қазақ тіліне
аударылып берілген терминдер, қазақ тіліне аударылмай алынған
терминдер, сол кезеңде термин ретінде берілген ескірген сөздер және
дұрыс аударылмаған терминдер деп
топтап талдауды жөн көрдік.
1. Сөздіктегі қазақ тіліне аударылмай алынған терминдерге
актуалъный - актуал, аналогия - аналогия, апогея- апогей, брак - брак,
ветеран - ветеран, гармония-гармония, историзм - историзм, кулътура-
кулътура, мәдениет; каторга - каторга, кредит - кредит, метод - метод,
объект - обьект, оборот - оборот, прогноз - прогноз, революция -
революция
сияқты т.б. саяси экономика терминдерін,
аппарат - аппарат,
кабелъ – кабель, контакт - контакт, масса - масса, тормозитъ -
тормоздау, характеристика - характеристика, центр – центр
сияқты
т.б. физика саласының терминдерін және
анализ- анализ, анализироватъ -
анализдеу, анализ жасау,
163
горизонт - горизонт, горизонталъно - горизонтал, группа - группа,
чертеж - чертеж
түріндегі көптеген математика терминдерін жатқызуға
болады. Мұндай кірме терминдер сөздіктің басым бөлігін қамтыған. Соған
қарағанда, қазақ терминологиясындағы кірме терминдер тасқынының осы
кезеңдерден терминологиялық қорымызға, сол арқылы тілімізге
енгендігін байқау қиын емес. Сол сияқты
культура
терминін қазақ тіліне
де
культура
етіп енгізіп, оған қосымша қазақша аудармасын да берген.
Аталған терминді
мәдениет
нұсқасында қабылдап, термин ретінде бекітсе
де орынды болған болар еді. Оған қоса, бұл тұста терминологиялық
тұрғыдан
синонимдік
қатардың
болмауы
керектігін
ескерсек,
терминографиялық
тұрғыдан
да
терминологиялық
сөздіктерде
терминдердің синонимдері берілмеуі керек. Бұл - терминографиялық
еңбектер түзуде ұстанатын ескеретін маңызды талптардың бірі болуы
керек екендігін атап айтқан дұрыс.
Сөздікте келтірілген көптеген аударылмай алынған терминдерді қазақ
тіліне аударуға болатындығын, қазақ терминологиясында аударуға мүмкін
терминдерді аударуға үлкен көңіл бөлінбегендігін де байқау қиын емес.
Оған дәлел « жоғарыда сөздіктен мысал ретінде келтірілген терминдердің
көпшілігі соңғы кезеңдерде аударылып қазақ тіліндегі нұсқасында
қалыптасып үлгерді.
Сөздіктегі қамтылған әр салаға қатысты
амперметр- әмперметір, гиря-
кір, труба - тұрба
сияқты қазақ тілінің ішкі фономорфологиялық
зандылықтарына икемделіп алынған терминдерді де кездестіруге болады.
Бұл терминологиялық сөздіктің жетістігі. Алайда, сөздіктегі мұндай
терминдердің үлесі өте аз.
164
2. Қазақ тіліне аударылып берілген терминдерге амнистия-кешірім,
надбавка - үстеме, политика - саясат сияқты т.б. саяси экономика
терминдерін, давление – қысым, пробка - тығын, щель - саңылау, щит –
қалқан сияқты т.б. физика терминдерін, величина - шама, верхнее
основание - жоғарғы табан, вес - салмақ, ветвь - бұтақ, вероятность -
ықтималдық, многоуголъник - көпбұрыш, объем - көлем, однозначное
число - бір таңбалы сан, обратное число – кері сан, множитель -
көбейткіш, отрезок - кесінді, секущая - қиюшы сияқты т.б. математика
терминдерін жаткызуға болады. Терминологиялық сөздіктегі көптеген
математика терминдері қазақ тіліндегі берілгендігін,қазіргі қолданыстағы
қазақ тіліндегі математика терминдерін қалыптастыруға осы кезеңнен-ақ
мән берілгенін айта кету керек. Қарастырылып отырған терминологиялық
сөздіктегі математика терминдерінің аудармасы осындай қорытынды
жасауға жетелейді.
3. Сөздіктен дұрыс аударылмаған немесе аудармасы түсініксіздеу
кампания-науқан, (индустрия - индустрия) промышленный центр –
индустриялау центрі, промышленный класс - индустриялау класы сияқты
т.б. саяси экономика терминдерін, буря магнитная – магнит ұйытқуы,
пленка – қабық, қаймақшық, көбіршік, сетка – тор, сеть (проводов) – тор
түріндегі физика терминдерін кездестіруге болады. Нақтырақ талдаса,
мысалы, кампания терминінің науқан болып аударылуы терминнің
дефинициясын толық аша алмайтындығын байқау қиын емес.
Кампнаияның науқанға қатысы бар екендігі рас, алайда, кампнаия сол
науқанды өткізетін жұмыс тобы екендігін бір ғана науқан сөзі арқылы
ашып беру және оны термин
ретінде қалыптастыру қазақ терминологиясындағы тағы бір кемшілік
екендігіне терминологиялық сөздік арқылы көз жеткіземіз. Немесе
индустриялау терминін қазақша нұсқасында да индустриялау деп ала
отырып, сөздікті құрастырушылардың промышленный центр, промыш
ленный класс терминдеріндегі промышленный элементін тағы
индустриялау деп қазақшаға аударуы түсіңіксіздеу. Терминдерді аудару
барысындағы мұндай кемшіліктер қазіргі терминологиялық сөздіктерде
кездесетін кемшіліктерге ұқсас.
4. Сөздіктен сондай-ақ, сол кезеңде термин ретінде берілген қазіргі
кезеңде ескірген сөздерді де кездестіре алдық. Мысалы, мұндай сөздерге
сөздіктегі дворянин – дворян, боярин - бояр, антанта - антанта,
жандармерия - жандармерия, кадет - кадет сияқты сол кездегі саяси
экономика терминдерін атай аламыз. Бұдан байқайтынымыз -
терминдердің өзін жаңа терминдер және ескі терминдер қабатына топтауға
болатындығы, терминдердің де уақыт ағымына байланысты өзгеріп,
ескіріп, жаңарып отыратындығы. Терминологиядағы бұл салаға тән
синхрондық ерекшелік айқындала түседі. Ал терминологияға тән бұл
ерекшелік терминографияға да тән. Яғни терминографиялық еңбектер де,
оның практикасы мен теориясы, құрамындағы терминдері де
толықтырылып, өзгертіліп, уақыт ағымына сай қарастырылып отыруға
тиісті. Бірақ, бұл - терминдер өзгермелі тілдік қүбылыс деген сөз емес.
Терминдердің өзгерісі оның ғылым саласына да байланысты. Айталық,
саяси эиономика, саясаттану сияқты қоғаммен бірге өзгеріп отыратытын
ғылым салаларындағы ғана терминдердің өзгерісін түсінуге
болады. Ал негізінен ғылым салаларындағы терминологиялық қордың
өзгерісі олардың жаңа терминдермен толығып отыруымен түсіндірілуі
керек.
Қорыта келгенде, казак терминографиясындағы терминологиялық
сөздіктердің ерекшеліктерін анықтау арқылы оның терминологиясының
тарихын
нақтылай
түсуге
болатындығын,
терминология
мен
терминографияның арасындағы тығыз байланысты, практикалық
терминография тарихына талдау жасау – практикалық терминография
тәжірибесін байыта түсуге көмектесетіндігін аңғардық. «Қазақ тілінің
терминдері» атты терминологиялық сөздікке талдау жасай отырып,
еңбектің
өзіндік
кемшіліктері
мен
жетістіктері
бар,
қазақ
терминографиясының тарихындағы үлесі бар сөздік екендігіне көз
жеткіздік.
Достарыңызбен бөлісу: |