Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
 



 
 
 
 
МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ ........................................................................................................................................4 
1. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ АРАБ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРНЫ 
МЕН МӘРТЕБЕСІ ......................................................................................................................5 
а) Қыз баланың әлеуметтік бейнесі .........................................................................................5 
ә) Некелесу түрлері және отбасындағы әйел мәртебесі ........................................................6 
2. ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ӘЙЕЛДІҢ ОРНЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ ......................................9 
а) Ақида және фиқһ іліміндегі әйелдің орны мен рөлі ........................................................12 
ә) Ислам қоғамындағы әйел мәртебесі .................................................................................22 
3. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ ................................26 
а) Байырғы қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі ...................................................................26 
ә) Кеңес үкіметі кезеңіндегі әйел құқығы және феминизм .................................................31 
б) Қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы әйелдің әлеуметтік-құқықтық мәртебесі ....................35 
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................................50 
 
 
 



КІРІСПЕ 
 
Әйел тақырыбы, соның ішінде діндегі әйел мәселесі өзіндік маңызға ие 
тақырып. Әрбір дін әйел затының қоғамдағы, отбасындағы орны мен 
құқықтарына қатысты өзіндік ұстанымдарын білдірген. Соның ішінде ислам 
діні әйел қауымының құқықтарын айрықша деңгейге көтеріп, оның 
отбасындағы, қоғамдағы орнын айқындап береді.
Ислам діні бейбітшілік пен тыныштықты татулық пен рухани бірлікті 
нығайтып, адам құқығының мұраларын сақтауға зор үлес қосты. Оның басты 
мақсаты 

әділетсіздік пен қанаушылықты шектеп, адамзат баласына дінін, 
жаны мен мал-мүлкін, ар-намысы мен қасиетін сақтауға кепілдік беру. Ол 
әрбір тұлғаны белгілі бір құқықтарға ие етті. Соның ішінде әйел адамның 
құқығына да ерекше көңіл бөліп, оның ар-намысын қорғап, қоғамда лайықты 
орынға ие болуын қамтамасыз етті.
Алайда, көпшілік исламдағы әйелдің орны мен рөлі туралы 
шығармалармен көпшілік жете таныс болмағандықтан ислам мәдениетіндегі 
әйел адамның құқығына қатысты жаңсақ түсініктер белең алуда. Әйелді 
ерекше қадірлейтін ислам діні оның заманауи әлемдегі дамуына да негіз 
болатын қағидаттар қалыптастырған. 
Дәстүрлі дін қағидаларын салт-дәстүрімізбен ұштастыра білген 
халқымыз да әйел затына ерекше көзбен қарады. Қазақ халқы ұрпақ 
тәрбиесіндегі, қоғамдағы имандылық ұстанымдары мен отбасылық 
құндылықтарды сақтаудағы, жас ұрпақ бойына дәстүрлі рухани 
құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеудегі әйел ананың орнын жоғары 
бағалаған. Рухани өмірімізде елеулі маңызға ие болған осындай 
құндылықтық ұстанымдар қазіргі Қазақстан қоғамында да жалғасын табуда. 
Дегенмен соңғы кездері ақпарат кеңістігінде әртекті мәліметтердің 
көптеп көрініс табуы, сонымен қатар діннің ішкі мазмұнынан гөрі сыртқы 
формасына ден қойып, атрибуттық белгілерді дәріптеудің белең алуы 
аталмыш тақырыпқа тарихилық қағидаты тұрғысынан назар салу 
қажеттілігін тудырып отыр.
Осыған орай бұл еңбекте исламға дейінгі араб қоғамындағы әйелдердің 
орны, ислам дініндегі әйелдің жағдайы мен құқықтары, дәстүрлі қазақ 
қоғамы мен қазіргі Қазақстандағы әйел мәртебесі тақырыптарын жан-жақты 
талқылауға мән берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет