Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет43/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

    Бұл бет үшін навигация:
  • (А.С.
Е с к е р т у. Сөйлем ішіне оның бір мүшесі ретіңде кіргізілген дәйексөзге (олар толық алынбаса да) көп нүкте қойылмайды:
Қазірде де кейбір талантты жазушылар қаламынан шыққан “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерліктей” сөз түйдектерін кездестіруге болады (К.Аханов).


§ 18. Көп нүкте қойылуға тиісті сөйлем лепті не сұраулы болып келсе, әуелі леп белгісі (сондай-ақ сұрау белгісі), одан кейін қатарынан екі нүкте қойылады:
Ой, тәйір алғыр!.. Бұл кім өзі? - деп ашумен сырт айнала беріп Абайды көрді де: - Ой, Абай, сенбісің?.. Ай, шырағым-ай, бір тыныш жерде отырсаң етті!..- деді (М.Әуезов).
Кейде коп нүкте қойылуға тиісті сөйлем әрі лепті, әрі сұраулы болып келсе, әуелі мағынасына қарай не леп, не сұрау белгілері, олардан соң бір нүкте қойылады:
Ән салған жылқышының дауыстары да кейде шырқала, кейде баяулай естіліп жатады... Ол да маған таныс түндер... Көл ше?!. Алуа ше ?! (С. Мұқанов).
§ 19. Лептік те, сұраулық та мәні бар сөйлемдерден кейін екі белгі қабат қойылады. Сұраулық мәні басым болса, әуелі сұрау белгісі және керісінше қойылады:
Кешіре көр, тақсыр балық,
Не кылмақсың бұл ессізге ?! (А.С.Пушкин).
Отаным, еркелегем өзге кімге?
Өзіңмен нені болсын көргем бірге!
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде!?(Ғ.Орманов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет