«Дін және әйел» республикалық форумы. Қазіргі таңда Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-
идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
беру
үкіметіміздің
жаңа
стратегиялық
бағдарламасының
басым
бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстандық қоғам дамуының басты
стратегиялық бағыты – жастар тәрбиесі, соның ішінде ару қыздарымыздың
тәрбиесі.
39
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында: «Халқымыз қыздың
жолы жіңішке дегенді ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың
жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің
қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды», -
деп ерекше тоқталған болатын.
Осы мақсатта 2013 жылдың наурыз айында Алматы қаласындағы Қазақ
мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дін және әйел» форумы
өткізілді. ҚР Дін істері агенттігі (қазіргі ҚР МСМ Дін істері комитеті),
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографилық
саясат жөніндегі комиссия, ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесе
ұйымдастырған бұл форумның жұмысы Атырау, Көкшетау, Павлодар,
Қызылорда, Шымкент, Орал, Жамбыл, Талдықорған және Астана
қалаларындағы жетекші оқу орындарында жалғасын тапты. Аталмыш
форумның мақсаты:
- қоғамның әр саласындағы әйелдердің басын қосу арқылы әйел құқығы,
әйел мәртебесі, қазіргі әйел тұлғасы секілді ортақ мәселелерді талқылау;
- отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды рухани дамыту
жолдарын іздестіру;
- жастар тәрбиесі, соның ішінде қыз бала тәрбиесі мен олардың
құқықтарын қорғау мәселелері;
- қазіргі таңдағы діндар әйел келбетін айқындау және діни фанатизмнен
сақтандыру жолдарын анықтау;
- «Қыз Жібек» клубын ашу.
Форумға қатысушылар дін және әйел тақырыбының кең ауқымды
мәселелерін қарастырып, пікірталас барысында көтерілген мәселелердің
маңыздылығын пайымдай отырып, төмендегі шараларды ұсынды:
- мемлекет пен қоғамға: қазіргі таңдағы қазақстандық әйелдердің
отбасындағы, қоғамдағы, саясаттағы мәртебесі мен беделін көтере түсу
бағытында шаралар жүргізу;
- әйел ананың қоғамдағы рухани құндылықтардың дамуы мен ұрпақ
тәрбиесіндегі ерекше рөлін ескере отырып, оның отбасылық және қоғамдық
тәрбие үдерісіне белсене араласуына қажетті жағдайлар туғызу;
- «Қазақ тарихындағы әйелдер келбеті», «Зайырлы мемлекеттегі әйел
және дін», «Ислам дініндегі әйелдің орны», «Исламдағы діндар әйел келбеті»
тақырыптарында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін қоғам
өкілдерне кеңінен таныстыру;
- қоғамның дамуы мен рухани жаңғыруындағы әйел-ананың ролін
насихаттау, әйелдер арасында діни фанатизмнің таралуының алдын алу
мақсатында дін қызметкерлерімен, мүдделі мемлекеттік органдар және зиялы
қауым өкілдерімен бірлесе отырып, оқу орындарының барлық деңгейлерінде
және басқа да мақсатты аудиторияларда түрлі форматтағы іс-шаралар
ұйымдастыру,
40
- отандық зайырлы және діни ұйымдардың әйелдер, отбасы және неке
мәселелерін көтеруге және жариялауға бағытталған жұмыстарын
жандандыру;
- дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, қоғамды рухани
дамытуға бағытталған арнайы теле-радио бағдарламалар мен басылымдарды
әзірлеп, жарыққа шығару;
- жастардың, соның ішінде қыз балалардың дұрыс рухани тәрбие алуын
қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау мақсатында өскелең ұрпақтың
құқықтық және діни сауаттылығын арттыру.
Осы форумның аясында еліміздегі жетекші университеттері базасында
«Қыз Жібек» клубтар ашылды. Бұл клуб «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең,
қызыңды тәрбиеле» деген ұстаным негізінде жұмыс істейді.
«Қыз Жібек» клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада
азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған
білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен
мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және университет
білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын
текті қыздар ортасын құру.
«Қыз Жібек» клубының негізгі міндеттері:
- тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ
қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
- ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау;
- кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
- сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты
қағидаларын ұстануды үйрету;
-
қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық
құндылықтармен сабақтастыру;
- болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
- салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
-
үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын
қалыптастыру.
«Қыз Жібек» клубының ұстанымдары:
- Республикасының тарихи және мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау,
тән саулығын, саламатты өмір салтын ұстануға баулу, адамгершілік және
рухани дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- қыз қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, өткен тарихымызды
білуге, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, отан сүйгіштікке
тәрбиелеу;
- мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру.
Қыз алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен
жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдеп пен сыпайылық, ибалық,
инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату;
- үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді, құзіретті
қызды қалыптастыру.
41
«Қыз Жібек» клубының негізгі бағыттары:
1. Тарихи тұлғалардан өнеге
2. «Қыз Жібек» клубы мүшелерінің бейнесін қалыптастыру
4. Қыздарды тектілікке тәрбиелеу
5. Отан отбасынан басталады
6. Дәстүрлі діни танымдар
Білім алушы қыздарды ұлттық санада тәрбиелей отырып, ата-баба
мирасы болған салт-дәстүрімізді, киелі отбасы құндылықтарын насихаттап,
болашақ ұлт аналарын дайындауға бағытталған «Қыз Жібек» клубы
парасатты қыздардың діни ой-өрісін тереңдетіп, мемлекет тәуелсіздігін
нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге өз үлесін қосады.
Дін істері комитетінің бастамасымен қолға алынған «Дін және әйел»
форумы еліміздің бірқатар аймақтарында өткізіліп, көптеген жоғары оқу
орындарында «Қыз Жібек» клубының құрылуы өз жалғасын табуда.
Бүгінгі таңдағы қазақ әйелдерінің бейнесін анықтау мақсатында
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздары сауалнама
жүргізген болатын. «Әйел үшін қандай қасиеттер ең қажетті?» деген сауалға
сұрау салынушылар бірінші кезекте шыдамдылық, еңбексүйгіштік,
қажырлылық қасиеттерін, екінші кезекте ақыл мен білімді атап көрсеткен.
Бұл бір жағынан ғасырлар бойы қазақ әйелінің болмысына серік болған
қасиеттердің қазіргі қыздар тарапынан да жоғары бағаланатынын аңдатса,
екінші жағынан әйелдің болмысын айқындайтын нәзіктік, сезімталдық,
инабаттылық секілді қасиеттердің замана ағымына сай кейінгі орындарға
ысырылып қалғанын аңғартады.
«Қазақ қызына анықтама беріңіз» деген сауалға респонденттердің басым
бөлігі «білімді» деп жауап берген. «Тұрмысқа қай кезде шығуды қалайсыз?»
деген сауалға қыздардың барлығы дерлік «Жоғары білім алғаннан кейін», -
деп жауап беруді жөн көріпті. «Нағыз қазақ қызы ретінде кімдерді атай
аласыз?» деген сауалға қыздардың басым бөлігінің Әлия мен Мәншүкті,
Ұлпан мен Зерені атауы еріксіз сүйіндіреді. Бұл қазақ қыздары ардақ тұтар
тұлғалардың ақылына көркі сай, ерлігіне парасаты жарасқан, ел билеп,
ұлтына ұйытқы болған аяулы аналар болып отырғанын айғақтайды.
Дегенмен алаңдатарлық жауаптар да жоқ емес. «Қазіргі қазақ әйелі
өзгерді ме? Өзгерсе, қалай өзгерді?» деген сауалға «Ол ер адамдарға тән
мінездерге ие бола бастады», - деп жауап беріпті басым көпшілік. Ерлердің
көпшілігі «Әйелдер ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді ұмытты», - деп
санайды.
Ал ең басты назар аударарлығы: «Ел басына күн туса, қолға қару алар ма
едіңіз?» деген сауалға қыздардың 92,7 пайызы: «Иә, елді қорғау біздің де
борышымыз», - деп жауап берген.
Ғасырлар сынынан өтіп, сұрыпталып жеткен, шынайы адамгершілік пен
иманға негізделген ұлттық құндылықтар құнын жоймайды әрі өміршең
келеді. Ұлтының ұлағатты үрдістерін қазіргі таңда да көптеген қазақ әйелдері
үздіксіз жалғастырып келеді. «Қазақ қызы» деген атқа лайық болудың өзі аз
42
мәртебе емес. Ата-бабаларымызды сан ғасырлар бойы адамгершілік пен
ізгілікке тәрбиелеп келген қазақтың ұлттық дәстүрлері келер ұрпақ үшін де
мың жылға жетерлік рухани азық болмақ. Бірақ күн санап жоғалтарымыз
көбеймесін десек, сол рухани бұлақтың бітелуге айналған бастау көзі
бүгіннен бастап аршылуға тиіс. Бұл орайда «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең,
қызыңды тәрбиеле!» деген ұлттық ұстанымды ұлықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |