Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет53/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография


Айтбайұлы Ө. Термин тірегі - тіл байлығы // Егеменді Қазақстан. 4 мамыр, 2002. 


үлкен 12 томдық 15 кітаптан терминологиялық сериясы жарық көрді. 
Аталған 
сөздіктердің 
қазақ 
терминографиясындағы 
орнын, 
терминологиялық сөздіктер құрылымына тән қағидалар мен тәсілдерді 
орнықтырудағы 
қызметін 
көрсету 
мақсаттарында 
аталған 
терминологиялық сөздіктердің құрылымын талдап, ерекшеліктерін 
анықтаудың қазақ терминографиясының трихы үшін өзіндік маңызы бар.
Біріншіден, сөздіктің алғашқы томында сөздікте қамтылған терминдердің 
алты түрлі принцип бойынша қабылданып алынғандығын айтып өтеді. 
Олар: 1) дайын күйінде алынған кірме терминдер. Мысалы: Мысалы: 
фотоэффект, грамм, молекула, т.б.; 2) қазақ тілінде лайықты баламасы бар 
терминдер. Мысалы: линия двойная – қос сызық, мощность полезная – 
пайдалы қуат, т.б.; 3) алғашқы бөлігі кірме префикс те, екінші сыңары 
қазақша баламасы бар біріккен терминдер: инфрақызыл – инфракрасный, 
автотербеліс – автоколебание, т.б.; 4) сөз тіркесі күйіндегі кірме 
терминдердің бір сыңары сол күйінде қалдырылып, екінші сыңары қазақ 
тіліне аударылып алынған терминдер: обратимый процесс – қайтымды 
процесс, синусоидальная волна – синусоидалдық толқын, т.б.; 5) кейбір 
терминдерге қазақша екі не үш терминдер берілген. Мысалы: фон-фон, 
реңк-смещение-ығысу, жылжу, ауу, т.б.; 6) сөз тіркесі түріндегі 
терминдердің екі сыңары да сол күйінде алынған терминдер: квантовая 
теория – кванттық теория, т.б. Аталған принциптердің өзі 
терминологиялық сөздіктердегі терминдердің берілу жолдарынан жалпы 
түсінік береді. Өйткені сөздік құрылымында осы принциптердің барлығы 
дерлік сақталған.


Екіншіден, сөздіктің құрамында сол кездің өзінде-ақ, қазір қазақ тіліне 
аудардық деп есептеп жүрген терминдердің қазақ тіліндегі нұсқасы 
берілген екен. Мысалы: рапорт - баяндау хат, посольство – елшілік, казна 
- қазына, денежный кризис – ақша дағдарысы, вера - наным, дін, памятъ - 
ес, денежный перевод - ақша аудару, наждак - зімпара (қайрақ) сияқты 
бірқатар терминологиялық сөздіктердің әр томынан алынған мысалдарды 
келтіруге болады. Бұл - қазақ тілінде терминдер қалыптастыруды сол 
кездің өзінде де ескеріп, қолға алған терминологиялық сөздіктердің үлкен 
жетістіктерінің бірі деу керек. Бұл - сондай-ақ, осы сөздікке дейінгі ұлт 
тіліндегі терминдерді қамтуға ұмтылған осы сөздікке дейінгі сөздіктердің 
дәстүрін, ұстанымын жалғастыруға, солар арқылы қалыптасып қойған 
терминдерді беруге деген ұмтылыстың белгісі. 
Сонымен бірге, үшіншіден, сөздік құрылымында кейбір терминдердің 
қазақ тіліндегі қосымша түсініктемесін жақша ішіне беріп отырған. Бұл 
сөздік құрылымына тән, қолданылған ұтымды тәсілдердің бірі деуге 
болады. Мысалы: аналогия - аналогия (ұқсастық), дотация - дотация 
(мемлекеттік жәрдем қаржы), гематоген - гематоген (қаннан жасалған 
дәрі), т.б. Мұндай термин сөздерге, әсіресе, кірме терминдерге қосымша 
түсініктеме беру қазіргі терминологиялық сөздіктер үшін де қажетті, әрі 
пайдаланушылар үшін тиімді терминдерді беру тәсілі болып табылады. 
Сонымен қатар терминологияны қолға алған алғашқы жылдарда 
экономика заңдылығы, халықаралық терминдер сияқты соңындағы 
жұрнақтар орынсыз түсіріліп 


қолданылған терминдер де осы сөздіктер арқылы бірізге түсірілген. Мұны 
сөздіктер сериясының экономика саласына арналған 7-томына жазылған 
алғы сөзде де құрастырушылар айтып өтеді. Бұдан шығатын ерекшелік - 
кеңес мемлекетінің ғылым мен техниканың дамуын қолға
ала бастаған 
апғашқы жылдарынан орныққан терминдерді, оларды қолданудағы, 
қалыптастырудағы, терминологиялық сөздіктерде беру тәсілдеріндегі 
кемшіліктерді аталған сөздіктер сериясы түзетіп беруге ұмтылған. 
Демек, терминологиялық сөздіктер жиынтығы қазірі і тілімізде 
қолданыс тауып жүрген терминдердің қалыптасуына негіз болып, ықпал 
ете алған сөздіктердің бірі болып табылады. Оған сөздіктің 
құрылымындағы терминдермен танысу барысында және олардың 
терминографиялық принциптер тұрғысынан сөздік құры лымындағы 
берілу тәсілдерін талдау барысында көз жеткізу қиын емес. 
Әрине, өзге де ғылыми немесе практикалық еңбектер сияқты бұл 
терминологиялық сөздіктердің құрылымында кемшіліктер мүлдем жоқ деп 
айта алмаймыз. Айталық, аударма баламалары қазақ тілінде бар бола тұрса 
да провод - провод, дефект-дефект сияқты терминдердің сол күйінде 
алынып, қазақ тіліндегі бағанда берілуі немесе бір терминге бірнеше 
қазақша баламалардың берілуі сияқты терминография саласының 
принциптері көтермейтін кемшіліктер аталған терминографиялық 
еңбектер сериясында жоқ емес. Бірақ мұндай қателіктердің тәжірибе 
жинақтау үшін қажет екендігін ескеру керек. Сондай-ақ, қазақ 
терминографиясындағы көп томдық алғашқы терминографиялық еңбек 
екендігін ескерсек, мұндай 


кемшіліктердің болуы заңды да еді. Бұл терминографиялық еңбек - 
сөздіктердің сапалануына жасалған алғашқы қадам ретінде бағалануы 
тиіс. 
Жинақтай келсек, 1959-1962 жылдары жарық көріп, қазіргі кезеңге 
дейін пайдаланыльш жүрген терминология лық сөздіктер сериясының 
қазақ терминографиясындағы маңызы үлкен. Тіпті бүгінгі терминография 
синхронды түрде қарастырылатын терминдерді қамтитын еңбек болып 
ееептелетіндіктен және соған сәйкес бүгінгі қазақ терминографиясының 
талаптарына жауап бере алмайтындығына қарамастан, қазақ тәжірибелік 
терминографиясының тарихында өзіндік орны бар еңбек ретінде 
бағалануға тиісті. Өйткені, кез-келген терминографиялық еңбек тарихи 
тұрғыдан кемшіліктері бола тұра, сол жіберілген кемшіліктерін кейінгі 
еңбектерде ескеруге жол сілтей отырып, терминологиялық сөздіктер жасау 
тәжірибесін байыта отырып, қазақ терминографиясының тарихынан өз 
орнын тапқаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет