Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,78 Mb.
#2993
1   2   3   4   5   6   7

 

Ф 

 

Фақиһ (هيقف): 

1.

 



Ислам  құқығы  ғалымы.  Ислам  дінінің  амалға  және  қарым-

қатынасқа байланысты үкімдерде терең мағлұматты болған ғалым. 

2.

 

Мүжтәһид.  Құран  мен  хадисте  нақты  білдірілмеген  үкімдерді 



қияс жолымен шығара алатын, ижтиһад жасау дәрежесіне жеткен терең 

білімді ғалым.  



Фатимилер  (نويميطف):  Мәймун  әл-Қаддахтың  ұрпағынан  тараған 

Убайдуллаһ  ибн  Сағидтің  айналасына  жиналған,  өздерінің  хазірет 

Фатиманың ұрпағынан болғандықтарын алға тартып, Мысыр, Солтүстік 

Африка,  Палестина  мен  Сирияда  910-1171  жылдар  арасында  өмір 

сүрген,  сахабаларға  дұшпандығымен  танылған    Убайдилер  әулеті.  260 

жылдай  уақыт  әһли  сүннет  мұсылмандарына  зұлымдық  жасаған 

фатимилер  көптеген  кінәсіз  мұсылмандарды  өлтірді.  Аббаси 

халифатының  халифалығын  мойындамай,  ислам  ынтымақтастығын 

бұзды.  Кейбір  кезеңдерде  Аббаси  халифалығы  мен  Сулчуктыларға 


52 

 

қарсы христиандармен бірлесіп, одақтас болып, мұсылмандарды бөлуге 



әрекет жасаған.  

Фәжри  Садық:  таңғы  уақыт.  Шығыстан  күн  шапағының  шығуымен 

байланысты уақыт. Бұл уақыттарда рамазан айы мен басқа уақытта ораза 

ұстаушы ауызын бекітеді. 

Фиқһ  (هقف):  білу,  түсіну.  Ислам  дінін  тану.    Ислам  дінінде  орындалуы 

немесе орындалмауы қажетті болған істерді танытатын ғылым. 



Фиқһ  усулы  (هقفلا  لوصأ):ислам  құқығының  үкімдерін,  аяттар  мен 

хадистерден  қандай  әдістермен  үкім  шығарылғандығын  үйрететін 

ғылым.  

Фисәбилиллаһ (الله ليبس يف):Алла жолында. Қандай да бір істің тек қана 

Алла ризалығы үшін орындалғандығын білдіретін сөз. 



Фитна  (ةنتف):бөлінушілік,  дүрдараздық,  бұзушылық;  адам  баласын 

ақиқаттан алыстататын нәрсе. Адамдарды ауыртпалыққа, қиыншылыққа 

ұшырататын,  мұсылмандардың  зиян  шегуіне  апарып  соғатын  іс. 

Дұшпандыққа себеп болған нәрсе. 



Фиқһ  усулы  ілімі  (هقفلا  لوصأ  ملع):ислам  құқығы  мағлұматтарының, 

аяттар мен хадистерден қалай шығарылғандығын үйрететін ғылым. 



 

Х 

 

Хадди  Сирқат  (Ұрлық  жазасы)  (ةقرسلا  دح):  ислам  құқығында  біреудің 

аз  немесе  көп  дүние-мүлкін  жасырын,  хақсыз  және  ризашылығынсыз 

алуына байланысты берілген жаза. 

Хадди зина (зина жазасы) (انيزلا دح):ислам мемлекетінде ақыл-есі дұрыс, 

балиғат жасына толған, сөйлей алатын мұсылман немесе мұсылман емес 

ер  мен  әйелдің  қысымшылық  көрсетілместен,  өз  қалауларымен 

ойнастық жасаған жағдайында берілетін жаза. 



Хадис  (ثيدح):Мұхаммед  пайғамбардың  сөйлеген  сөздері,  жасаған  іс-

әрекеттері және көріп, құптағандары. 



Хадис имамы (ثيدحلا يف مامإ): үш жүз мыңнан астам хадисті рауилерімен 

(риуаят  етуші,  жеткізушілерімен)  қоса  білген  терең  хадис  ғалымы. 

Хадис имамдарының ең шоқтығы биігі – Имам Бұхари. 

Хажамат (ماجه): дененің белгілі жерлерінен қан алдыру. 

Хажарул  әсуад  (داوسلأا  رجح):Қағбаның  шығыс  бұрышында  бір  жарым 

метр биіктікте тұрған жәннаттан келген делінетін қара тас.  



Хасан  хадис  (نسح  ثيدح):риуаят  жеткізгендердің  дұрыс  және  сенімді 

болуымен қатар сахих хадистерді жеткізгендердей зейіні, түсіну қабілеті 

қуатты болмаған адамдардың жеткізген хадистері. 

Хафиз  (ظفاح):  «жатқа  білген»  деген  мағынаны  білдіреді.  Рауилерімен 

қоса  жүз  мыңға  тарта  хадисті  жатқа  білген  хадис  ғалымы.  Ал  Құран 



53 

 

Кәрімді жаттағандар «қари» деп аталады. Қазіргі таңда хадистерді жатқа 



білетіндер  жоқ  болғандықтан  Құранды  жатқа  білушілерді  жаңылысып 

«хафиз» деп атау кездеседі. 



Халал (للاح):ислам шариғаты бойынша мұсылмандардың пайдалануына 

рұқсат етілген амалдар мен нәрселер. 



Халифа  (ةفيلخ):  

" біреудің  орнына  келген  орынбасар»  мағынасында. 

Мұхаммед  пайғамбардың  өкілі  және  дүние  жүзіндегі  мұсылмандардың 

басшысы.  Ислам  тарихында  алғашқы  кезеңде  «халифа»  атағы  діни  әрі 

саяси басшыға қолданылды. Ислам халифалығының алғашқы басшысы – 

Мұхаммед  пайғамбар,  одан  кейін  төрт  «хулафаи-рашидиндер»  – 

«әділетті халифтер» болып табылады. 

Ханиф  (فينح):  адасушылықтан,  қате  сенімдерден  ақиқатқа,  шындыққа 

бастайтын  дұрыс  жол  тапқан  сенуші.  Ислам  дінінен  бұрын  Араб 

түбегінде  пұттарға  табынбай,    Ибраһим  пайғамбардың  дінінде 

болғандарға берілген есім. 



Харам  (مارح):Алла  Тағаланың  Құран  Кәрімде  «істемеңдер»  деп  нақты 

түрде  тыйым  салған  нәрселері.  Сондай-ақ  «харам»  сөзінің  мынадай 

мағыналары бар: 

1.

 



Мекке  қаласының  аймағы,  Ибраһим  пайғамбардың  шекарасын 

білдіріп кеткен мекені. Бұл мекенге мұсылман еместердің кіруіне тыйым 

салынғаны әрі ихрамда болған уақытта кейбір нәрселерді істеуге тыйым 

салынғандығы үшін «харам» деп аталған. 

2.

 

Мұсылмандардың  үйлерінде,  саяжайларында  тек  қана  әйел 



адамдардың отыруы үшін бөлінген арнайы бөлме, пәтер.  

3.

 



Харам  ли  айниһи  (هنيعل  مارح):өздігінен  харам  болған  нәрселер. 

Шошқа  еті,  өлексе,  арақ  және  т.б.  Алла  Тағала  тарапынан  тыйым 

салынған нәрселер «харам ли айниһи» деп аталады. 

Харам  ли  ғайриһи  (هريغل  مارح):негізі  харам  емес,  кейіннен  туындаған 

мәселелерге байланысты харам болған нәрселер. Мысалы: біреудің бау-

бақшасына кіріп рұқсатсыз жеміс-жидектерін алу. 

Харамәйн  (نيمرح):ілтипатпен  құрмет  көрсетуге  лайықты  екі  аймақ. 

Мекке мен Мадина қалаларына берілген атау. 



Харижилер  (نويجراخ):Сыффин  шайқасында,    екі  жақ  қазының  үкіміне 

разы  болып,  келісімшартты  қабыл  еткендігі  үшін  хазіреті  Әлидің 

әскерінің  қатарынан  бөлініп  шығып,  «Қазылық  тек  қана  Аллаға  тән. 

Хазіреті  Әли  екі  қазының  үкіміне  бойұсынып,  халифалықты  хазірет 

Муғауияға  тапсырып,  үлкен  күнә  жасады»  деп  есептеген  және  өз 

қатарына қосылмаған сахабалар мен мұсылмандарды кәпір деп санаған 

адасқан ағым. Харижилер Хазіреті Осман, Әли, Амр ибн Ас, Әбу Муса 

Әл-Әшғари,  Хазірет  Айша,  Талха  және  Зубайырмен  бірге  Сыффин 

шайқасында  қазылардың  үкіміне  разы  болғандардың  барлығын  кәпір 


54 

 

деп  таниды.  Үлкен  күнә  істегендерді  кәпір  деп  санап,  оларды  тозақ 



отында  мәңгілік  қалады  деп  есептейді,  залым  имамға  (мемлекет 

басшысына) қарсы шығуды уәжіп деп есептейді.  



Хашауиия  (ةيوشخلا):Алланы  мақұлұқаттарға  және  жаратылыстарға 

ұқсатқан,  материалдық  ағзадан  тұрады  деп  санаған  адасушы  ағым. 

Аллаға  ағзалар  телу  алғаш  рет  хашауилер  тарапынан  жасалған.  Бұл 

бұзылған сенім кейіннен шииттер мен басқа ағымдарға жалғасқан. 



Хашыр  (رشحلا):жиналу,  бір  жерге  келу.  Алла  Тағаланың  бүкіл 

адамзатты,  періштелерді,  жындарды,  шайтандарды,  хайуандар  мен 

құстарды,  жер  мен  көктегі,  теңіздердегі  үлкен-кіші  жәндіктердің 

барлығын қиямет-қайымнан кейін тірілтіп, дүниеде істегендерінің есебін 

беру үшін «арасат» деген алаңға жинауы. 

Хатәмул-Әнбия  (ءايبنلأا  متخ):пайғамбарлардың  соңғысы  –  Мұхаммед 

пайғамбар. 



Хатиб (بطاخ):мешітте мұсылмандарға діни  үгіт-насихат  жүргізіп, құтпа 

оқушы.  


Хатым  (ميركلا  نآرقلا  متخ):Құран  Кәрімді  басынан  («Фатиха»  сүресінен 

бастап) соңына («Нас» сүресіне) дейін оқу. 



Хауари (يراوخ):жәрдемші. Иса пайғамбарға иман келтірген он екі кісі. 

Хижра  (ةرجه):  бір  жерден  екінші  бір  жерге  көшу.  Мұхаммед 

пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшуі. 



Хадис  усулы  ілімі  (ثيدحلا  لوصأ  ملع):хадистердің  түрлерін  анықтап 

түсіндіретін ғылым. 



Харам  мешіті  (مارحلا  دجسم):  қасиетті  Қағбаның  жан-жағына  салынған 

үсті ашық мешіт. 



Хафи  зікір  (يفخ  ركذ):  Алла  Тағаланы  үнсіз,  іштей,  жүрекпен  еске  алу, 

зікір ету. 



 

Ч 

 

Чиле  (шілде):  дәруіштердің  нәпсілерін  тәрбиелеп,  тақуалық  жолында 

кемелдену  мақсатында  қырық  күн  бойы  оңаша  мекенде  құлшылық, 

ғибадатпен  шұғылдануы.  Өз  нәпсісін  тәрбиелеу  барысында  оңаша 

қалуы. 



Чилехана (шілдехана):чиле орындалатын мекен (қараңыз, Чиле). 

 

 



 

 

Ш 

 

55 

 

Шазз  қырағаты  (ةءارق  ةذاش):  араб  тілінің  грамматикасына  сай, 

мағынасын  өзгертпейтін,    бірақ  кейбір  сөздері  хазіреті  Османның 

көбейткен нұсқасына ұқсамаған Құран кәрім қырағаты.   



Шафиғи (يعفاشلا مامإ):   

1.  Имам  Шафиғидің  мәшһүр  аты.  Ол  шафиғи  мәзһабының  негізін 

салушы. 

2.  Әһли  сүннет  уал  жамағаттың  амалдағы  төрт  мәзһабтың  бірі 

болып табылатын Шафиғи мәзһабын ұстанған тұлға. 

Шафиғи мәзһабы (يعفاشلا بهذم): Әһли сүннет уал жамағаттың амалдағы 

төрт  мәзһабының  бірі.  Имам  Шафиғидің  мәзһабы,  жолы.  Ханафи 

мәзһабынан  кейін  ең  көп  ұстанушылары  бар  Шафиғи  мәзһабы  Имам 

Шафиғидің  көзі  тірі  кезінде  Мекке,  Мадина  және  Палестина  жерінде 

өмір сүрген мұсылмандар арасында кең таралды. Қазіргі таңда Мысыр, 

Сирия,  Иран,  Орта  Азия,  Кавказ,  Әзірбайжан,  Индия,  Филиппин, 

Малайзия,  Индонезия  аумағында  және  Түркияның  шығыс  және 

оңтүстік-шығыс жағында таралған. 



Шаһид (دهاش):  

" куәлік еткен», «көріп-білген» деген мағынаны білдіреді. 

Бір  адамның  басқа  бір  адамда  хақысының  болғандығын  дәлелдеу  үшін 

«куә  боламын»  деп  сот  пен  қарсыласы  алдында  хабар  беруші.  Құран 

Кәрімде:  «Әй,  мүміндер!  Әрдайым  әділетпен  іс-әрекет  етіңіз. 

Әділеттілікті  орнына  келтіруге  еңбек  етіңіз.  Алла  үшін  куә  болыңыз» 

деп бұйырылған. 

Шарт (طرش): бір істің немесе үкімнің орындалуын міндеттемеген, бірақ 

орындалмауы салдарынан ол істі немесе үкімді ортаға шығарған нәрсе. 

Мысалы, куәлік етушілердің болуы некенің дұрыс, әрі заңды болуы үшін 

шарт  болып  табылады.  Куәлар  болмайынша,  неке  нақты  болмайды. 

Алайда куәлердің болуы некенің болуын міндеттемейді. Куәлар болса да 

неке  қиылмауы  мүмкін.  Тағы  бір  мысал:  намаздың  дұрыс  болуы  үшін 

дәрет  алу  шарт  болып  табылады.  Бірақ  дәрет  намаздың  міндетті  түрде 

орындалуын шарт етіп қоймайды. 



Шаут:  қажылық  кезіндегі  саи  (жүру,  жүгіру)  деп  аталатын  қажылық 

міндетін  орындап  жатқанда,  Сафадан  Маруаға,  Маруадан  Сафаға  әр 

келгенде  аяқталатын,  сонымен  қатар  тауап  жасап  жатқанда  Қағбаның 

Хажарул-асуад  тұрған  бұрышынан  басталып,  сол  жерге  келген  кезде 

аяқталатын бір айналым. Тауап жеті шауттан тұрады, сол сияқты саи да 

жеті  шаут  болады.  Сафадан  Маруаға  бір  мәрте  бару  бір  шаут  болғаны 

сияқты, Маруадан Сафаға бір мәрте келу де бір шаут  болып табылады. 

Осылайша төрт мәрте бару және үш келу болады. 



Шапағат  (ةعافشلا):  қиямет  күні  Алла  Тағаланың  рұқсат  етуімен 

Мұхаммед  пайғамбар  бастаған  өзге  пайғамбарлар,  ғалымдар,  шейіттер, 

салихтар  (жақсы  адамдар)  және  жас  кезінде  өлген  мұсылман 


56 

 

балаларының  күнәһар  болған  мүміндердің  күнәлары  кешіріліп,  тозақ 



отынан  құтылуын,  жаннатта  болғандардың  ол  жердегі  дәрежелерінің 

артуын  Алла  Тағаладан  сұрауы,  араша  әрі  дәнекер  болуы.  Алла  Тағала 

Құран  Кәрімде  былайша  бұйырған:  «Сол  күні  Рахман  рұқсат  берген, 

сөзін жақтырғаннан басқаның шапағаты пайда бермейді». 



Шейіт (ديهش):Алла жолында соғысу кезінде қаза тапқан, Алла Тағаланың 

атын  ұлықтауға  еңбек  сіңірген  (исламды  таратқан)  немесе  дұшпан 

шабуыл  жасағанда  отанын,  діні  мен  ұлтын,  ар-намысын  қорғау  кезінде 

өлген  адам.  Шариғат  негіздері  бойынша  шейіттер  мынадай  үш  топқа 

бөлінеді:  ақыреттік  шейіт,  дүниелік  шейіт,  дүниелік  және  ақыреттік 

шейіт.  



Шаһуат  (ةوهش):  Адам  нәпсісінің  қалаулары.  Шаһуатпен  өзге  адамдарға 

қарау.  


Шариғат  (ةعيرش):  пайғамбарларға  келген  илаһи  үкімдер  (әмірлер  мен 

бұйрықтар), дін. Исламият. 



Шәууал  айы  (لاوشلا  رهشلا):  мұсылман  күнтізбесіндегі  оныншы  ай, 

Рамазан айынан кейін келетін ай.  



Шейх (خيش):  

1. Араб тілінде «қария» дегенді білдіреді.  

2. Бір ілім саласында ғалым болған адам.  

3.  Мүршид  кәміл:  адамдарға  Алла  Тағаланың    әмір  мен 

тыйымдарын  түсіндіруші,  ислам  дінін  таратушы  және  оларды  рухани 

тұрғыда жүзеге асырушы жетекші тұлға. 



Шейхуль-ислам  (ملاسلإا  خيش):  ислам  мемлекетіндегі  ең  жоғары  діни 

лауазым.  Діни  істерде  өз  заманында  ең  білімді  және  сөз  иесі  болған 

ғалым. 

Шайтан  (ناطيشلا):  өзінің  тәкаппарлығы  мен  менсінбеушілігінен  Алла 

Тағаланың әміріне тікелей қарсы келген, әрі оның рахымынан мақұрым 

қалған жаратылыс, Ібіліс.  

Шииа (шиға, шиит) (ةعيش): араб тілінде «жақтаушы» дегенді білдіреді. 

Хазірет  Әлиді  жақтап,  құрметтей  тұра,  кейбір  сахабаларды 

мойындамайтын және оларды даттайтын адасқан ағым. 

Шипа  (ءافش):  аурудан,  кеселден  құтылу,  жазылу,  жақсы  болу.  Шиит: 

шиға фырқасындаболған тұлға. 



Ширк (كرش): Алла Тағалаға серік қосу. 

Шүкір  (ركش):  өзіне  берілген  нығметті  орынды  қолдану.  Алла  Тағалаға, 

өзіне  берілген  нығметтерімен  қарсылық  жасамау.  Нығметтерді 

қолданғанда, олардың иесін ұмытпау. Өзіне көрсетілген жақсылықтарға 

шүкіршілік ету. Алла Тағаланың әмірлері мен тыйымдарына бойұсыну. 



57 

 

Шүкір  сәждесі  (ركشلا  ةدجس):  өзіне  нығмет  келген  кезде  немесе  бір 

дерттен және қиыншылықтан құтылған кезде адамның Алла Тағаланың 

разылығы үшін жасайтын сәждесі. 



Ы 

 

Ықылас  (صلاخا):  саф,  таза  ұстау,  ниетті  дұрыстау,  тазалау,  дүниелік 

мүддесін ойламастан барлық істерін, құлшылық, ғибадаттарын бір Алла 

үшін орындау. 

 

І 

 

Ібліс (سيلبإ): шайтанның аттарының бірі. Шайтандардың басшысы. 

 

Я 

 

Яжуж және Мәжуж (جوجامو جوجاي): Құран кәрімде аттары аталған қиямет 

қайымға  жақын  қалғанда  шығып,  дүние  жүзіне  таралатын  бүлік 

шығарушы екі қауым. 

Йәрхамукаллаһ  (للهاكمحري):  «Алла  тағала  саған  мейірімділік  жасасын» 

деген мағынадағы мүбарак сөз. Түшкіріп, «Әлхамдулиллаһ» деп айтқан 

адамға жанында отырған адамдар тарапынан айтылады. 

Яқин (نيقي): 

1.

 



Шәк және күмәннан аулақ болған; нақты. 

2.

 



Мықты,  тербелмейтін,  күмән  мен  күдікке  жол  бермейтін  сенім, 

иман. 

3.

 

Өлім. 



Ямин, қасам (مسقنيمي): серт, ант. Бір хабарды немесе бір шаруаны істеу 

немесе  істемеу  жайында  айтылған  уәде  сөз;  «уаллаһи»,  «таллаһи» 

түрінде  Алла  Тағаланың  есімдерін  айту  немесе  ислам  діннің  рұқсат 

еткен сөздерімен сөзін қуаттандыру. 



Ясауия:  Қожа  Ахмет  Ясауидің  тасаууфтағы  (сопылық)  жолы.  ХІІ 

ғасырда  ежелгі  Сайрам  (Испиджаб)  қаласында  дүниеге  келген  Ясауи 

рухани тәрбиенің алғашқы сабақтарын өз әкесі Ибрахим шайхтан алады. 

Әкесі  дүниеден  өткен  соң,  Арыстан  бабтан  аманат-ілімді  қабылдаған 

болашақ  Түркістан  пірі  біршама  уақыт  Ясы  (Түркістан)  қаласын  мекен 

етеді.  Есейе  келе  ілім  іздеп,  өз  хикметтерінде  айтылғандай,  «Хорасан, 

Шам, Иракқа сапар шеккен» Ясауи өз дәуірінің көрнекті ғұламаларымен

мәшһүр  сопыларымен  сұхбаттас  болып,  сопылық  тәжірибесін 

жетілдіріп, рухани кемелдену сатыларын өткеріп, толысқан шақта Ясыға 

оралады.  Сонда  тұрақтап,    тариқат  ілімін  таратады,  өзінің  ғибратты 

хикметтерімен  мәшһүр  болады.  Өмірін  Алла  жолына  арнаған,  сансыз 


58 

 

көп  шәкірт  тәрбиелеп,  рухани  кемелдікке  жеткізген  Йасауи  63  жасқа 



келгенде Мұхаммед пайғамбар жасынан асып, жер бетінде жүруді мақұл 

көрмей,  жер  астындағы  құлшылық  мекеніне  –  қылуетке  түседі,  қалған 

өмірін  сонда  өткізеді.  Түркі  сопылық  поэзиясының  көшбасшысы, 

«Түркістан пірі», «Әулиелердің сұлтаны» деген аттармен мәшһүр болған 

Қожа  Ахмет  Ясауидің  «Диуани  хикмет»  («Хикметтер  жинағы»), 

«Миратул қулуб» («Жүректің айнасы»), «Пақырнама» атты туындылары 

сақталған.  Ясауи  негізін  салған  рухани-моральдық  ілім  Түркістан, 

Мауарауннаһр, Хорасан және Хорезмде кеңінен таралған.  

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

 

1.

 



Seyyid  Şerif  Cürcani,  Arapça-Türkçe  Terimler  Sözlüğü  (Kitabu’t-Ta’rifat),  

Istanbul, Bahar yayınları, 1997. -288 s. 

2.

 

Yasin  Şeref  Asil,  Dini  Terimler  Sözlüğü,  Ankara,  Alter  yayıncılık,  2011.  -



457 s. 

3.

 



Abdullah  Yeğin,  Abdulkadir  Badıllı,  Hekimoğlu  İsmail,  İlham  Çalım, 

Osmanlıca  Türkçe  Ansiklopedik  Büyük  Lüğat,  Istanbul,  TÜRDAV  A.Ş. 

1992. – 1081 s. 

4.

 



Бүркітбай 

Аяған, 


Ж. Ибрагимов, 

Ж. Абдраманов, 

Ислам. 

Энциклопедиялық анықтамалық, Алматы, «Аруна Ltd.» 2010 ж. - 592 б. 



5.

 

،ةيملاسلإا تاحلطصملا مجعم



 

 ىزيلجنإ


 

نأ ،ىبرع



ـ

 ،يتانز دومحم رو

152

 



 

6.

 



Большой  арабско-русский  словарь,  Юшманов  А.С.,  Москва,  «Дом 

Славянской книги», 2010 г., 640 стр. 

7.

 

Краткая  энциклопедия  Ислама,  Гордон  Ньюби,    Фаир-Пресс,  2007  г., 



384 стр. 

 

 



 

 

 



 

 


59 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ИСЛАМДЫҚ ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ 



 

______________ 

 

 

Астана қ., Орынбор көшесі, 8  «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс 



 

 


60 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға 21.12.2015 ж. берілді.  

Тапсырыс №16.Бағасы келісімді. 

 

Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылды. 



«Алтын кітап» баспасы. 

010000, Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі 34, 3-каб. 



тел.: 8 7172 310903, e-mail: altynkitap@mail.ru 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет