Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі


б) секілді, сықылды, тәрізді... сөздерінің тіркесуі арқылы...(Қазақ тілі оқулығы.) § 11



бет59/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

б) секілді, сықылды, тәрізді... сөздерінің тіркесуі арқылы...(Қазақ тілі оқулығы.)
§ 11. Кітаптағы тақырыптардың атынан кейін нүкте қойылуы да мүмкін.


2. СҰРАУ БЕЛГІСІ


§ 12. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады (II тараудағы § 5, 6-тарды қараңыз).
§ 13. Сұраулық мәнін ерекше көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін (II тараудағы § 8-ты қараңыз).
§ 14. Автор мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде, дәйексөздің ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін жақша ішіне алып не сұрау белгісін, не леп белгісін, не екеуін қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. бұл, көбінесе, сын-библиографиялық шығармаларда кездеседі:
Осы сөйлемді аудармашы былай аударады: “Гүлді орамал жауып, төрт таған столға қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана көзінде еміне тіленген жалыныш, үміт болғандықтан, Левин соған қарауға да шошиын деді”. Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған: ломберный стол - төрт таған стол (?), солфетка - орамал, образ - сурет (?), выражение - болғандықтан, устремленных - телмеңдей, в больших - бадана, страстная - еміне. Ә.Нұрпейісов “Анна Каренинаның” аудармасы).
IІоэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды да айтпай кетуге болмайды:


Еңбек - кеме, матрос - мен кемеде,
Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет