бойынша берілген термин туралы мәліметтер
сол терминнің білдіретін
ақпаратын жинақтап көрсете алуы, бере алуы тиісті. Яғни, термин туралы
ассоциациялық ұғым қалыптастыруы керек. Сонымен бірге екінші
жағынан, сол терминнің белгілері, ерекшеліктері туралы жан-жақты
ақпарат беру де ассоциациялық сөздіктің басты қызметі, өзіндік
ерекшелігі болып табылады. Мысалы, бір терминге арналған сөздік
мақаланы көрсетейік:
Термин (негізге алынған термин): сөйлем
Ғылым саласы: тіл білімі
Мағынасы: ойды жеткізетін тілдік
бірлік
Қызметі: ойды жеткізу
Маңызы: тіл біліміндегі күрделі тілдік бірлік атауы
Осы сияқты сөздік мақалалардың негізінде ғылым саласының
ассоциациялық сөздігін түзуге болады. С.Е.Никитина сияқты орыс тіл
біліміндегі ғылым тілін ақпараттандыру мәселесімен айналысып жүрген
ғалымдардың пікірлерінше, әр ғылым саласының ішкі ерекшеліктеріне сай
ондағы мағыналық байланыс түрлері де өзгеріп, көбейіп немесе азайып
отыруы мүмкін екен
1
Қазіргі кезде жалпы тіл білімінде «ғаламның тілдік бейнесі» терминін
және оның қызметін тіл білімінде нақты айқындай алмай жүргендігіміз
жасырын емес. Когнитивтік тіл біліміндегі
тілдік бірліктерді ұғымдық
тұрғыдан қарастыратын саласы тұрғысынан бұл ұғым тілдің
1
Никитина С.Е. Тезаурус как способ описания и представления языка
науки (на материале лингвистической терминологии). Автореф. дис. ...
канд. филол наук. - М., 1983. - 18 с.
70
қоршаған ортадағы берудегі мүмкіндігін, әрі тіл ретіндегі орнын
айқындап беруге ұмтылады. Қазіргі тіл білімінде сондай-ақ, "ғаламның
ғылыми бейнесі" деген термииді қолданылып жүр. Ал тілші Ю.Н.
Карауловтың ойынша, әрбір терминнің "ғаламның ғылыми бейнесін"
берудгі қызметі мен сол бейнедегі терминнің, сол арқылы тілдің орнын
көрсетуге ұмтылатын сөздіктердің бірі -
ассоциациялық сөздіктер екен
1
.
Ақпараттық сөздіктердің екінші түрі - жүйелік сөздіктер. Жүйелік
сөздіктердің құрылымы термин, синонимі, антонимі, топтық ұғымы, түрі,
ғылым саласы, мағынасы, қызметі, маңызы т.б. сияқты мағыналық
байланыс түрлерінен тұрады. Мысалы:
Термин (негізге алынған термин): сөйлем
Антонимі: сөз
Топтық үғымы:
Түрі: жай
жалаң-жайылма ... т.б.
құрмалас
салалас-сабақтас
... т.б.
Ғылым саласы: синтаксис
Мағынасы: ойды жеткізетін тілдік бірлік
Қызметі: ойды жеткізу
Маңызы: тіл біліміндегі күрделі тілдік бірлік атауы
1
Караулов Ю.Н. Языковая картина мира и русский лингвокультурный
тезаурус // Русский язык в диалоге национальных культур государств-
участников СНГ в XXI веке. Материалы международной конференции. -
М.: МГЛУ, 2003.
71
Байқап отырғанымыздай, жүйелік сөздікте қамтылатын ақпараттар
терминнің жүйедегі орнын көрсетуге, терминдерді жүйелеп беруге
негізделеді. Сондықтан онда қамтылатын мағыналық байланыс түрлері де
негізінен жүйеге қатысты. Сөздік мақсаты - терминдерді жүйедегі орнына
сай жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай немесе жалпыдан
жалқыға, жалқыдан жалпыға қарай принципі бойынша сатылап, жинақтап,
жүйелеп көрсету. Мұны жалпы тіл
білімінде гиперо-гипонимдік, яғни
сатылық мағыналық байланыс түрлері деп көрсетіп жүр. Мұндай
мағыналық байланыс түрлерінің қатарына шартты түрде бүтіндік-
бөлшектік мағыналық байланыс түрлері де көрсетіліп жүр
1
.
Аталған сөздік түрлерінің құрылымына байланысты келтірілген
мысалдан-ақ олардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты, әр
сөздіктің мақсаты мен қызметін аңғаруға болады.
Ақпараттық
сөздік
түрлері
тек
терминологияда
ғана
емес,лексикографияда да жасалып, тұтас тілдің тезаурус сөздіктерін
жасауға болатындығын да көрсету керек. Орыс тіл білімінде мұндай
сөздіктер
жасалып
үлгерді.
Сондықтан
бұл
сөздік
түрінің
терминографияға
ғана емес, лексикографияға да қатысы бар. Ғалым
Ю.Н.Карауловтың пікірінше, әр ұлттың тілі арқылы оның мәдениетін
танытуға болатын лингвомәдени бірліктердің де тезаурус сөздігін жасауға
болады екен
2
. Зерттеуші мәдениет сияқты күрделі ұғымды жан-жақты
жеткізуде тезаурустың маңызды екендігіне тоқталады. Ғалымның бұл
көзқарасын орынды деп білу керек.
1
Никитина С.Е. Тезаурус как способ описания и представления языка
науки (на материале лингвистической терминологии). Автореф.
дис. ... канд. филол наук. - М., 1983. - 18 с.
2
Караулов Ю.Н. Языковая картина мира и русский лингвокультурный
тезаурус // Русский язык в диалоге национальных культур
государств-участников
СНГ
в
XXI
веке.
Материалы
международной конференции. - М.: МГЛУ, 2003.
72
Жинақтай келгеңде, қазак терминдерін жүйелеу бағытында бұл сияқты
сөздік түрлерінің де қазақ тіл біліміпдв жасалуы қажет.
Бұл қазақ
тсрминографиясын әлемдік терминография деңгейіне сай дамыту үшін де
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: