Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,78 Mb.
#2993
1   2   3   4   5   6   7

Имамиия  (ةيماملإا):  

Иснаашария»  деп  те  аталған,  қазіргі  таңда 

«имамиия»  атауы  қолданылады.  Он  екі  имамды  мойындаған  бағыт. 

Шииттердің  ішінде  алғашқы  жеті  имамды  мойындағандарға  «Сәбийя» 

(Жетіншілер) атауы берілген болса, ал он екі имамға мойынсұнғандарға 

«исна  ашария»  делінген.  Имамиттер  «Хазіреті  Әлидің  халифа 

болатындығы 

нақты 

білдірілген, 



сахабалар 

бұл 


бұйрықты 

орындамағандықтан кәпір болды» деп санаған, Мұхаммед пайғамбардың 

өлімінен  кейін  Хазіреті  Әлиді  және  оның  екі  баласы  мен  немерелерін 

имам  ретінде  қабыл  етіп,  он  екі  имамға  иман  келтіруді  иманның 

шарттарынан деп санағандардың негізін қалаған адасқан ағым.   

Иман  (ناملإا):діни  сенім,  наным.  Бұл  сөз  термин  ретінде  иман  келтіру, 

Алла  және  Оның  елшісі  сенуге  бұйырған  нәрселердің  бәріне  шүбәсіз 

сенуді білдіреді. 


19 

 

Иншаллаһ  (الله  ءاش  نإ):«Алла  қаласа  болады»    мағынасында  барлық 

істердің  Алланың  қалауымен  болатындығы  үшін  айтылатын  сөз.  Үнемі 

Алла Тағаланың атын еске түсіруге дағдылану мақсатымен де айтылады.  



Иртидад  (دادترا):діннен  шығу.  Мұсылмандықты  қабыл  еткеннен  кейін 

ислам дінінен шығу. 



Исауилік  (исашылдық):Иса  пайғамбардың  әкелген  хақ  діні, 

насранилік. Мұса пайғамбардың діні Иса пайғамбардың заманына дейін 

жалғасты.  Иса  пайғамбар  келгенде,  Мұса  пайғамбардың  діні  мансұқ 

болды,  яғни,  Тәураттың  үкімі  жойылды.  Бірақ  Исраиыл  ұрпақтарының 

көпшілігі Иса пайғамбарға иман келтірмеген, Тәуратқа бойұсынудан бас 

тартпаған. Яһудилік пен Исауилік  осылайша бөлінді. 



Ислам  (ملاسلإا):Алла  тағаланың  Мұхаммед  пайғамбарға  түсірген,  барша 

адамзатқа соңғы діні ретінде таңдаған діні. 



Ислам  ғалымы:Құран  аяттары  мен  хадистерге  сүйеніп,  үкім 

шығаратын ғалым. 



Исмаилиия  (ةيليعامسا):адасқан  ағымдардың  бірі.  Бұған  Батиниия  деп  те 

атайды.  Мұхаммед  пайғамбардың  немерелерінен  болған  атақты  ғалым 

Имам  Жағфар  Садықтың  өлімінен  кейін  үлкен  баласы  Исмаиыл 

мұсылмандардың  имамы  деп  санап,  одан  кейін  оның  балалары  имам 

блуға тиіс дегендігі үшін «Исмаилиия» деп аталған. 

Исмет (ةمصع): 

1.

 



Пайғамбарлардың  сипаттарының  бірі.  Олардың  пайғамбар 

болуларын білдіруден бұрын және кейін, үлкен-кіші, біліп немесе білмей 

күнә істеуден сақталғандықтары. 

2.

 



Күнәлардан сақтану, жаман және жиркенішті нәрселерден бойын 

аулақ ұстау. 



Исраф (فارصا): адамның өз мал-мүлкін, қаражатын және т.б. дүниелерін 

қажетсіз, пайдасыз орындарға жұмсауы. 



Исрафил періште:  төрт үлкен періштенің бірі. Қиямет-қайым болатын 

кезде  «сур»  деп  аталатын  құбырға  үрлеу  міндетін  атқарушы  періште. 

Исрафил  періште  сурға  екі  рет  үрлейді.  Біріншісінде  Алладан  басқа 

барлық тірі жан өледі, екіншісінде бәрі қайтадан тіріледі. 



Исраилиият (ةيليئارسا):Исраил ұрпақтарына тән хабарлар. 

Исраилиият хабарлары үшке бөлінеді. 

1.

 

Хурафа  және  жалғандықтан  тұратын,  атқарылуы  тыйым 



салынған хабарлар. 

2.

 



Әһли  кітаптың  (Яһудилер  мен  Христиандар)  түсіндірмелерінен 

мұсылмандардың қабылдағандары немесе жоққа шығармағандары. 

3.

 

Иман  негіздері  мен  діни  үкімдерге  қайшы  болмаған, 



атқарылуына рұқсат етілген хабарлар. 

20 

 

Истиғфар (رافغتسا):кешірім сұрау. Алла Тағаладан кемшіліктерінің және 

істеген күнәларының кешірілуін тілеу. Тәубе ету.  

Истихара  (ةراختسا):істің  жақсылығын,  игілігін  сұрау.  «Истихара»  сөзі 

араб  тілінде  «жақсылықты  сұрау»,  «жеңілдетуді  талап  ету»  деген 

мағынаны береді. 

Истинжа (ءاجنتسا):дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің 

орнын  сумен  не  шариғат  рұқсат  берген  затпен  тазалау.  Шариғатта 

истинжә  құралы  ретінде  су,  тас,  кесек  немесе  әжетхана  қағазы  сияқты 

нәжісті  өзіне  сіңіріп  алатын  кез  келген  затты  қолдануға  болады.  Тек 

сүйек пен малдың тезегін пайдалануға тыйым салынады. 

Ибраһим  мақамы  (ميهاربإ  ماقم):Қағбаның  қара  тас  тұрған  бұрышынан 

өткеннен кейін, Қағбадан шамамен 10 метрдей жерде диаметрі 1 метрге 

жақын  домалақ  күмбез  орналасқан.  Сол  жерді  «Мақаму  Ибраһим»  деп 

атайды. Ол жерде Қағбаны тұрғызу кезінде Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) 

түскен ізі сақталған. Мүмкіндігі болған адамға Қағбаны тауап еткеннен 

кейін осы тастың артында екі рәкағат намаз оқыған абзал. 



Имамилер  (исна-ашара):    шииттердің  ірі  ағымдарының  бірі.  Имамия 

ағымы  төмендегі  жалғастыққа  сәйкес  өз  бастауын  хазіреті  Әлиден 

алатындығына  сенеді:  Әли  ибн  Әбу  Талиб,  хазіреті  Хасан,  хазіреті 

Хусейін,  Зайнал  Әбидин,  Мұхаммед  Бәкір,  Жағфар  әс-Садық,  Мұса 

Қазым, Әли Риза, Мұхаммед Жәуад Таки, Әли Наки, Хасан Аскари Заки 

және Мұхаммед Мәхди.   



Ифрад  қажылық:  ихрамға  кіргенде,  тек  қана  қажылыққа  ниет  етіліп 

орындалған қажылық. Бұл қажылықты орындағанға мүфрид қажы деп те 

атайды.  Меккеде  тұратындар  тек  ифрад  қажылығын  жасайды.  Ифрад 

қажылығы үстемдік жағынан тәмәтту қажылықтан төмен тұрады. 



 

К 

 

Кәміл  адам:  кәмілдікке  жеткен,  байсалды  адам.  Ислам  дінінің 

бұйрықтарының бәрін орындаған, тыйымдарынан сақтанған, Мұхаммед 

пайғамбардың  көркем  мінез-құлқынан  тәлім  алып,  өзін  соған  барынша 

ұқсатып  тәрбиелеген,  әрбір  іс-әрекеті,  сөйлеген  сөзі  Алланың 

бұйырғанындай болған адам. 

Кәусар  (رثوك):Алла  Тағаланың  Мұхаммед  пайғамбарға  берген 

жәннаттағы  сүттен  ақ,  балдан  тәтті,  жұпар  иісті  өте  берекелі  өзені.  Ол 

өзеннен Қиямет күні Мұхаммед пайғамбардың үмбеті сусындайды.   

Кәлам усулы ілімі (ملاكلا لوصأ ملع): кәлам ғылымының, иман негіздерінің 

аяттардан  және  хадистерден  қалай  ортаға  шыққандығын  анықтаған 

ғылым. 


21 

 

Тәпсір  усулы  ілімі:  тәпсір  ілімінің  әдістемесінен,  қағидаларынан, 



тәпсіршілерде  болу  керек  болған  шарттардан,  аяттардың  насих-

мәнсұхынан, жалқы-жалпысынан мағлұмат беретін ғылым. 



Кәпір  (رفاك):теріске  шығарушы,  мойындамаушы.  Жаратушының 

жалғыздығын  растайтын  толып  жатқан  дәлелдерді  теріске  шығарып, 

Аллаға  сенбеген  адам.  Немесе  Аллаға  сенбейтін,  Оның  дініне  қарсы 

шығатын, ақиқатты мойындамайтын, имансыз адам. 



Кәффарат (ةرافك): шариғат рұқсат етпейтін істі істеп қойған кезде, жаза 

үшін  жасалатын  амал  немесе  зат.  Яғни  күнәнің  өтемі  және  осы 

мақсатпен жасалатын амал. 

Кәлима  тәухид  (ديحوتلا  ةميلك):  «Ләә  илаһа  иллалла,  Мухаммедур-

расулулла» сөзі. Мағынасы: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның 

елшісі». 

Кәраһат  (ةيهارك):жиіркенішті,  тіксіну,  қаламау.  Харамға  жақын  болған 

немесе  орындалуы  жақсы  көрілмеген  нәрсе.  Ислам  дінінде  тәрк  етілуі 

қажет болған нәрсенің тәрк етілмей жалғасын табуы.  

Кәраһат уақыттары (ةهوركملا تاقولأا):намаз оқуға тахриман мәкрүһ, яғни, 

харам болған уақыттар. Күн шығып келе жатқанда, тапа-тал түсте және 

күн батып бара жатқанда. 

Күң: соғыста тұтқынға алынып, ислам мемлекетіне әкелінген әйел. 

Күнә  (بنذ  ،مثإ):Алланың  әміріне  қарсы  шығып,  жаман  нәрсені  істеу. 

Тәубасына келмесе, ол үшін жаза алады. 



Кебін:  қайтыс  болған  мұсылман  адамды  орайтын  ақ  мата.  Кебіннің  ең 

азы әуретті жауып тұруы тиіс. Ал мүмкіндік болса, ер кісілерді үш қабат 

матамен, әйел адамдарды бес қабат матамен кебіндеу – сүннет. 

Керемет  (ةمارك):  әулиелердің  әдеттен  тыс  нәрселер  мен  құбылыстарды 

көрсетуі,  яғни  физика,  химия,  физиология  заңдылықтарынан  тыс  пайда 

болған нәрселер, құбылыстар, оқиғалар. 

Кирамән  Катибин  (ناميركنابتاك):адамдардың  иығында  болған,  сауаптары 

мен  күнәларын  жазатын  періште.  Қорғаушы  періштелер  деп  айтқан 

ғалымдар бар. 

Кисаниия  (Кәйсаниия):шииттер  ағымының  бір  тармағы.  Мұхтар  ибн 

Әби  Убайд  әс-Сақафи  негізін  қалаған  адасқан  ағым.  Мұхтар  ибн  Әби 

Убайд  әс-Сақафидің  бір  аты  Кәйсан  болғандықтан  Кәйсаниия  деп 

аталған.  Хазірет  Әлидің  ұлы  Мұхаммед  ибн  әл-Ханафияның  әкесінен 

кейін  имамдықты  (халифалықты)  қабыл  еткен  Кәйсаниия  ағымы,  Алла 

Тағаланың  бәда  (бұрынғы  үкімін  ауыстыратын)  сипаты  болғандығын 

алға  тартады.  Мұхаммед  ибн  әл-Ханафиияның  Радуа  тауларында  өмір 

сүріп жатқандығына, оңы мен солында екі арыстанның қорғайтындығын 

және келешекте Маһди ретінде келетіндігіне сенеді. 


22 

 

Кітап  және  сүннет  (ةنسلا  و  نآرقلا):Құран  кәрім  және  Мұхаммед 

пайғамбардың  хадистері  деген  мағынаны  білдіретін  ұғым.  Сүннет 

сөзінің ислам дінінде үш мағынасы бар. 

1.

 

«Кітап  және  сүннет»  деп  бірге  айтылса;  Кітап  –  Құран  Кәрім, 



сүннет – хадис дегенді білдіреді. 

2.

 



«Парыз және сүннет» деп айтылғанда; парыз  – Алла Тағаланың 

бұйрықтары,  сүннет  –  Мұхаммед  пайғамбардың  сүннеті,  яғни 

істегендері айтқандары мен бұйырғандары дегенді білдіреді. 

3.

 



«Сүннет»  сөзі  өзі  ғана  қолданылған  жағдайда,  шариғатты,  яғни 

бүкіл  ислам  құқығын  (Исламдағы  бұйрықтар  мен  тыйымдарды) 

қамтиды. 

Киелі кітап (يسدقلا باتكلا): христиандардың «киелі» деп иман еткен Көне 

өсиет және Жаңа өсиет деген бөлімдерден тұратын кітабы. Бұны «Інжіл» 

деп те атайды. Көне өсиетте ол уақытқа дейін келген пайғамбарлардың 

және  Мұса  пайғамбардың  берген  хабарларын  қамтылған.  Ал  жаңа 

өсиетте  Иса  пайғамбарға  иман  келтірген  Матта,  Маркос,  Лука  және 

Йоханнаның жазған кітаптары, Иса пайғамбардың өмірбаяны, істеген іс-

әрекеттері мен айтқан насихаттары қамтылған.  

Китабәт (ةباتك):жазу ғылымы. 

Көркем  жазу  және  өнегелі  сөздерді  жақсы  түсіндіру  үшін  қолданылған 

жазу әдістері мен қағидалары. 

Күпір  (رفك):  жасыру,  ақиқатты  жасыру,  бүркемелеу,  ақиқатты  қабыл 

етпеу. Ислам дінінде нақты белгілі болған, иман келтіруі міндетті болған 

нәрселерді қабыл етпеу. 

Кусуф  намазы  (فوسكلا  ةلاص):күн  тұтылғанда  ең  азы  екі  ракағат 

жамағатпен немесе жеке оқылатын намаз. 



Кутуби ситта (ةّتسلا بتكلا):алты кітап. Құран кәрімнен кейін ислам дінінің 

екінші  қайнар  көзі  болған  хадистерді  қамтыған,  дұрыстығы  ислам 

ғалымдары  тарапынан  қуатталған  алты  хадис  кітабына  берілген  атау. 

Олар:  Имам  Бұхаридің  «Сахих  Бұхариі»,  Имам  Муслимнің  «Жамиғус-

сахихы»,  Имам  Мәліктің    «Муаттасы»,  Имам  Тирмизидің  «Сүнәні», 

Имам  Әбу  Дәуіттің  «Сүнәні»,  Имам  Нәсаидің  «Сүнәні»  (немесе  Ибн 

Мәжәнің Сүнәні). 

 

Қ 

 

Қабір (ربق):қайтыс болған адамды жерлейтін жер. 



Қабірдегі  өмір:адам  баласы  өліп,  қабірге  жерленгеннен  кейін,  қиямет-

қайым болып, мақлұқаттардың қайтадан тірілулеріне дейінгі уақыт. 



23 

 

Қабірдегі сұрақ-жауап:мәйіт жерленгеннен кейін қабірге Мүнкәр және 

Нәкір  деген  екі  періште  келіп,  өлген  адамнан  иман  және  сенім 

негіздерінен сұрайтын сұрақтары.  



Қабірді  зиярат  ету:өлімді  және  ақыретті  еске  түсіріп  ғибрат  алу  үшін, 

қабірде жерленгендерге дұға етіп, Құран оқу мақсатымен қабірге немесе 

мазаратқа бару. 

Қажылық  (جحلا):  ислам  дінінің  бес  парызының  бірі. Мұсылмандықтың 

шарттарын  орындап  жүрген  ауқатты  әр  мұсылманның  өмірінде  бір  рет 

ихрам  деп  аталатын  киімді  киіп,  Меккеге  барып  қағбаны  зиярат  етіп, 

арафат  деп  аталатын  мекенде  біраз  уақыт  тұруы  және  басқа  да  тиісті 

міндеттерді орындауы. 

Қажет  намазы  (ةجاحلاةلاص):  материалдық  және  рухани  мұқтаждық 

жағдайында    арманға  жету  ниетімен  екі  ракағат,  ең  көп  он  ракағат 

оқылатын намаз. 

Қадариия  (ةيردق):  хижраның  екінші  ғасырында  Уасыл  ибн  Ата 

тарапынан негізі қаланған, «Құл өзінің іс-әрекеттерін өзі жаратады» деп 

тағдырды,  Алла  Тағаланың  жазуымен  болғандығын  мойындамаған 

адасқан ағым.  



Қазы (ئضاق):ислам шариғаты бойынша үкім жүргізетін сот, төреші. 

Қадианилік  (ахмадилік):  XIX  ғасырда  Үндістанда  Пенджаб 

аймағындағы  Қадианда  пайда  болған  адасқан  ағым  ағым,  негізін 

қалаушы  қадиандық  Мырза  Ғұлам  Ахмед  (1839-1908).  Көзқарастарын 

ислам  дінінің  ақыреттік  өмірге  қатысты  хабарлары    арқылы 

қалыптастырған. Бұл қозғалыс исраилият деп қабылданған сенімдерден, 

ойдан 


құрастырылған 

аңыз-әңгімелерден,  жалған 

хадистерден, 

түстерден  және  қиямет-қайымға  байланысты  ұстанымдардан  құралған, 

ислами  білімі  төмен  көпшілікке  кері  ықпалын  тигізуде.  Үндістандағы 

саяси, әлеуметтік және мәдени ортаны тиімді пайдаланған Ғұлам Ахмед 

алдымен  өзін  «жаңартушы»  (реформатор),  кейіннен  «құтқарушы» 

(Мәсих-Маһди), одан кейін «пайғамбар» ретінде танытқан. Ислам әлемі 

бұл ағымды адасқан деп пәтуа қабылдап, өз мемлекеттерінде таралуына 

тыйым салған.  



Қадыр  түні  (ردقلا  ةليل):Рамазан  айының  ішіндегі  Құран  Кәрім  түсе 

бастаған қасиетті түн. Оның атауымен Құранның 97-сүресі аталып, онда 

аталмыш түн жайында баяндалған. 

Қанағат  (ةعانق):баспана  және  жеп-ішу  жағдайларында    таза  еңбегі  мен 

маңдай терінің арқасында тапқандарына разы болып, біреудің табысына 

көз тікпеу. 

Қари  (ئراق):  оқушы.  Құран  кәрімді  толығымен  жаттаған  және  жатқа 

оқитын адам.  



24 

 

Қайлулә  (ةلوليقلا):тал  түсте  біраз  көз  шырымын  алу.  Қайлуләны  түстен 

кейін немесе бұрын орындауға болады. 

Қаза  ету  (ىضق):намаз,  ораза  секілді  парыз  және  уәжіп  ғибадаттарды  өз 

уақытында орындамағандықтан  кейінге қалдыру. 



Қаза  намаз:белгілі  бір  себептермен  уақытынан  кешіктіріліп  оқылған 

намаз. 


Қыран  қажылық:үлкен  қажылық  пен  умра  қажылықты  бірге 

орындауға ниет етіп ихрамға кіріп, умраның міндеттерін орындағаннан 

кейін ихрамын шешпей сол ихраммен қажылық міндеттерін де орындау. 

Бұл қажылықты орындағанға қыран қажы деп атайды. 



Құдси  хадис  (يسدق  ثيدح):  мағынасы  Алла  Тағала  тарапынан,  сөздері  

Мұхаммед пайғамбар тарапынан жеткізілген хадистер.  



Құтпа (ةبطخ): баяндама, сөз сөйлеу, уағыз айту. Жұма намазынан бұрын, 

айт  намаздарынан  кейін  имамның  мінберге  немесе  биіктеу  бір  жерге 

шығып жамағаттың алдында оқитын арабша мәтіндері. 

Қыбла  (ةلبق):мұсылмандардың  намаз  оқитын  кезінде  жүзін  қарататын 

тарап.  Мекке  қаласындағы  қасиетті  Харам  мешітінде  орналасқан  Қағба 

тарапы. 

Қырағат (ةءارق):«Қырағат» араб тілінде «оқу» деген мағына береді. Діни 

ғылымдарда бұл термин бірнеше мағынада қолданылады. Мысалы, фиқһ 

ілімінде «қырағат» сөзінің мағынасы намаздың ішінде Құран оқу. Құран 

ілімдері  ғылымында  «Құран  оқу  мәнері»  және  әртүрлі  араб  тілі 

диалектілерінде «Құран оқу тәсілі» деген мағынада қолданылады. 

Қырағат  ілімі:  Құран  Кәрім  сөздерінің  оқылу  түрлерін  риуаяттармен 

бірге білдірген ғылым. 



Қирағати  сәбға  (жеті  қирағат)  (ةعبسلا  تاءارقلا):  жеті  қырағат 

имамдарының  Құран оқу түрлері. Жеті қырағат имамдары: Имам Нафи, 

Абдуллаһ  ибн  Кәсир,  Әбу  Амр,  Ибни  Амир,    Асим,  Хамза,  Имам 

Қисаиилардың оқу түрлері жеті қирағат деп аталады. 



Қысас  (صصق):  кек  алу,  қарымта,  есе  қайтару.  Ислам  шариғатында 

қазының кісі өлтіргеннен не біреудің дене мүшесіне зақым келтіргеннен 

және  т.с.с.  қылмыс  жасаған  адамнан  кек  алу  мақсатында  оған  жасаған 

қылмысына сәйкес жаза қолдануы «қысас» деп аталады. 



Қиям  (مايق):намаз  кезінде  тік  тұрған  қалыпта  Құран  аяттарын  оқитын 

кезең. Намаздың ішкі парыздарының бірі. 



Қиямет 

ғаламаттары 

(ةمايقلا 

تاملاع):қиямет 

қайымның 

жақындағандығын  білдіретін  Мұхаммед  пайғамбардың  хабар  берген 

үлкен, кіші белгілері, ишараттары.  



Қияс (سايق): үкімі жоқ нәрсені үкімі бар нәрсемен екеуіне ортақ себепке 

байланысты  салыстырып,  үкімі  жоқ  нәрсеге  үкім  шығару.  Қияс  шарғи 

үкім  шығарғанда  Құран  Кәрім,  хадис  және  ижмадан  кейінгі  төртінші 


25 

 

дереккөз болып табылады. Төрт мәзһаб ғалымдары қиястың шарғи дәлел 



болатындығына келіскен. 

Құба  мешіті  (ءابقلا  دجسم):  ислам  тарихында  Мұхаммед  пайғамбар 

Меккеден Мадинаға көшкен кезде, Мадина қаласына жақын Құба деген 

елді  мекенге  жеткенде  бірнеше  күн  түнеген  кезінде  салынған  алғашқы 

мешіт. 



Құдус  (سدقلا):Палистинада  Сүлеймен  пайғамбар  тарапынан  салынған 

Ақса мешіті орналасқан қала. 



Құл (دبع): 

1.

 



Ғибадат  еткен,  бойұсынған,  қызмет  еткен,  тіршілік  иесі  (адам, 

періште және жын). 

2.

 

Құл.  



Құл ақысы (دبعلا قح): бір адамның біреуден алатын ақысы, хақ-құқығы.  

Құныт дұғасы (تونق ءاعد): бойұсыну, ғибадат. Ханафи мәзһабында үтір-

уәжіп  намазының  үшінші  ракағатында  қысқа  сүре  оқылғаннан  кейін, 

Шафиғи  мәзһабында,  таңғы  намаздың  парызының  екінші  ракағатында 

рүкүғдан тұрғаннан кейін оқылатын дұға. 



Құран  Кәрім  (ميركلا  نآرقلا):  Алла  Тағаланың  Мұхаммед  пайғамбарға 

түсірген  кітабы.  Қияметке  дейін  өзгеріссіз  сақталатын  қасиетті  кітап. 

«Құран» сөзі араб тілінде «оқылған» деген мағынада қолданылған. 

Құрбан-айт  (

ىحضلأا  ديع

):мұсылмандар  құрбандыққа  мал  шалатын 

зулхижжа айының оныншы күні болатын мереке (ид әл-адха немесе ән-

нахр).  

Қурайыш:  Мұхаммед  пайғамбардың  ішінен  шыққан  тайпаның  аты. 

Мұхаммед  пайғамбардың  он  бірінші  атасы  болған  Құрайыштың 

балалары және немерелері. 

Құрайыш  диалектісі:араб  тілінің  Құрайыш  тайпасы  сөйлеген 

диалектісі. Құран кәрім осы диалекті бойынша түскен және сол диалекті 

бойынша хатқа түсірілген. 

Қыбләтәйн  мешіті  (نيتلبقلا  دجسم):  Мұхаммед  пайғамбардың  Мадина 

қаласында  бесін  немесе  екінді  намазын  оқып  тұрған  кезде  құбыланың 

Құдыстан Қағбаға қаратылу бұйрығы түскен мешіт. 

Қара  тастың  рүкіні:  қағбада  қара  тастың  орналасқан  тұсы.  Қағбаны 

тауап  етуді қара тас тұрған жерден бастап,  сол жермен аяқтау қара тас 

рүкіні болып табылады. 

Қоштасу  қажылығы:  мұсылман  жыл  санауының  хижра  бойынша  10- 

жылында  Мұхаммед  пайғамбардың  жүз  мыңнан  асатын  сахабаларымен 

жасаған соңғы қажылығы. Қоштасу қажылығында Мұхаммед пайғамбар 

Арафат  жазығының  ортасында,  Қусуа  атты  түйесінің  үстінде  қоштасу 

құтпасын оқып, асхабы-кираммен қоштасты.  


26 

 

Қоштасу  құтпасы  (عادولا  ةبطخ):  қоштасу  қажылығында  Мұхаммед 

пайғамбардың  оқыған  құтпасы.  Осы  құтпада  Мұхаммед  пайғамбар 

адамдарға  әйелдердің  құқығын  сақтауды,  әйелдерге  ар-намыстарын 

қорғауды  өсиет  етіп,  адамдардың  Алланың  алдындағы  өзара  теңдігі 

туралы насихат қалдырған.  



 

Л 

 

Лахид  (лахат):  қабір  қазылғаннан  кейін  қабірдің  астынғы  жағының 

құбыла жағынан қабірдің бойымен, ішіне адам сиятындай кеңдікте және 

тереңдікте қазылатын жер. 

Лахн: қателік жасау, дұрыс жолдан адасу. 

1.

 



Тәжуид  ғылымында,  тәжуид  ережелеріне  мән  бермегендіктен 

туындаған қателік. 

2.

 

Тәғанни 



(өлеңдету), 

дыбысты 


музыкалық 

ноталарға 

сәйкестендіріп,  мағынасын  бұзатындай  түрде,  әріптер  мен  сөздерді 

ауыстырып,  дыбысты  бірде  жоғары  бірде  төмен  шығарып,  жақты 

ойнатып оқу. 

Лақаб  (بقل):  бір  адамды  мақтау  үшін  немесе  келекелеу  үшін  тағылған 

есім.  


Лағнет  (ةنعل):қарғыс;  адамның  жаман  жағдайға  ұшырауын,  Алла 

Тағаланың  кешірімі  мен  мейірімінен  құр  алақан  қалуын,  қиянат 

жасағандардың  немесе  жамандық  жасағандарына  байланысты  жазаға 

тартылуын қалау. 



Ләббәйк (كيّبل): 

1.

 



Қажылықты  немесе  умраны  орындау  үшін  ниет  етіп  ихрамға 

кіру  кезінен  басталып,  ихрамды  шешкенге  дейін  жалғасатын  мүбарак 

сөз.  Яғни,  «Ләббәйк  Аллаһумма  ләббәйк,  ләббәйка  ләә  шәрика  ләкә 

ләббәйк иннәлхамдә уаниғматака ләкә уәл-мулкә ләә шәрикә ләк». Мұны 

«тәлбия» деп те атайды. 

2.

 



«Тақсыр»,  «айта  беріңіз»,  «тыңдап  тұрмын»,  «ләббәй» 

мағынасында, шақырғанға жауап түрінде қолданылады. 



Лиуаи  Хамд:  шүкір  туы  (байрағы).  Қиямет  күнінде,  жандылар  тіріліп, 

арасат  алаңына  жиналғанда,  Алла  Тағаланың  Мұхаммед  пайғамбарға 

беретін, астында иман келтіргендердің жиналатын туы. 

Луката:жолда  немесе  басқадай  бір  мекенде  табылған,  иесінің  кім 

екендігі білінбеген дүние-мүлік. 



 

М 

 

Мазлум (مولظم): зұлымдыққа, әділетсіздікке душар болған адам. 

27 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет