Сен дегендеойым таза(саған арналған ойым таза).Оспан деген- әдепті бала (Оспан атты бала - әдепті бала). в) Кейбір сұрау және белгісіздік есімдіктері де сөзінің тұлғаларымен тіркескенде, сұрау интонациясымен ерекше бөлінбесе, тел сөз болмайды. Мысалы: Сен не дедің? Ол ештеңе деді ме? Мен оған былай дедім. Де етістігі бірқатар есімдіктермен тіркескенде, оны айтты деген етістікпен алмастыруға болатын болса, төл сөзді сөйлем болмайды: Сенне дедің? - Сенне айттьң?Олештеңе демеді– олештеңе айтпады. г) Де етістігінің тұлғалары тұрақты сөз тіркесінің құрамында келгенде, төл сөз белгісі болмайды: күн демей, түн демей, ай десе аузы, күн десе көзі; ә дегенде; әудем жер; әй дер ажа, қой дер қожа жоқ; әрең дегенде; керек десең т.б. ғ) Баяндауышы деетістігінің қатысуы арқылы жасалған бағы- ныңқы сойлемдер тол соз болмайды: Сен келе ме деп, мен күн ұзын үйде отырдым, Айбала сүйікті көретін қайың сіңлісінің қуанышты сезімін бұзбайын дегендей, аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды: Сабақ қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С.Мұқанов). Бүгін тіпті Байжан келмей қалмайды деп, үй ішін де жинастырып, күтініп отыр еді (Ғ.Мүсірепов). д) Сөйлем ішінде белгілі бір сөзге (әсіресе қаратпа сөздерге) баса көңіл аудару үшін деймін деген сөз тіркесе айтылғанда, ол төл сөзді құрылым болмайды: Әй, Баянды деймін, осы дүниені Қызылжарға апаратын менмін ғой (Ғ.Мүсірепов). Түсімде деймін үлкен дарияның жағасында тұрмын. Тоқта деймін, тоқташы. § 121. Төл сөз де етістігінсіз айтылып, заттық мәнге ие болады да, сөйлем мүшесі болып тұрады. Мұндай төл сөзге зат есімге тән септік, тәуелдік т.б. жалғаулар жалғана береді. Бұлар тырнақшаға алынып, бас әріптен басталып жазылады, оның өзі сұраулы сөйлем болса, тырнақшаның ішіне сұрау белгісі, лепті сөйлем не лепті сөз болса, леп белгісі қойылады; ал хабарлы сөйлем не жеке сөздерболса, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мұндай құрылымдардың алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері де (қос нүкте, сызықша) қойылмайды. Жалғанған қосымшалар тырнақшаның сыртына дефис арқылы жазылады. Мысалы: Жабайы кісі болса, “Молчать!” - дер еді пристав, Итбайдың Кривоноспен жақындығы барын білетін ол олай жекіре алмады. Бірақ Молчать”-ты көз қарасымен ұқтырам дегендей, адырая қарады. Мен оңай таптым, - деді Ботагөз. - Қала ғұрпында сүйгенін айтқызады, сүйгеніңіз кім ? (Асқар) жан-жағынан қуғын қамап, қайда барарын білмей жалпақтап қашқан қояндай, “Сүйгенім сен”-ді ай- тып кала жаздады (С.Мұқанов). Есжан алғашкыдай емес, кыры сынып калыпты. Жомарт есепте- ріне жаксы түсінбесе де, Жомарт сөзі бұлтартпады. Бірак күп деуге батылы бармай отыр.“Болса жақсы, болмаса”-ға тіреле береді. - Қанша берер екен ? - Берсе, бір бестен кем бермес. - “Берсе”-ңізне?! “Бес”-іңізбір айдың ғана жалакысы (Ғ.Мұстафин). “Боламын”-мен жүргенде, болат қайтып, Жалын сөніп, жас жүзін басады әжім(Абай). “Ел жатса да, енекем жатпайды”біз ғой (М.Әуезов). -Сонымен бізбен бірге елге жүресің ғой, Ботагөз? -Қайдан білейін. - “Қайдан білейін”-діқой (С.Мұқанов). § 122. Де етістігінің қатысуы арқылы жасалған нақты бастауышы жоқ жақсыз сөйлемдер де төл сөз болмайды (олар орыс тіліндегі “говорят, что...” деген құрылымда жасалатын сөйлемдерге ұқсас келеді). Мысалы:
Қытайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар дейді.
Осы күні сол ара Жайнаған қызыл гүл дейді. Дейді түні жап-жарық, Қыста да гүлі гүлдейді (Н. Байғанин).
§ 123. -Айын, -ейін жұрнақты етістік пен де етістігі тіркесіп келіп, қалау, тілек мәнді сөйлемдер жасалады, олар да төл сөзді құрылым болып саналмайды: Киноға барайын деп едім. Бөлтірік қашайын деп еді, күзен ытқып келіп, желкесін қырқып алды. § 124. Төл сөз бен автор сөзін байланыстырып тұрған деп етістігінен кейін төл сөзге қатысты етістік келсе (деп сұрады, деп ойлады, деп үн қатты, деп айғайлады, деп сыбырлады т.б.), деп-тен кейін үтір қойылмайды. Мысалы: Абай Асылбайдан: - Қалада не хабар бар? - деп сұрады (М.Әуезов). “Егер Амантай аман болса, кескіні маған ұқсайдьі, мен інісі едім дейін ”, - деп ойлады ол (С.Мұқанов). Егер деп-тен кейінгі етістік төл сөздің айтылуынан соң болатын істі білдірсе, деп-тен кейін үтір қойылады: - Тұр! - деп, біреу қаттырақ дауыспен оятты (С.Мұқанов). - ...Бірақ ондай-ондай сән табылар, ән табылмайды ғой! - деп, шімірікпей күлді де, жастарға қарай бұрылды (М.Әуезов). - Бір сағаттан кейін сыртқа шығарсың, Сикорскийдің конторына кел, - деп, кейін қарай бет алды (Ғ.Мүсірепов). § 125. Төл сөзден кейін де етістігінің десе, дегенмен, дегенде, деген соң, дегенше, дегеннен кейін, деді де тұлғалары тұрса, бұлардан соң үтір қойылады. Бұлардан кейінгі сөздер автор сөзі болмай, төл сөз болса, қос нүкте қойылады. Мысалы: Бозторғайды аяған жұрт: “Бұ бишара неге төмен қарай ұмтылмайды, неге жоғарылай береді?” - десе, біреу: “Төмендесе-ақ қағып түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады”, - дейді. Балалар: - Айдағанға көне ме ол, ата? - десе: - Неге көнбейді? - дейді Ораз (С.Мұқанов). Әшірбек сонда да азсынып: - Неге ақырын? - дегенде: - Қатты көмір, - деді Әкім (Ғ.Мұстафин). § 126. Төл сөзден кейінгі де етістігі деді, деп еді, дейді, деген еді сияқты тиянақты тұлғаларда тұрса, одан кейінгі автор сөзі өз алдына тиянақты не бағыныңқы сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады: Менің есебімді бер! - деді ол, Кенжетай ұсталып кеткесін (С.Мұқанов). - А... Мен өзім де солай шығар деп ойлап ем... - деді де, Быков өз жөніне кетті (Т.Мүсірепов). - Алма, сен жақсы салдың еске! - деді Жанат, есіне жаңа түскендей Ғ.Мұстафин).
ІІІ Тарау
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРІ
1. НҮКТЕ
§ 1. Нүкте хабарлы сөйлемдерден және екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады (§1, 3, 7, 10, 13-тарды қараңыз, мұндағы жақша ішінде көрсетілген цифрлар II тараудағы “Пунктуация ережелерінің” параграфтарына сілтейді). § 2. Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен кейін қойылады (II тараудағы § 2-ты қараңыз). § 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады. Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын куысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп - қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов). § 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Мысалы: Петр. Бұл неменеі Амангелді. Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген сияқты (Ғ.Мүсірепов). Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады: Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов). С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба? (Ә.Әбішев). Пьесадағы кейіпкердің сөзінің ішінде келген ремаркаға байланысты тыныс белгісі былайша қойылады: а) Ремарка екі сөйлемнің арасында тұрып, өзінен кейін айтылған сөйлемге (не сөйлемдерге) байланысты болса, кейіпкер сөзінің ремаркаға дейінгі сөйлемінен кейін (яғни ашылатын жақшаның алдынан) сол сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады. Ремарка жақшаға алынады да, бас әріптен басталып жазылады, жабылған жақшаның ішінен нүкте қойылады, жақшаның сыртынан ешқандай тыныс белгісі қойылмайды, кейіпкер сөзінің екінші бөлігі бас әріптен басталып жазылады: Петр.Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді. (Амангелдіге.) Сен бара түр, мерген, бір айналып соғарсың.(Ғ.Мүсірепов). Т е м і р. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бэрін де естідім.(Ә.Әбішев). ә) Ремарка кейіпкер сөзінің ішіндегі бір сөйлемнің арасында болса және мағына жағынан соған тікелей қатысты болса, жақшаға алынып, кіші әріптен басталып жазылады, жақшаның алды-артына және ішіне ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Кейіпкер сөзінің ремаркадан кейінгі жалғасы кіші әріптен басталып жазылады: Амангелді.Жок, қарағым, ескі еншіден қүтылғалы келдік де. Бірак(әйелге жақындап) жаңа еншіні тізе бүгіп, жалынып сүрап аламыз ба? (Ғ.Мүсірепов). § 5. Кейіпкердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін, көбінесе, жақша ішіне нүкте қойылады: М ы р қ а л. Інісі бар болсын! Менде Абзалдан баска іні бар ма? (Телефон шырылдайды.) (Ә.Әбішев). Қ о з ы. Кіре бер шатырға. Күткенін естіртуім. керек. (Баян шатырға кіреді. Қозы Қодарға келеді.) Амандык ағадан емес пе еді, Қодар мырза!(Ғ.М үсірепов).