Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
кеңсешілдік,
взрывчатое 
вещество-
қопарылатын 
зат, 
жарылғыш зат
, гармония-
келістік, сәйкестік
,
152 


генеральный-
бас, ұлы,жалпы,
гипотеза- 
болжау, жору
, диктатор-
әмірші, әмір иесі диктатор
, Емкость-
сыйымдылық, сыйым
, защита-
қорғаныс, пана, сая
, имущество-
мүлік, мал мүлік
, космос-
әлем, жиһан, 
бүтін, дүние
, объект-
зат, нәрсе, дүние
, т.б. 
Мұндай жарыспалылық тудыруы мүмкін бір терминнің бірнеше 
баламаларын беру терминологиялық тұрғыдан да, терминографиялық 
тұрғыдан да орынсыз екендігі даусыз. Дегенмен, кірме терминдердің 
қалыптасуының үлкен тасқыны кезеңінде мұндай аударма баламалардың 
беріліп, оларды терминдендіруге ұмтылудың өзі - сөздіктің үлкен 
жетістіктерінің бірі деп бағалаған дүрыс. 
Соған қарамастан, әрі ғылым мен техниканың күнделікті тұрмыста 
кеңінен қолданыс табуына, әрі солақай тілдік саясаттың ықпалына орай 
тілімізге кірме терминдердің көптеп енген кезеңінде бұл сөздіктің 
құрылымында өзге тілдегі нұқасында алынған кірме терминдердің 
қамтылмауы мүмкін емес еді. Сондықтан "Атаулар сөздігінен" мұндай 
терминдерді де көптеп кездестірдік. Мысалы: 
азот - азот, банкнот - 
банкнот, инженер - инженер, йод - йод, кадмий - кадмий, линза - линза, 
нафталин- нафталин, почта - почта, романс - романс, телескоп - 
телескоп, термометр - термометр, уран - уран, химия - химия, цилиндр-
цилинд
р, т.б. 
Ал сөздіктің алғы сөзінде мұндай атауларға: "Кейбір пән атаулары сол 
күйінде алынды. Мұның үлкен кемшілігі, кейбір еуропа атауларына 
қазақша мағына берілмегендік", - деп, сөздіктегі кірме терминдердің 
берілуін кемшілік ретінде көрсеткен баға берілген
1
. Бұл тағы да сөздікті 
1 Атаулар сөздігі, - Қызылорда, 1931. - 4-б. 
153 


құрастырушылардың терминдерді неғұрлым қазақшаға аударып беруге 
деген ұстанымдарын айғақтай түсетін пікір. Тіпті, кейбір кірмер 
терминдерді еш болмаса қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына икемдеп 
алу құбылысын да осы сөздіктегі терминдердің берілісінен байқап, ондай 
терминдерді кездестіре алдық. Мысалы, 
метр - метір, камера - кәмир, 
оркестр - әркестр, аптека-әптек 
сияқты атаулар оған дәлел бола алады. 
"Атаулар сөздігінде" терминологиялық немесе басқа да сөздік түрлерін 
жасау тәжірибелерінде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерге қатысты 
ерекшеліктер де қамтылған. Бұл қазіргі терминологиялық сөздіктерде 
қолданылмағанымен, барлық сала терминдері мен сөздерін, сөз тіркестерін 
жинақтап қамтыған сөздіктерде қолданылады. Айталық, "Атаулар 
сөздігінде" барлық ғылым салаларының терминдерін жинақтап 
бергендіктен, кейбір терминдердің орыс тіліндегі немесе орыс тілі арқылы 
қабылданған нұсқасынан кейін оның қай ғылым саласының термині 
екендігін көрсету мақсатында жақша ішінде сол ғылым саласының атауы 
қысқартылып жазылып, мәлімет ретіпде көрсетілген. Мысалы, 
одаренность (психол) - дару, дары ғандық, определение (
юрид
.) - ұйғару, 
параллельное построение
(литер.)
қатарлап құру, 
падеж (грам
.) - жн лғау, 
стороны (судеб
.) - тарап, 
звание (физиол) -
есінеу, 
двугнездный (ботан
.) - 
қос ұялы, 
волнение (психол) 
- толқу, 
қобалжу, аллегро (муз.
) - шабытты, 
т.б. 
Мұндай сөздік мақалаға тән микроқұрылым элементі қазіргі 
сөздіктерде, мысалы, "Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде" 
пайдаланылған. 
154 


"Атаулар сөздігіндегі" ендігі ерекшеліктердің бірі - сөздіктің бір ғылым 
саласына арналмағандығы. Қазіргі терминографиялық еңбектерге 
қойылатын талаптар тұрғысынан бұл - кемшілік болып есептелетіндігі 
түсінікті. 
Өйткені, терминологиялық 
сөздік 
ғылым 
саласының 
терминдерін жүйелеп беретін басты қызметін орындай алмайды. 
Сондықтан терминологиялық сөздіктің мақсаты мен міндетіне қарамастан, 
бір ғана ғылым саласының терминдік ұғымдарын қамтуға ұмтылуы - 
басты шарт, негізгі талап. Демек, "Атаулар сөздігі" бұл талапты орындай 
алмаған. Алайда, бұл кезеңде бұлай бірнеше ғылым салаларының 
термиидерің бір сөздікке жинақтап берудің өзіндік себептері жоқ емес. 
Өйткені жеке ғылым салаларының терминдері толық қазақ тіліне еніп 
немесе қазақ тілінде қолданылып үлгермеген еді. Сондықтан әр салаға 
қатысты сөздік шығару бұл кезеңдегі қазақ терминографиясына мүмкін 
емес еді. 
Алайда, 
"Атаулар 
сөздігі" 

қазақ 
терминографиясындағы 
алғашқылардың бірінен саналатын еңбек болғандықтан, кемшіліксіз болуы 
мүмкін емес. Мұны сөздіктің "бір-екі сөзінде" құрастырушылар да: "Бұл 
құрастырған пән сөздерінде талай кемшіліктер бар. Өйткені әр ғылымның 
тарауынан өзіне жүйрік кісілер шықпай, пән сөз түзелмек емес. Әр 
ғылымның өз шеберлері кітап жазса, пән сөзі сол уақытта сараланып, 
сонда ғана көпшілікке үйлесімді болмақ. Ол тарихи шындық", - деп 
мойындайды.
1
155 


Сөздіктің құрылымындағы осындай негізгі кемшіліктерге тоқтала 
кеткен жөн. Бұл сын үшін емес, ең алдымен қазақ терминографиясының 
дамып, тәжірибе жинақтау үшін қажет деп түсінсек, орынды болар еді. 
Біріншіден, сөздікте термин сөздерге жатпайтын тұрмыстық 
қолданыстағы сөздер қамтылған. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет