Е с к е р т у. Мұндайда нүкте жақшаның сыртына қойылуы да мүмкін.
§ 6. Дәйексөздің, келтірілген мысалдың қайдан екенін, иесін көрсететін сөздер жақшаға алынады. Егер ашылған жақшаның алдында ешқандай тыныс белгісі болмаса, жақша жабылған жерге нүкте қойылады:
Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай).
Егер ашылған жақшаның алдында нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі не көп нүкте тұрса, нүкте жақшаның ішіне қойылуы мүмкін:
Егер жау берілмесе, оны құртар болар! (М.Горький.) Бұлақты таудан арна ақса, Теңіз болар аяғы.(Жамбыл).
___________________
“Анықтағыштағы” пунктуация ережелері синтаксистік құрылысқа қарай (мысалы, сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері, оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері т.б.) баяндалды. Мына “Қосымшада” әрбір тыныс белгісінің жалпы қай орындарда қолданылатындығы туралы ережелер жинақтап берілді. Жазып отырған адам белгілі бір тыныс белгісінің өзі күдіктенген жеріне қойылатын-қойылмайтындығын осы “Қосымшаға” қарап тауып ала алады. Ал оны дәлірек білгісі келсе, “Пунктуация ережелері” деген тараудан қай бапты (параграфты) қарау керек екендігі көрсетілді. Сонымен қатар “Қосымшада” пунктуация тарауында айтылмаған кейбір ережелер берілді. Мысалы, драмалық шығармалардағы тыныс белгілері, тырнақшаның қолданылуы т.б.
§ 7. Бас әріптерінен немесе басқы буынынан шартты түрде қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттарының сол қысқартылған әрпінен не буынынан сон нүкте қойылады:
Н.В.Гоголь, Конс.Симонов, С.Мұқанов, А.Құнанбаев, Шығ., I том.
§ 8. Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қолданылғанда, олардан кейін нүкте қойылады: т.б., т.с., т.т.
Бұлардан басқа қысқартылып нүкте қойылатын сөздер:
ж.- жыл; ғ.- ғасыр; сек.- секунд; мин.- минут; сағ. - сағат.
§ 9. Мынадай қысқартуларға нүкте қойылмайды:
а) Бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің немесе буындарының арасына нүкте қойылмайды: КазМУ, ауатком.
ә) Ұзындық, көлем өлшемдерінің және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: км, м, см, га, л, v (вольт), а (ампер), С (Цельсий).
§ 10. Санамалы нөмірді (ол нөмірдің алдынан кей жағдайларда § белгісі тұруы да мүмкін) белгілейтін айшықсыз (жарты жақшасыз) қолданылған цифр не әріптен кейін нүкте қойылады.
Ш.Уәлиханов өзінің “Қарқаралы округы болысының қыстаулары” атты мақаласында кісі аттарынан қойылған микротопонимдерінің әрбір руға тәндігін айтқан.
1. Надан Тобықтының қыстаулары: Қошқар, Қазанқап сайы, Көрпетай т.б.
2. Төлеңгіттер қыстауы: Төлебике сайы...
3. Тарақты руының қыстаулары: Матайадыр, Жотан, Текебай... (Т.Жанұзақов).
Цифрдан немесе оның орнына алынған әріптен кейін жарты жақша (айшық) қойылса, одан кейін нүкте қойылмайды:
Теңеу сөзге белгілі бір жұрнақтар қосылу немесе кейбір сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады.
а) сөзге -дай, -дей... жұрнақтары жалғануы арқылы...
ә) сөзге -ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы...
Достарыңызбен бөлісу: |