1
Реформатский А.А. Мысли о терминологии // Современные проблемы
русской термииологии М.: Наука, 1987. - 197 с.; Суперанская А.В.,
Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: Вопросы теории. -
М., 2003. -245 с.
2
Әбдірәсілов
Е.
Лингвистикалық
терминдердің
семантикалық
қатынастары. Кандидаттық диссертация. - Алматы, 1999. - 145 б.
75
Терминологиялық өрісті терминолог-мамандар терминнің өмір сүруші
аймағы ретінде қарастырып жүр. Әрі терминологиялық өріс ұғымы –
терминологиялық жүйемен тығыз байланысты терминологиялық жүйенің
екінші атауы. Сондықтан белгілі бір ғылым саласының терминологиялық
өрісі болып табылады. Сол себепті, терминдерді семантикалық тұрғыдан
талдау барысында оларды терминологиялық өріс ұғымымен тығыз
бірлікте, сол өріс аясында қарастырған орынды.
Сондай-ақ, терминологияға қатысты кейбір еңбектерде терминдерді
арнайы мәлімет беретін ақпараттық элемент ретінде қарастырады. Бұған
қарағанда әр терминді ақпарат беруші терминдік таңбаның ішкі мазмұны
ретінде қабылдаған орынды. Мұндай тәсіл әрі терминдік таңба мен оның
ішкі мазмұнының арасындағы байланысты, терминдік тұлғаның таңбалық
қасиетінің өзіндік ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.
Терминдердің сол ғылым саласының ұғымдары туралы мәлімет беретін
ақпараттық элемент ретіндегі жекелеген семантикалық белгілерімен қатар,
олардың арасындағы жүйелік, семантикалық қатынастары да зерттеліп,
белгіленуі қажет. Осы тұрғыдан тіл білімінде тілдік бірліктерді
семантикалық мағынасына қарай қарастыра отырып жүйелеудегі зерттеу
бағыттарының бірі – тілдік бірліктердің ақпараттық-ізденіс тіліне
бейімделген семантикалық байланыстарын, қатынастарын анықтау,
олардың тілдік бірліктерді жүйелі, сатылы түрде ьеруге бейімделген
түрлерін белгілеу. Бұл тәсіл – олардың араларындағы шартты
семантикалық қатынас түрлерін айқандаудың да алғышарты.
76
Семантикалық қатынас түрлері сөздік жасауға әрі олардың жүйе
ішіндегі орнын көрсетіп беруге тиімді болып белгіленуі тиісті.
Яғни, семантикалық қатынас түрлері тілдік бірліктің жүйе ішіндегі
басқа тілдік бірліктермен жәис терминологиялық өріс ішіндегі терминнің
басқа терминологиялық өрістегі терминдермен де жүйелік, мағыналық
байланыстарын талдап, жүйедегі орнын белгілеп бере алатындай болып
қабылдануы
тиісті.
Немесе,
басқаша
түсіндірсек,
белгіленген
семантикалық қатынас түрлері бойынша терминдер туралы жан-жақты,
жүйелі ақпарат берілетіндей болуы керек.
Сонымен, бұл тәсіл - терминдерді семантикалық, ұғымдық тұрғыдан
талдау барысында қолданылатын екінші тәсіл. Аталған тәсіл - тіл
біліміндегі тілдік бірліктерді жүйелеу мақсатындағы лексикографиялық,
терминографиялық
қолданбалы
тәсіл.
Сондықтан
терминдердің
семантикалық қатынастарын шартты түрде белгілейтін жұмыстың
қолданбалы сипатын атап өткен жөн.
Орыс және батыс тіл білімінде жалпы лексикалық қордағы сөздер мен
терминдердің семантикалық қатынастары кең ауқымда қарастырылып,
олардың идеографиялық сөздіктері жасалған. Сонымен, терминдерді
ұғымдық тұрғыдан түсініп зерттеудің бірінші бағыты жоғарыдағы
айтылып, қарастырылған әр жеке терминнің семантикалық мағынасына, әр
терминдік бірліктің, яғни терминдік элементтің ұғымдық белгілеріне,
өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау тәсілі болса, екінші тәсіл бойынша
әр тілдік бірліктің, терминнің жүйедегі (тілдік, терминологиялық) орнын,
семантикалық мағынасын белгілеу нәтижесінде олардың арасындағы
77
негізгі семантикалық қатынас түрлері анықталады немесе керісінше,
алдын-ала белгіленген семантикалық қатынас түрлері бойынша әр
терминнің тілдегі орнын көрсететін жан-жақты ақпарат алынады. Бұл
ақпараттар сөздіктің негізгі мазмұнының жиынтығын құрайды.
Терминдердің арасындағы семантикалық қатынас түрлерін айқындау –
терминдерді семантикалық тұрғыдан зерттеудің екінші тәсілі ретінде
қаралғаны орынды. Сондықтан терминдерді талдап, оның негізгі
ерекшеліктерін айқындаудағы бұл екі тәсіл бір-бірімен тығыз байланысты.
Терминологиялық өрістегі терминдердің арасындағы семантикалық
байланыстардың, қатынастардың түрлерін айқындауға сонда ғана жеңіл
баруға болады.
Терминология жүйесіне тән анықталған семантикалық қатынас
түрлері ақпараттық-ізденіс тілінде, яғни, тезаурус сөздік жасауда
пайдаланылады. Ақпараттық-ізденіс тілі – осы анықталған семантикалық
қатынас
түрлерінің
негізінде
терминдерді
термаинологиялық
құрылымдағы жүйелік, семантикалық белгілеріне қарай іздеуге, соған сай
термин туралы жан-жақты баасқа да ақпараттық мәліметтер алуға, әрі
ғылым мен техниканың дамуына байланысты терминология жүйесінің
құрылымын компьютер тіліне бейімдеген идеографиялық сөздік түрі.
Сөздіктің бұл түрін орыс тіл білімінде ақпараттық-ізденіс сөздігі (ИПС –
Информационно-поисковый словарь) деп те атайды. Идеографиялық
сөздіктің бір түрі болып табылатын сөздіктің мұндай түрі тезаурус сөздік
деп немесе тезаурус сөздіктің бір түрі ретінде ақпараттық-ізденіс
тезаурусы деп аталады. Бұл – қазіргі тіл біліміндегі тиімді әрі қолданбалы
78
сөздік түрін жасау мақсатынан туындаған "тезаурус" терминінің екінші,
жаңа ұғымы.
Терминдерді семантикалық тұрғыдан қарастырып, талдаудың екі
бағытын шартты түрде семантикалық зерттеудің екі тәсілі ретінде
қабылдаған дұрыс деп есептейміз. Аталған тәсілдерді терминдерді
семантикалық мағыналарына, ұғымдық белгілеріне қарай жан-жақты,
толық сипаттаудың бірінен кейін бірі сатылы түрде іске асатын екі
сатысы десе де болады. Нәтижесінде, терминдердің, тілдік бірліктердің
арасындағы семантикалық қатынас түрлерін белгілеуді семантикалық
тұрғыдан зерттеудің жаңа тәсілі ретінде қарастыру қажет.
Терминдердің
семантикалық
қатынастарының
тіл
білімінде
айқындалған өзге түрлері бар. Олардың қатарына парадигмалық қатардағы
және синтагмалык қатынастағы семантикалық қатынас түрлері, бір
сатылы, екі сатылы және көп сатылы қатынас түрлері сияқты
семантикалық қатынас түрлері бар. Мұндағы тіл біліміидегі қолданбалы
мақсат, терминдердің жүйелі құбылыс екендігін ескере отырып,
терминдердің бір-бірімен семантикалық, мағыналық байланыстарын
айқындау арқ ылы жүйе ішіндегі орнын жан-жақты белгілеп көрсету және
соның негізінде қазіргі терминографиядағы тезаурус сөздіктердің
жасалуына Терминдердің жиынтық мәліметінің (ТЖМ) электрондық
нұсқасының жасалуына алғышарт болу. Сондықтан мұндай бағыттағы
зерттеулердің де терминографияға қатысы маңызды болып табылады.
79
|