Е с к е р т у. Бастауыш бірі, біреуі, екіниіісі, біріншісі, көбі деген сөздерден, баяндауыш атау тұлғадағы зат есім мен -у жұрнақты етістіктен басқа сөз таптарының бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Ойыл екеу.бірі ащы, бірі тұщы (Ғ.Мұстафин).
§ 30. Бастауыш өз ішінен сөйлем мүшелеріне ажыратылатын күрделі тіркестер болып келсе, бастауыштан кейін сызықша қойылады (жазу тәжірибесінде көбінесе шатасып қос нүкте қойылып жүр, ол дұрыс емес): Біздің жауабымыз - Оралбайды білмейміз (М.Әуезов). Мұндағы баяндауыш - (біз) Оралбайды білмейміз; оның өз ішінде бастауышы (біз), толықтауышы (Оралбайды), баяндауышы (білмейміз) бар, сондықтан бұл күрделі баяндауыш сөйлемнің бастауышынан сызықша арқылы бөлінеді. Келесі мына мысалдарда да баяндауыштар осылайша өз ішінен сөйлем мүшелеріне ажыратылатын күрделі болып келген: Бар ойы - өлең айтып, ән салалық (Абай). “ Сор ”дейтінім - сабақ оқытатын молданы мен жақсы білемін (С.Мұқанов). Сенің білмегенің - мен жаңа кеп қосылып отырмын (М.Әуезов). Бір ескертетін нәрсе - оқушылар айтқан сөзге көңіл қойып, зерек отыру үшін күн ілгері ескерту жолын да қолданады (Әдістеме құралынан). Өсиетім - шындықты, адалды сүй (Жамбыл). Сейлемнің бір бөлігі мұның себебі, оған себеп деген сияқты сөздерден жасалып, екінші бөлігі тұтас сөйлем болып келетін жағдайлар да осы ережеге бағынады. Мұнда да сөйлемнің екі бөлігі бір- бірінен сызықша арқылы айрылады: - Кесіп айтайын, ашық шахтаға рұқсат берілмейді. - Себеп? - Бірінші себеп - Қарағанды жағдайында ашық шахта бола алмайды. Екінші себеп - бола алған күнде оны біз емес, жергілікті отынөндірісі министерствосы ашу керек (Ғ.Мұстафин). § 31. Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа бір мүшесімен шатасып кететін болса, одан кейін сызықша қойылады (мұндайда баяндауыш қай сөз табынан, қандай тұлғадан жасалғаны шарт емес). Айтуда бастауыштан кейін пауза болады. Мысалы: Отыз - алтыға қалдықсыз бөлінеді. Бұл сөйлемде сызықша қойылмаса, әңгіме 30 саны туралы емес, 36 саны туралы деп ұғынылар еді. Мен білмейтін - жер астында дегенде білмейтін сөзінен кейін сызықша тұрмаса, бұл сөз бастауыш емес, жер сөзінің анықтауышы деп ұғынылар еді, ал сөйлемнің сызықша қойылғанда беретін мағынасы “мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады” деген сияқты. § 32.Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз табынан болып, баяндауыш болымсыздықты білдіретін емес сөзі тіркескен есімдердің бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Туысым - аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар (М.Әуезов). Сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу (мақал). Эпопеядағыдай бұларда үстем болып отырған - оқиға емес, драмадағы тәрізді, адам (“Қазақ әдебиеті”). Жатақтарды қосып отырған - ру ұраны емес (М.Әуезов). § 33.Бастауыш алды (алдым, алдың), арты (артым, артың), қасым (қасы, қасың), үсті (үстім, үстің), асты сияқты көмекші есімдердің жалаң өзінен болып, баяндауыш та есім сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Адасқанның алды - жөн, арты - соқпақ (Абай). Үстім - кок, астым - теңіз, атым– кеме Арқырап ту толқынмен арпалысқан (Т.Жароков). § 34.Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдердегі баяндауышқа еді, екен, болды, болады, болатын, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Тіл коғамдыққұбылыс болып табылады (Тіл – қоғамдық құбы- лыс дегенмен салыстыр). Орысша киінгенжігіт Досанов Асқар еді (ал: Орысша киінген жігіт - Досанов Асқар). Туысым өзіммен мұңы бір жатақтар екен. Елімізді жаудан қорғау Жамбыл өлеңдерінің негізгі тақырыптарының бірі болды. § 35.Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдерде бастауыштан кейін қыстырма сөздер тұрса, сызықша қойылмайды. Пьесадағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлер арасындағы күрес, дұрысында,ескі дүние мен жаңа дүниенің арасындағы болып жатқан таптық күрес. Челкаш та, сайып келгенде,Гаврила секілді, жеке меншіктің құрбаны болған адам (“Қазақ әдебиеті”). Бөжей де, Құнанбай сияқты, феодалдық-рушылдық қоғамның мықты болғанын тілейтін феодал (М.Әуезов). § 36.Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сейлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін, бастауыштан кейін сызықша қоюға болады. Ер – егесте (сыналады), нар - кешуде (сыналады). (М.Әуезов). Асыл - тастан (шығады), ақыл - жастан (шығады). Қой – қозыдан (өреді) (мақалдар). Біреуі - көк (тағысы), біреуі - жер тағысы (Абай). § 37. Ол - ол ма, бұрынғы - бұрынғы ма, бұл - бұл масияқты қыстырма сөз тіркестері араларына сызықша қойылып жазылады: Бұрынғы - бұрынғы ма,оның салтанаты тіпті артып кетті. Ол - ол ма,әңгіме одан сайын күшейе түсті. § 38.Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген (дегенім, дегенің, дегені) деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Сөйлем дегеніміз - тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі(“Грамматика”). Мия дегеніміз - қоймалжың қорыс батпақ. Гипотеза дегеніміз - ғылыми жорамалдар.Қарағанды деген – байлық қой жатқан (Ғ.Мұстафин). (Қарағанды деген жер - жаткан байлық). Көрдім деген - көп сөз (Көрдім деген сөз - көп сөз). § 39. Де етістігінің алдында келетін, бірақ төл сөз емес құрылым өз алдына сөйлем болса, оның бастауышы мен баяндауышының арасына қойылуға тиісті сызықша сақталады: Жазушы өз шығармаларында қоғамдағы зұлымдықты жоя алатын күш - адамның өзі деп, еңбекші халықтың күшіне сенім білдірді. § 40. Суреттеме мазмұнды атаулы сөйлемдердің ішіне сызықша қойылмайды, өйткені олар бастауыш, баяндауышқа бөлінбейді: Ортада үстел. Сол жақта диван. Диван үстінде кішкене жастықтар. Орман. Бірінің соңынан бірі келе жатқан адамдар. Әркімнің арқасына таңылған бір-бір рюкзак (соңғы сөйлемдегі таңылған деген сөз - бастауыш емес, анықтауыш). § 41.Сөйлем мүшелерінің әдеттегі орны ауысып келген сөйлемдерде (көбінесе өлеңдерде) орынсыз сызықша қойылмайды. Мысалы: Сенсің жан ләззаты, Сенсің тән шәрбаты (Абай) деген өлең жолдарының қара сөзбен айтқандағы құрылысы: Жан ләззаты сенсің, тән шәрбаты сенсің немесе: Сен жан ләззатысың, сен тән шәрбатысың болар еді. Сондықтан бұл құрылымдардың қай-қай түрінде де сызықша қолданылмайды. Өзімдей өскен бірге кұрбыларым: Бірі – әнші, бірі –малшы, бірі – ғалым... Осылар батырлары бай еңбектің, Осылар сақтаушысы жер мен көктің (Ә. Тәжібаев) Бұл сөйлемнің қара сөздік құрылысы: Бай еңбектің батырлары осылар, жер мен көктің сақтауіиысы осылар болар еді, сондықтан мұнда да ешқандай сызықшаның қажеті жоқ. § 42. Бастауыш болып тұрған сөз баяндауыштың құрамында қайталап, бастауышқа жалғас тұрса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Физикалық, денелерден құралған заттар сол калпында:шыны - шыны қалпында(қалады),парафин - парафин қалпында (қалады),мыс – мыс қалпында қалады (“Химия оқулығы”).Жамбыл-Жамбыл болғалы, Есіткен талай батырды (Жамбыл).
3. ҚАРАТПА СӨЗДЕРДІҢ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
§ 43. Жанды, жансыз заттарға қарата айтылған сөздер (қаратпалар) сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен ажыратылады. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, үтір оның соңынан, ортасында тұрса, екі жағынан, соңында тұрса, одан бұрын қойылады: Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат. Жүрегім,нені сезесің! Сөз түзелді, тыңдаушы,сен де түзел(Абай).Тыңда, дала,Жамбылды (Жамбыл).Тыныштал! Тынышталшы, Абайжан! (М.Әуезов). § 44. Қаратпа сөздің алдында өз анықтауыштары болса, олар қаратпа сөзден тыныс белгісімен бөлінбейді. Қаратпа сөз анықтауыштарымен тұтасып, сөйлемнің басқа мүшелерінен үтірмен ажыратылады: Қарағанды шахтёрлері, үр еңбектің дабылын! (И.Байзақов) Пернеге бауыр басқан кәрі бармақ, Арынын домбыраның шыңға самғат! (Жамбыл) Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін десең өзің біл.(Абай)
§ 45. Алдынан не соңынан келген эпитет сөздері бар қаратпалар да тұтас тізбек құрайды, эпитет пен қаратпа сөз бір-бірінен тыныс белгісімен ажыратылмайды: Жарайды, Абай аға,қаршыға жайында ма? Әй, шырағым балам, ар жағыңда әкең тұр. Қарағым Қамқа,бүгін күн жұма ғой осы?(М.Әуезов).Жолдас командир,қасында мың шақты адамы бар Павел Громов келіп тқр(Ә.Әбішев).Оның рас шығар, жан анам! (Ғ.Мүсірепов).