Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата30.01.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Мағына 

(ىنعم):тәпсір 

ғалымдарының 

жасаған 

тәпсірлерінің 

(түсіндірмелерінің) саясында, аяттарға берілген мағына, ашықтама. 

Мақлұқ  (قولخم):  жаратылған,  жоқтан  бар  болған  нәрселер,  Алла 

тағаланың жаратқан нәрселері.  



Махрам (مرحم): 

1.

 



Діни тұрғыдан үйленуге тыйым салынған тегі, сүт жағынан және 

үйлену себебінен некелесуі харам болған адам. 

2.

 

Жасырын, әркімге айтылмайтын сыр.  



Мақшар 

(رشخم):жиналатын 

мекен. 


Қиямет 

күнінде 


барлық 

жаратылыстардың қайтадан тірілгеннен кейін есеп беру үшін жиналатын 

мекені. «Арасат алаңы» деп те аталады. 

Мантық (قطنم): 

1.

 



Баяндау, сөйлеу, түсінік, сана, сөз. 

2.

 



Дұрыс талдай білу және дұрыс ойлау қабілетін үйрететін қисын  

ғылымы. 


Машаллаһ (الله ءاش ام):таңғалатын нәрселерді көргенде айтылатын сүйіну 

сөзі.  «Алла  тағала  не  деген  көркем  жаратқан»  деген  мағынада 

қолданылады.  

Матуриди:Әбу  Мансур  Мухаммад  ибн  Мухаммад  Әл-Матуриди  (870-

944  жж)  Самарқанд  маңынан  шыққан  исламдағы  кәлам  саласының  әрі 

ханафи  мәзһабындағы  фиқһтың  ғалымы,  матуриди  сенім  мектебінің 

(мәзһабының) негізін салушы тұлға.   



Мәжәлла  (ةّلجم):  танзиматтан  кейін  Ахмед  Жәудәд  Пашаның 

төрағалығымен  құрылған  комиссия  тарапынан  дайындалған,  ислам 

құқығындағы 

муғамалатқа 

(сауда-саттық, 

серіктестіктер 

т.б.) 

байланысты  үкімдерді  Ханафи  мәзһабына  сай  тараулар  халінде 



жүйелендірген  заңдар  немесе  заңдарды  қамтыған  түйін.  Мәжәлланың 

ішіндегі  бөлімдерінен  бір  мысал:  «Өзінің  дүние  мүлкі  екен  деп,  басқа 

біреудің дүние-мүлкін жоғалтқан адам оны өтеуі керек».  

Мәжуси  (يسوجم):отқа  табынушы.  Ислам  дінінде  Зәрдүшт  дінінің 

өкілдеріне қолданылатын атау. 



Мәд  (دام):созу,  ұзату.  Құранда  созылатын  әріптер  үшеу  олар:  (Әлиф, 

Уау, Иа). 



Мәдени (يندم): 

1.

 



Қоғамда бір арада өмір сүріп, бір-біріне жәрдемдескен, кеңпейіл, 

тәрбиелі, зиялы тұлғалар. 

2.

 

Мадинада түскен аяттар мен сүрелер. 



Мадина  мунаууара  (ةرّونملا  ةنيدملا):  Мұхаммед  пайғамбардың  Меккеден 

қоныс  аударып  тұрақтаған,  алғашқы  ислам  мемлекетін  құрған  және 

мазары  орналасқан  қаласы.  Хижрадан  бұрынғы  аты  –  Ясриб,  хижрадан 


28 

 

кейін  «Мадинатур-расул»  (пайғамбар  қаласы)  немесе  «Мадинаи-



мунәууара» (нұрлы шаһар) аталған. 

Медресе  (ةسردم):ислам  өркениетінің  арнайы  діни  білім  беретін  оқу 

ағарту орталықтары.  



Мәһр  (رهم):үйленген  кезде  ер  кісі  әйелге  жеке  иелігі  ретінде  беретін 

дүние-мүлік,  қаражат,  қалыңмалы.  Мәһр  –  тек  әйелдің  меншігі,  күйеуі 

өлген  немесе  ажырасқан  жағдайда  өз  қажетіне  қарай  жұмсайды.  Оның 

мөлшері алғашқы құда түскен кезінде келісіледі де, оның шарттары мен 

нақты мөлшері неке шартында жазылады. Шариғат талабы бойынша ер 

адамның болашақ жарына мәһр беруі міндетті іске жатады. 



Мисли  мәһір  (لثملا  رهم):мәһір  белгіленбестен,  мәһір  бермеу  шартымен 

қиылған  некеден  кейін,  әйелдің,  күйеу  баланың  әкесінің  туыстары 

әйелдерге берген мәһірін өлшем алып, сондай алтын, күміс немесе дүние 

мүлікті беруге шешім қабылдауы. 



Муажжәл  мәһір  (لجعملارهملا):мөлшері  белгіленген,  неке  қиылып  жатқан 

кезде  еркектің  үйленетін  әйеліне  сол  жерде  беруі  керек  болған  алтын, 

күмісі немесе дүние-мүлкі. 

Маккаи  мукәррама  (ةمّركملا  ةكملا):мұсылмандардың  құбыласы  болған, 

Қағба орналасқан, Мұхаммед пайғамбар дүниеге келген киелі қала. 



Мәкки  (يّكم):Мұхаммед  пайғамбардың  Мекке  қаласынан  Мадина 

қаласына көшуінен бұрын түскен аяттар. 



Мәкруһ  (هوركم):  қош  көрілмеген,  ұнамсыз  нәрсе.  Мұхаммед  пайғамбар 

ұнатпаған  және  ғибадаттың  сауабын  жоятын  нәрселер.Тыйым 

салынғандығы  харам  сияқты  нақты  болмаса  да,  Құранда  бүркемелі 

болған және сахабалардың білдіруімен анықталған тыйымдар.  



Мәнсух  (мансұқ)  (خوسنم):  үкімі  өз  күшін  жойған,  кейіннен  келген 

үкімдермен ауыстырылған діни үкім. 



Мешіт (دجسم):мұсылмандардың ғибадат, құлшылық жасайтын мекені. 

Мәсх (حسم): 

1.

 



Мәсіні дәрет алып кигеннен кейін дәрет бұзылып, жаңадан дәрет 

алғанда, аяқтарды жумай қолды сулап, оң қолының сулы бес саусағымен 

оң  аяғындағы  мәсінің  үстін,  сол  қолымен  сол  аяғындағы  мәсінің  үстін 

сулы қолмен сипау. 

2.

 

Бір  ағзаның  жарақаттануына  байланысты  үстіндегі  орауышын 



сулы қолмен сипау. 

Мәснауи  (يونثم):Мәулана  Жалаледдин  Румидің    жиырма  алты  мың 

бәйіттен тұратын төрт томдық мәшһүр еңбегі.  



Мәсі:дәрет  алғанда  аяқтың  жуылуы  міндетті  болған  жерлерді,  яғни, 

тобықпен  бірге  аяқты  жауып  тұратын  теріден  жасалған  су  өткізбейтін 

аяқ киім. 

Мәшайық:шайхтар, әулиелер. «Шайх» сөзінің көпше түрі. 


29 

 

Мәшһүр  хадис  (روهشم  ثيدح):  бір,  екі  немесе  бірнеше  сахабаның 

Мұхаммед  пайғамбардан  естіп,  өздерінен  кейінгі  келесі  бір  топқа 

жеткізген  хадистері.  Бұнда  да  сахаба  мен  естуші  топтың  есте  сақтау 

қабілеті  мен  жалған  сөйлемегендігі  ескеріледі.  Сонымен  бірге  бұл 

«мәшһүр» хадиспен табиғиндер (сахабаларды көрген мұсылмандар) мен 

табаға-табиғиндер  (табиғиндерді  көрген  мұсылмандар)  кеңінен  таныс 

болып, жалпы жұртшылық бұл «мәшһүр» хадистен хабардар болуы тиіс. 



Мәудуғ  хадис  (عوضوم  ثيدح):Мұхаммед  пайғамбарға  тиісті  болмаған 

немесе  бұрыс  жолмен  жеткізілген  хадис.  Оны  «әлсіз  хадис»  деп  те 

атайды. Алайда шариғатта оны қолданбайды.   

Мәуліт (دلوم):  

1.  Дүниеге  келу,  туған  жері  және  уақыты.  Мұхаммед  пайғамбардың 

туған айы мәуліт айы ретінде мерекеленеді. 

2. 


Мұхаммед 

пайғамбардың 

дүниеге 

келгендігін, 

миғражға 

көтерілгендігін және өмір баянын түсіндірген еңбек. 



Мәзһаб  (بهذم):  

" жүру»,  «артынан  ілесу»,  «жүріп  жатқан  жол» 

ұғымдарын  білдіреді.  Мүжтәһид  ғұламалардың,  мұсылмандардың 

тұрмыс-тіршілігіне  байланысты  жағдайларды  діни  дәлелдерден  (Құран, 

сүннет, ижмадан)  үкім шығару әдіс-тәсілдері арқылы шығарған барлық 

үкімдері. 



Мәзһаб  тақлиді:  амалмен  орындалатын  істерде  бір  мүжтәһидтің 

ижтиһадтарына, пәтуаларына бойұсынып, сол жолмен жүру. Негізгі төрт 

мәзһабтың бірін ұстанып, онымен амал ету. 

Мәзһабта  мүжтәһид:мәзһаб  имамының  шығарған  әдіс-тәсілдеріне 

сүйеніп, діни дәлелдерден жаңа үкімдер шығарған ислам ғалымы. Бұны 

«мүжтәһиди муқаияд» немесе «мүжтәһиди мунтәсиб» деп те атайды. 

Мәзһабсыз:мүжтәһид  болмаған,  негізгі  төрт  мәзһабтың  бірін 

ұстанбаған,  мәзһабтарды  қабылдамаған,  діни  дәлелдерден  өзінің 

көзқарасы  бойынша  үкім  шығарған,  осыған  сай  амал  еткен  немесе 

осындай біреудің ізінен жүрген адам. 



Михраб (بارهم):мешіт, намазхана сияқты ғибадат  етілетін мекендердегі 

құбыла жақта имамның намаз оқытатын орны. 



Миқат:  қажылықты  немесе  умраны  орындау  үшін  ихрамға  кіретін 

аймақ, мекен.  



Милләт (ةّلم): 

1.

 



Ортақ  діні,  тілі  және  тарихы  байланыстыратын  тайпа,  қоғам, 

қауым. 

2.

 

Дін; құлдардың дүниеде және ақыретте бақытқа жетуі үшін Алла 



Тағаланың пайғамбарлар арқылы көрсеткен жолы.  

30 

 

Мина (انيم): Мекке қаласының шығысындағы таудың етегінен Арапатқа 

бара  жатқан  жолдағы  мекен.  Қажылық  ғибадат  кезінде  құрбан  шалу 

және жамаратқа (шайтанға) тас ату үшін осы мекенге барады. 



Мискин  (نيكسم):бір  күндік  напақасынан  (тамағынан  және  киімінен) 

басқа еш нәрсесі болмаған мұсылман. 



Мисуак  (كاوسم):бір  қарыс  ұзындықта  кесіліп,  тістерді  тазалау  үшін 

қолданылған, арак деген ағаштан немесе зәйтүн талынан жасалған ағаш 

тіс  Мұра  (мирас)  (ثاريم):қайтыс  болған  адамның  артта  қалған  туған 

туыстарына қалдырған дүние-мүліктері. 

щеткасы. 

Мұнара:мешіттерде  азаншылардың    үстіне  шығып,  азан  оқитын  биік 

жері.  


Мұғамалат 

(ةلماعم):адамдардың 

бір-бірімен 

арақатынастарында 

орындалатын  іс-шаралар.  Сауда-саттық,  жалға  беру,  серіктестік, 

мұрагерлік  секілді  адамдар  арасында  орындалатын  істер.  Қоғамдағы 

адамдар  арасындағы  қарым-қатынастарды  реттейтін  ислам  құқығының 

саласы. 

Мұғаууизәтәйн:Құрандағы  соңғы  екі  сүреге  –  «фалақ»  пен  «нас» 

сүрелеріне берілген атау. 



Мүбах  (حابم):  ислам  дінінде  орындалуы  бұйырылмаған,  сондай-ақ, 

тыйым да салынбаған нәрселер. 



Мұхажир  (رجاهم):ислам  діні  тарай  бастаған  кезде,  мұсылман 

болғандықтары үшін меккелік мүшриктердің зұлымдығы мен қинауына 

тап  болып,  діні  мен  иманын  қорғау  үшін  үй-жайлары  мен  дүние-

мүліктерін  тастап,  Мұхаммед  пайғамбардың  рұқсатымен  алдымен 

Хабашстанға (Эпиофияға) одан кейін Мадина қаласына көшкен меккелік 

мұсылмандар. 



Мұхаддис  (ثّدحم):  хадис  ғалымы.  Мыңдаған  хадис  жинақтаған, 

сәнәдімен қоса мәтінін жатқа білген, риуаят еткендердің сенімді болған-

болмағанын  жақсы  білген,  осы  ғылым  саласының  маманы  болып, 

кітаптар жазған ғалым. 



Мұхаммед  пайғамбар  (الله  لوسر  دمحم):  ислам  діні  сенім  негіздері 

бойынша  адамзатқа  жіберілген  соңғы  елші  әрі  пайғамбар.  Оның  соңғы 

пайғамбар  әрі  елші  екендігіне  сену  –  ислам  дінінің  тіректерінің  бірі. 

Елшілігі мен пайғамбарлық миссиясын жоққа шығару ислам теологиясы 

бойынша  күпірлік  әрекет  болып  табылады.  Сонымен  қатар  исламнан 

шығуына себеп болады. 571 жылы 20 сәуірде (Раббиул әууәл айының он 

екісі)  Мекке  қаласында  дүниеге  келген.  Әкесінің  аты  Абдулла, 

анасының аты Әмина. Әкесінен туылмай тұрған кезінде, ал анасынан 6 

жасында жетім қалады. Немере ағасы Әбу Тәліп өз қамқорлығына алып, 

тәрбиелеп,  өсірген.  25  жасында  Хадиша  есімді  әйелге  үйленді. 



31 

 

Хадишадан 



төрт 

қыз, 


екі 

ұлды 


болды. 

Алла 


тарапынан 

пайғамбарлықтың хабарлары қырық жаста келді. Жиырма үш жыл араб 

қауымы  мен  адамзатты  Алланың  бірлігін  тануға  және  ислам  діні 

үкімдерін  орындауға  шақырды.  63  жаста  Мадина  қаласында  дүниеден 

өтті.   

Мұхаммед-ул  әмин  (نيملأا  دمحم):  Мұхаммед  пайғамбардың  лақап 

аттарының  бірі.  Мағынасы  –  сенімді,  шыншыл,  аманатқа  берік. 

Пайғамбарлық міндет келместен бұрын адамгершілік қасиеттеріне орай 

Мекке тұрғындары тарапынан берілген есім.  



Мұхаррам  айы  (مرحم  رهش):  мұсылмандық  күнтізбе  –  ай  күнтізбесінің 

алғашқы  айы.  Рамазан  айынан  кейінгі  нәпіл  оразасын  ұстау  сауапты 

болып табылатын ай. Қан төгу, соғысу және харам істерден тыйған төрт 

айдың бірі.   



Мұхаррам  түні:  бұл  айдың  бірінші  түні  мұсылмандық  күнтізбе 

бойынша жылдың басы болып есептеледі. Бұл күні мұсылмандар бірін-

бірі  құттықтап,  қонаққа  барып,  сыйлықтар  береді.  Жаңа  басталған 

жылдың берекелі  және қайырлы өтуі үшін дұғалар жасалады. Ол күнді 

мерекелік көңіл-күйде өткізіледі. Мұқтаждарға қайыр-садақа береді.  

Мұхтария (ةيراتخملا): шииттік ағымдардың бірі. Бұл бағыт Қайсания және 

Бадийя  деп  те  аталады.  Негізін  қалаушы  Мұхтар  ибн  Әбу  Убәйд  әс-

Сақафи (Қараңыз. Шииа, Қайсания).  

Мұқабала  (ةلباقملا):  Рамазан  айында  мешітте  әр  күн  сайын  Құран 

кәрімнің бір парасын, яғни, жиырма бетін жамағаттың алдында оқу. 



Мұқаддас (سدقم): қасиетті, киелі. Айып, лас және жаман заттардан ұзақ, 

таза.  



Муаққат неке (تقؤملا جاوزلا): өткінші, уақытша неке. Бір адамның белгілі 

бір уақыттан кейін ажырасуын ескертетін неке түрі. 



Муғатта  (ةطؤم):  имам  Малик  ибн  Әнәс  жинақтаған  хадис  кітабы.  Бұл 

еңбек алғашқы жинақталған хадис кітаптарының бірі болып табылады. 



Мүбарак түндер: ислам дінінде қастерленген түндер. Олар: қадір түні, 

арапа түні, ораза айт және құрбан айт түндері, мәуліт кеші, бараат түні, 

миғраж түні, рағайып түні, мұхаррам және ашура түндері. Бұл түндерді 

ғибадатпен  өткізген  абзал.  Алла  Тағала  құлдарының  бұл  түндерде 

жасаған  ғибадаттары  немесе  құлшылықтарын  және  дұға-тілектерін 

қабыл етеді. Сондықтан осы түндердің қасиеті жоғары бағаланады. 



Мүжааһид (دهاجم): Алла жолында дін дұшпандарымен соғысқан, жиһад 

еткен мұсылман.  



Мүжаддид (ددجم): жаңалаушы, қуаттандырушы. Ислам дінінің көркеюіне 

ат салысқан ғалым. 



Мужассима  (ةمسجم):  Құрандағы  мүтәшәбих  (мағынасы  астарлы) 

аяттарды  сыртқы  атауына  қарай  қабылдап,  Алла  Тағаланың  қолы  және 



32 

 

жүзі  секілді  мүшелері  бар  деп  түсінетін  адасқан  ағым.  Бұл  ағымды 



«мүшәббиһә» деп те атайды.  

Мүжтаһид (دهتجم): Құран Кәрімнен, хадис және басқа діни дәлелдерден 

үкім  шығару  дәрежесіне  көтерілген  ижтиһад  мақамындағы  ғалым. 

Ислам ілімдері мен заманауи ғылымды толық меңгерген ғалым.  

Мүәззин (نذؤم): азан шақырушы адам.  

Мүфәссир  (رسفم):  Құран  Кәрімге  түсіндірме  жасаушы  адам.  Алла 

Тағаланың  кәламынан  мақсат  етілген  мазмұнды  түсіне  алған  дін 

ғалымы.  Мүфәссир  ғалымдар  пайғамбардың  хадистерін  жинаумен 

айналысып,  тәпсір  кітаптарын  жазған.  Тәпсір  кітаптарын  жазу  үшін 

ислам дінінің жиырмаға жуық ілім саласын меңгеру қажет.  

Мүфти (يتفم): пәтуә беруші ғалым. Әртүрлі сұрақтар бойынша олардың 

ислам  дініне  сәйкестігіне  қатысты  Алла  Тағаланың  әмірі  мен 

тыйымдарын  алға  тарта  отырып,  Құран  мен  хадистерге  сүйеніп  үкім 

шығаратын білім иесі.  



Мүнафық  ( نم

قفا ):  екіжүзді.  Дінге  сенбесе  де  мұсылмандарды  алдап, 

дінге  сенген  сияқты  көрінетін  адам.  Мүнафық  адамның  төрт  қасиеті 

ерекше аталады. Олар: аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, уәдесін бұзу, 

сөзінде тұрмау. 

Мүнакәхат (تاحكانم): ислам құқығы ілімі саласының бірі. Некеде үйлену, 

ажырасу және нәпақа (алимент) төлеу сияқты тақырыптарды қамтиды. 



Мункар  және  Нәкір  (ريكن  و  ركنم):  адамның  өлімінен  кейін  қабірде 

дүниедегі амалдарын сұраушы періштелер. 



Муржия (ةئجرم): арабшасы – (ءاجرلإا) кешіктіру, қалдыру. Аталмыш діни 

ағымға  кіретін  мектептердің  көзқарасы  бойынша  адамның  жасаған 

барлық  күнәлары  қиямет  күніне  «қалдырылуы»  керек.  Олар  адамның 

жасайтын күнәлары оның иманына әсер етпейтінін алға тартады.VII-VIII 

ғасырларда  Умаядтар  халифаттығы  кезінде  пайда  болған.  Умаядтар 

халифаттығына  қарсы  шығулар  кезінде  күнәһар  және  тағдыр  мәселесі 

негізгі орында тұрған болатын. Осы кезеңде «үлкен  күнә істеген адамды 

тез арада жазалау керек» дейтін харижиттерге қарсы муржия ағымының 

өкілдері  жазаны  кешіктіруді  жақтап  шыққан.  Саяси  қақтығыста 

харижиттер  умаядтықтарға  қарсы  тұрған,  ал  муржиялар  оларды  қолдап 

отырған. 

Мүрид (ديرم): сопылық ілімде Алла Тағаланың ризалығын алу үшін, өз 

нәпсісін  тәрбиелеу  мақсатында  шынайы  мүршид  (ұстаз)  тауып,  қол 

беріп, оның тәрбиесіне кірген адам. 

Мүрсәл хадис (لسرم ثيدح): жіберілген хадис. Тізбегінің  (иснад) соңында 

табиғиннен кейінгі рауи түсіп қалған хадис. 



Мүршид (دشرم): исламныңруханисопылық іліміндегі тура жол көрсетуші 

ұстаз.  Шариғат  бұйрықтарын  тән  арқылы  орындап  қана  қоймай,  жан 



33 

 

дүниесімен  де  соған  сай  болу,  рухани  тұрғыдан  тазарып,  нәпсісін 



тәрбиелеп,  кемел  мұсылман  болу,  нәпіл  құлшылықтарды  толық 

орындап, тақуалық жолымен жүру мақсатында жол көрсетуші ұстаздың 

–  мүршидтің  болуы  тариқат-сопылық  ілімінде  қажетті  шарт  болып 

саналады.  



Мүртәд (دترم): мұсылман болып, кейін ислам дінінен шыққан адам.  

Мұсылман  (ملسم):  Алла  Тағаланың  пайғамбарлары  мен  Мұхаммед 

пайғамбарға  иман  келтіріп,  Алланың  әмірлерін  толық  орындап, 

тыйымдарынан алыс жүрген адам.  

Мүснәд хадис (ثيدحلا دنسم): сахабаның немесе одан кейін келген рауидің 

есіміне сай жүйеге келтірілген хадис.  



Мүстәшриқ (قرشتسم): шығыстанушы, ориенталист.  

Мүшрик (كرشم): Аллаға серік қосушы. Алладан басқа пұттар және ұқсас 

заттарды құдай деп білген адам.    



Мүштәбәһ  (هبتشم):  күдікті  заттар.  Харам  мен  халал  етілген  заттардың 

арасындағы күдікті дүниелер.  



Мүтәаххирун  (نورخأتم):  соңғылар,  ақырғылар.  Кәләм  ілімінде  Имам 

Ғазалиден,  исламның  басқа  ілім  салаларында  Шәмс-ул  Аиммә 

Хулуаниден бастап, одан кейінгі ғалымдарды осылай атайды. 

Мүтәқаддимун  (نومدقتم):  алдыңғылар.  Кәләм  ілімінде  Имам  Ғазали, 

фиқһ ілімінде Шәмс-ул Аиммә Хулуаниге дейінгі ислам ғалымдары.  



Мүтәкаллимун (نوملكتم): калам саласы ғалымдары (каламшылар). Ислам 

дінінің сенім негіздерін діни (нақли) және логикалық (ақли) дәлелдермен 

дәлелдеген ғалымдар. 

Мүташабиһ  аят  (ةهبشتم  ةيآ):  мағынасы  анық  болмаған  Құран  аяты. 

Көпше түрі – «мүташабиһат».  



Мурсәл  хадис  (لسرُم  ثيدح):  сахабалардың  есімдері  айтылмай, 

табиғиндердің  біреуінің  «Мұхаммед  пайғамбар  осылай  айтты»  деп 

жеткізген хадистері. 

Мүтауатир  хадис  (رتاوتم  ثيدح):  тілдік  мағынасы:  «бірінен  кейін  бірі», 

«жалғаспалы» деген мағынаны береді. Терминдік мағынасы: «мутауатир 

– өзара жалған айтуға келісіп алулары мүмкін болмаған бір топ сенімді 

адамдардың өздері секілді сенімді адамдардан жеткізген хабарлары.  



Мұттақи (يقتم): тілдік  мағынасы:  «Алладан қорқушы» деген мағынаны 

береді  («тақуа»  сөзінен).  Терминдік  мағынасы:  Алладан  қорқып 

харамдар мен дінде тыйым салынғандардан сақтанған адам.  

Мүәккәл (لّكوم): біреудің орнына өкіл ретінде тағайындалған адам. 

Муәккил: өкіл болған бір адамды өз орнына қалдыру.  

Мүздәлифә  (ةفلدزم):  Мекке  қаласында  Мина  және  Арафат  тауларының 

арасындағы  Адам  ата  мен  Хауа  ананың  жердегі  кездескен  мекені. 



34 

 

Қажылықта  Арафаттан  қайтқанда  Мүздалифадада  біраз  уақыт  аялдау 



уәжіп болып табылады. 

Мұтға  некесі  (ةعتملا  حاكن):  уақытша  неке.  Шиит  ағымының  кейбір 

топтары  осы  неке  түрімен  үйленіп,  белгілі  уақыт  өткеннен  кейін 

ажырасады.  Исламда  әһли  сүннет  ғұламалары  бұл  некеге  харам  деп 

тыйым салған. 



Мінбер: мешіттерде имамның құтпа оқуы үшін орнатылған баспалдақты 

биік орын. 



 

Н 

 

Намаз  (ةلاص):  ислам  дінінің  бес  парызының  бірі.  Мұсылман  күнделікті 

бес  уақыт  намаз  құлшылығын  жасау  міндет.  Намаз  кез-келген  таза 

жерде, белгілі бір уақыттарда орындалатын ғибадат.  

Найб (بئان):  

1)  қажылық  кезінде  бір  адамның  өкілі  болған  адам;  2)  қазының 

немесе мүфтидің өкілі.  

Нақыл  ілімдері  (ةيلقنلا  مولعلا):  тәпсір,  хадис,  фиқһ  секілді  ілімдерді 

ғалымдардың  бір-біріне  жеткізуі  арқылы  өзгеріске    ұшырамаған  діни 

ілімдер. 

Нақышбандия:  сопылық  ілімдегі  Бахауддин  Бухари  Нақшбанд  (1318-

1389  ж.)  негізін  қалаған  тариқат.  Бұл  тариқат  Алланы  зікір  етуде 

жасырын, іштей махфи (құпия) зікір ету тәжірибесін қолданады. 

Насих (خسان): кейіннен үкімі жойылған Құран аяттары немесе хадистер.  

Үкім күшін жоғалтса «мәнсух» деп аталады.  



Насихат  (ةحيصن):  ислам  дінінің  және  ақыл-ойдың  дұрыс  деп  тапқан 

құндылықтарын үгіттеу, адамдарға түсіндіру. 



Насранилік  (ينراصن):  Құрандағы  христиандықтың  атауы.  «Иса 

аләйһиссаламға  сенім  келтірген»  мағынасында  келеді.  Көпше  түрі  – 

«насара».  

Нас (صن): Құран мен хадиске қолданылған атау.  

Назил  (нәзіл)  болу:  тілдік  мағынасы  –  жоғарыдан  төменге  түсу. 

Терминдік 

мағынасы: 

қасиетті 

кітаптардың 

уахи 


жолымен 

пайғамбарларға түсуі.  



Назм  (ماظن):  сөздерді  ретімен  орналастыру.  Құран  Кәрім  сүрелері  мен 

аяттарының Алла тарапынан Мұхаммед пайғамбардың жүрегіне салуы. 



Нафақа  (ةقفن)  (нәпақа):  адамның  өмір  сүруі  үшін  жейтін,  ішетін, 

киінетін және тұрмыстық қажеттіліктері.  



Нәзир  (رذن):  Алла  Тағаланың  ризашылығын  алу,  бір  арманның 

орындалуы, бәле-жәле және қайғы-қасіреттен құтылу мақсатымен Алла 


1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет