША


§ 20. Бастауыш зат есімнен немесе заттанған (зат есімдік мәнге ие болған) басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Тіл қоғамдық құбылыс. Қаһарлы суық Мұзды мұхит - үстінен құс ұшпаған қырқасын, жан баспаған жапан түз. Жастар - біздің болашағымыз. Соңғы келген үшеудің ортасындағы - Құнанбайдың тағы бір тоқал шешесінен туған Жақып (М.Әуезов). Бүгін - сапарға аттанатын күн. (Бүгінгі күн - сапарға аттанатын күн). “Ойпырмай” - өкінуді білдіретін одағай. “Кейін”- демеулік шылау. “Тарақ” деген сөздегі “рақ”- бітеу буын. “А”- ашық дауысты дыбыс.
Атау тұлғадағы бастауыш не баяндауыш, не екеуі де тәуелдік, көптік жалғаулы болуы мүмкін. Ол күнде де бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Монолог - бір адамның пікір түйе сөйлеген сөзі. Әкесінің баласы адамның дұшпаны, адамның баласы - бауырың (Абай). Адамның ішкі сезімінің айнасы - көз (С.Мұқанов).
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы - бар жазадан ауыр жаза (М.Әуезов).
Ғашықтың тілі тілсіз тіл (Абай). Әлі де беделі - бедел (Ғ.Мұстафин). Күлкі қыздың күлкісі (С.Ерубаев).
Баяндауыштың алдында не артында ғана, ғой т.б. сияқты шылаулар тұрса, сызықша қойыла береді:
Қаланың қасында көз толатын табиғат шалқар көл ғана (С.Мұқанов). Даланы билеп алған жалғыз үн - күн сайын қатая түскен күзгі желдің уілі ғана (М.Әуезов). Адамды бақытты ететін - тек қана азат еңбек.


Ескертулер.1. Бастауыш атау тұлғадағы зат есімнен, баяндауыш жатыс септіктегі зат есімнен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Бүркітші тау басында, қағушы ойда (Абай). Мектеп үйі қалашыктың қақ ортасында.
2. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш сын есімнен болғанда, екеуінін арасына сызықша қойылмайды: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл (Абай). Күз түні ызғарлы, суық.
3. Бастауыш зат есімнен, баяндауыш атау не жатыс тұлғадағы сан есімнен (болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: 1936 жылы Жамбылдан жазылып алынған жырдың саны он алты. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде (С.Мұқанов).
4. Бастауыштан кейін оған жалғас сұрау есімдігі келген сөйлемдерде, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім болғанмен, сызықша қойылмайды: Жилин қандай адам? Қала мен селоның арасы қанша километр? Бүгінгі күн қай күн?.


§ 21. Бастауыш І, ІІ жақтық жекеше я көпше тұлғадағы есімдіктен, баяндауыш жіктік жалғауы түсірілген есімдердің біреуінен болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Мен - тауда ойнаған қарт марал (Махамбет). Біз - қырғауыл, сіз - тұйғын (Абай). Семья- шағын мемлекет, мен - президент, сен - премьер (Қ.Аманжолов). Сен - тоты құс бақта жүрген (Абай).


Е с к е р т у. Мұндайда баяндауыш жіктік жалғаулы болса, сызықша қойылмайды: Мен осы үйдің баласымын. Сіздер тәжірибелі мамансыздар. Мен көмірмін қалған өрттен (Абай).


§ 22. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сын есімнен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Жақсы - ісімен жақсы. Сұлу - сұлу емес, сүйген - сұлу.
§ 23. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылды: Үш жердегі үш - тоғыз. Екі бесіміз - он.
§ 24. Бастауыш ол, бұл, мынау, сонау, анау деген сілтеу есімдіктерінен жасалып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім немесе зат есім мағынасындағы басқа сөз табы болғанда, сілтеу есімдіктерінен кейін сызықша қойылады:
Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға (Абай). Сонау - біздің бие. Анау - емен ағашы. Бірақ бұл - қайтқаны емес, толғанып қалып, бірнеше тәсіл тапқаны (Ғ.Мұстафин). Соғысты біз сүймейміз ел жылатқан. Ол - ісі қанқұмардың қарғыс атқан (Жамбыл).
§ 25. Ол, бұл деген сілтеу есімдіктерінен болған бастауыштар өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, бастауышы қай сөз табынан жасалса да, одан кейін сызықша қойылады: Мұндай бастауыштары бар сөйлем өзінің алдындағы сөйлемдермен логикалық байланыста болады, сондықтан олар контекске қарай ажыратылады:
Тіл-тілдің қайсысында болсын сөз мағынасы көбіне осы метафора арқылы ауысады. Сөйтіп, бұл - сөз мағыналарының ауысу тәсілдерінің ішіндегі метафораның айрықша орын алатындығын көрсетеді (К.Аханов).


Ескертулер. 1. Бұл ережені орынсыз қолдана беруге болмайды. Анықтауыш деп танылып кететін қаупі жоқ жерде ол, бұл деген есімдіктерден жасалған бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ол біздің үйге келді. Ол кітап оқып отыр. Сол әңгімелерді ол аса шеберлікпен айтып береді (С.Мұқанов).
2. Ол, бұл деген есімдіктерден болған бастауыштар көпше тұлғада (олар, бұлар) тұрса, олардан кейін сызықша қойылмайды: Бұлар өндіріс озаттары (Бұл - өндіріс озаты дегенмен салыстыр). Олар би-старшын, бай-бағылан емес, сын кезеңдерде ел салмағын тәуекелшіл сом иықпен берік көтеретін өжет жандар (М.Әуезов).


§ 26. Бастауыш жұрнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен немесе жұрнақты етістіктен және керісінше болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Елдің шетін күзету - ең ардақты правоң (Жамбыл). Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу ой мешеулігі (Ғ.Мұстафин). Аз сөзді, көп мағыналы болу - мақал-мәтелдерге тән құбылыс. Мектептің міндеті - оқушыларға жан-жақты білім беру және тәрбиелеу.
§ 27. Бастауыш -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Бұған таяу отырған Ыбырайдың Ысқағы (М.Әуезов). Көпір біткен - соғыс тұмсығының қатты қадалатын жері (Ғ.Мұстафин). Алтын орден алғаным - терең жырдың тиегі (Жамбыл). Менің жазып отырғаным - теңіз үстінде кездескен көріністерден, жолыққан адамдардан білгендерім (С.Мұқанов). Абайды таң еткен - сол екі жігіт (М.Әуезов). Ән шырқаған - сол. Станцияға ең кеш келген - осы.
§ 28. Бастауыш зат есімнен не сілтеу есімдігінен, баяндауыш есімшеден болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды, өйткені мұнда есімше өзінің етістік қызметінде қолданылады:
Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт Абайды таңдандырған.
Ал баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Осы кездік саған тартқаным (соңғы есімше тұлға “тартқан сыйым” деген заттық мағынада қолданылып тұр). Енді осы - тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов).
§ 29. Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, екіншісі, алдыңғысы, соңғысы деген заттанған сан есім, сын есімдерден және көбі деген сөзден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен не жұрнақты етістіктен (және керісінше) болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады:
Пвесада (“Шыңырау түбінде”) бір-біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі: оның бірі - көнбістікті, төзе берушілікті уағыздайтын аяушылық идеясы, екіншісі - адам күшіне сену, оны өмір үшін күрес- кеи шақыру идеясы (“Қазақ әдебиеті”). Жаяу Мұса - Біржан бастаған Арқадағы әншілер тобының көрнектілерінің бірі (М.Әуезов). Горькийдің реалистік шығармаларында суреттелетін образдардың көбі - өмірдің азабын шеккен, қорлық, зорлық көрген таптың өкілдері (“Қазақ әдебиеті”).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет