Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,78 Mb.
#2993
1   2   3   4   5   6   7

Сиқыр  (رحسلا):  табиғат  заңдарынан  тыс,  жасырын  себептер  мен 

нәрселер қолдана отырып, жасалатын күнә іс. 



Cирати Нәбауи (ةيوبنلا ةريسلا): Мұхаммед пайғамбардың ғибратты өмірі, 

көркем мінезі. 



Сияр  (رايسلا):  Мұхаммед  пайғамбардың  өмірін,  көркем  мінезін,  басым 

қасиеттерін  түсіндіретін  ғылым  саласы;  осы  бағытта  жазылған  кітап. 

Ислам тарихында ең бірінші сияр (тарих) кітабын Мұхаммед бин Исхак 

Ясир жазған. 



Сопы (يفوصلا): жүрегін ғапылдықтан (Алланы ұмытудан, селқостықтан) 

және Алладан басқа нәрселерге байлаудан өзін қорғаған, нәпсісін тыюға 

ұмтылған, пәк және таза жүрекке ие болған жеке тұлға, әулие дәруіш. 

Сұхбат  (ةبيط  ةبحص):  Алланың  және  Мұхаммед  пайғамбардың  ұнатқан, 

риза болған нәрселері жайлы әңгімелесу.  



Сухуф  (فحص):  1.  Мұса,  Дәуіт,  Иса  және  Мұхаммед  пайғамбарға  төрт 

қасиетті  кітаптан  (Тәурат,  Забур,  Інжіл  және  Құраннан)  тыс  жіберілген 

100 дана парақша. Жүз парақшаның 10 парақшасы Адам, 50 парақшасы 

Шиш,  30  парақшасы  Идрис  және  10  парақшасы  Ибраһим 

пайғамбарларға  түскен;  2.  Амал  дәптері.  Адамдардың  дүниеде  жасаған 

жақсылықтары  мен  жамандықтары  жайлы  жазылған  және  қиямет  күні 

әркімнің  қолына  берілетін  дәптер.  Бұл  туралы  Құран  Кәрімдегі 

«Тәкуир» сүресінің 10-аятында айтылған. 



Сүре  (ةروس):  Құран  Кәрімнің  ең  азы  үш  аяттан  тұратын  бөлімдерінің 

бірі.  Құран  Кәрім  114  сүреден  тұрады.  «Бақара»  сүресінен  бастап 

«Бараат»  сүресіне  дейінгі  жеті  сүрені  –  ұзын  сүрелер,  «Фатиха»  және 

аяттары  жүз  аяттан  болған  сүрелерді  орта  сүрелер  және  қысқа  сүрелер 

деп атайды. 

Сунан (ننس):  

1.  «Суннатун»  деген  араб  сөзінің  көпше  түрі,  яғни  «сүннеттер» 

деген мағынаны білдіреді.  

2.  Шариғи  үкімдерді  баяндайтын  хадис  шәріптерді  жинақтаған 

хадис  кітаптарына  берілген  есім.  «Сунан»  сөзі  жеке  айтылғанда  төрт 

хадис ғалымдарының кітаптарының бірі түсініледі. Атап айтқанда, Әбу 



44 

 

Дәуіт, Тирмизи, Насаи және Ибн Мажа. Бұлардан басқа, «Сунан» кітабы 



деген  кезде  кітап  авторының  есімі  бірге  айтылады.  Мысалы,  «Сунан 

Дари Қутни», «Сунан Кабири Байхақи» деген секілді. 



Сүннет (ةنس): жол, заң, әдет.  

1.  Мұхаммед  пайғамбардың  айтқан  сөздері  (хадистері),  істеген 

амалдары  және  өзге  адамдардың  белгілі  бір  іс-әрекеттерін  көріп 

үндемеген, яғни құптаған нәрселері.  

2. Сүннет – шариғат дәлелдерінің төртеуінің бірі. Басқаша айтқанда, 

ислам құқығының екінші қайнар көзі. 



Сүндет:  ер  баланың  сүндет  терісінің  айнала  кесілуі,  яғни,  сүндеттелуі. 

Баланы  сүндетке  отырғызу  Мұхаммед  пайғамбардың  маңызды  сүннеті 

болып  табылады.  Сүндеттелу  адамның  мұсылман  екендігінің  белгісі 

болып есептеледі. Балалардың сүндетке отырғызу уақыты кесімді түрде 

белгіленбеген. Дегенмен көбіне балаларды 7 жас пен 12 жас аралығында 

сүндетке отырғызу әдетке айналған. 



Сүннит: Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалары сияқты иман еткен 

және  әһлі  сүннеттегі  4  мәзһаб  ғалымдарының  бірінің  жолын  ұстанған 

мұсылман адам. 

Сүрме (لحكلا): кірпіктер  үстіне жағылатын қара бояу. Сүрме жағу көзді 

қуаттандырады. Мұхаммед пайғамбар кешкі уақыттарда көздеріне сүрме 

жаққан.  

Сурияндықтар:христан дінінің католик бағытында болған және суриян 

тілінде  сөйлейтін  христиан  қауымы.  Мунафисия  (Иса  пайғамбардың 

бойында құдай және адами ерекшеліктерін біріктіре отырып, оны тек бір 

табиғат  деп  есептейді)  сенімінде  болып,  Иса  пайғамбарды  құдай  деп 

таниды. Урфаның патриархы Якуб Бердеи тарапынан құрылған. Антақия 

(Антиохия) патриархы Михаил Сурияни тарапынан таралған. Сириядағы 

христиандардың бір бөлігі суриян, бір бөлігі маруни болып бөлінеді.  

Сүт ана: екі жарым жастан кіші баланы емізген өз анасынан басқа әйел.  

Сүт бауыр: бір әйелден сүт емген бала. Екі жарым жастан кіші екі бала 

бір әйелден сүт еметін болса, онда екеуі сүт бауыр болып табылады. Бір-

біріне үйлене алмайды. Ханафи және малики мәзһабтары бойынша, бір 

әйелден  бір  тамшы  болса  да  сүт  емген  ер  бала  мен  қыз  бала  бір-біріне 

сүт бауырлар болады. Әйел олардың сүт анасы болады. Ал шафиғи мен 

ханбали  мәзһабтары  бойынша,  5  мәрте  ембейінше  бір-біріне  сүт 

бауырлар бола алмайды. Ханбали мәзһабы бойынша әр жаста емгендер 

сүт бауырлар болады. Ал қалған үш мәзһаб бойынша, екі жарым жастан 

үлкен  кезде  емгендер  сүт  бауырлар  болмайды.  Өз  бауырының  сүт 

қызымен  үйлену  харам  болғаны  сияқты,  сүт  бауырының  өз  қызымен 

және сүт бауырының сүт қызымен үйлену де харам болады. Сүт ананың 

бұл  емуден  бұрын  немесе  одан  кейінгі  еркектен  де,  яғни,  оның  тегінен 



45 

 

немесе сүт емуден болған балалары және сүт әкенің басқа да әйелдерден 



туылған  және  болатын,  тегінен  және  емуден  бауыр  саналатын 

балалардың барлығы бұл баланың бауырлары болып келеді.  

 

Т 

 

Тағдыр  (

،ردق

ريدقت

):  тағдыр  –  исламдағы  иман  шарттарының  алтыншысы 

болып  табылады.  Ол  бойынша  барлық  жақсылық  пен  жамандық  Құдай 

тарапынан  берілген  сынақ  екендігіне,  әрі  пенденің  өмірі  мен  әлемдегі 

құбылыстардың 

барлығын 

Жаратушының 

әлдеқашан 

жазып 


қойғандығына сену қажет.  

Ислам діні бойынша: 

1.

 

Тағдырға сену парыз; 



2.

 

Тағдырда  әділетсіздік  болмайды  (Әділетсіздік  –  Құдайдың 



болмысына қайшы. Сондай-ақ Ол – Сынаушы); 

3.

 



Тағдыр адамды таңдау еркінен айырмайды

4.

 



Тағдыр – күнә (жаман іс) істейтіндердің сылтауы бола алмайды 

(Өйткені  кез-келген  істе  істеушінің  қалауы  бар,  әрі  бұл  дүние  –  сынақ 

алаңы). 

Табиғин  (نوعباتلا):  Мұхаммед  пайғамбар  өз  хадистерінде  мақтаған, 

сахабалардан кейін келген абыройлы буын. Сахабаларды көріп, олардың 

мәжілісіне қатысқан мұсылман нәсілдері. 

Табиғатқа  табынушылар:  тіршілік  иелері  мен  табиғаттағы  адамзатты 

таң  қалдырған  жүйені  көріп,  бір  жаратушының  бар  екендігін  айтса  да, 

өлгеннен кейін тірілуге, ақыретке, жәннат пен тозаққа сенбегендер. 

Тағдил  әркан  (ناكرلأا  ليدعت):  намазда  рүкүғда,  рүкүғдан  кейін  қайта 

тұрғанда,  сәжде  де,  екі  сәжде  арасы  отырғанда  барлық  ағзалардың  

қимылының тоқтауынан кейін кішкентай кідіру. 

Тағзым (ميظعت): құрметтеу, сыйлау, қастерлеу.  

Тағзир  (ريزعت):  қылмысқа  және  адамына  қарай  өзгеріп  отыратын  сөгіс 

білдіру, ескерту жасау, түрмеге қамау және т.б. жазалармен жазалау. 



Ташриқ  тәкбир  күндері  (قيرشتلامايأريبكت):  Құрбан  айттың  2,  3  және  4-

күндері. 



Тафсили  иман  (ناميلإا  ليصفت):  иман  келтіру  міндетті  болған  нәрселерге 

кең, ауқымды түрде дәлелдерімен қоса сенуі. 



Тағут  (توغاطلا):  Алла  Тағаланың  бұйрықтары  мен  тыйымдарына  қарсы 

келген, ғибадат жасауға кедергі жасаған күштер. 



Тахарат  (ةراهط):  Тахарат  –  ислам  құқығының  (фиқһының)  адам 

денесінің тазалығын сақтау ережелерін реттейтін бірі бөлімі. Ол адамды 

діни  ғұрып  алдындағы  ластықтан  (жанаба)  шығаратын  бірқатар  іс-

әрекеттерді  қамтитын,  намаз  оқу  алдында  орындалуы  міндетті  шарт. 



46 

 

Мұсылман адам ішкі тахаратқа (тәубеге келу, күнә жасалған жағдайда 



оны  жуып  шаю  әрекеттерін  жасау,  кіршіксіз  таза  өмір  сүруге 

бейімделу)  және  сыртқы  тахаратқа  (денені,  киімді  таза  ұстау, 

тұрмыстық заттарды, үйді және т.б. тазалықта ұстау, ғұсыл, дәрет 

алу және топырақпен тәяммум соғу) бой ұсынғаны абзал. 

Тақиия (ةيقتلا): сөздікте  «қорғану»,  «сақтану»,  «екіжүзділік»,  «ұнатпаса 

да  біреумен  дос  болу»  деген  мағыналарды  білдіреді.  Адамның  өзінің 

сенімі  мен  көзқарасын  жасыруы.  Адасқан  ағымдардың,  әсіресе 

шииттердің  дұрыс  емес  сенімдерін  жасырып,  өздерін  әһли  сүннеттен 

сияқты көрсетулері. 

Тақлид (ديلقت): 

1.

 



Иман  келтіруі  міндет  болған  нәрселерге  ойланбастан, 

түсінбестен, біреуден естіп, көріп сенуі, иман етуі. 

2.

 

Амалдағы,  яғни  орындалатын  ғибадаттардың  және  амалдардың 



дәлелдерін 

зерттеп-зерделеместен 

бір 

мүжтаһидтің 



мәзһабына 

бойұсыну,  



Тақуа  (ىوقتلا):  Алла  Тағаладан  қорқып,  харамдардан  (тыйымдардан, 

күнәлардан) сақтанушы, бойын аулақ ұстаушы. 



Тариқат  (تاقيرط):  сопылық  жолы.  Адамдардың  рухани  кемелденуі, 

тәрбиеленуі  және  жетілуі  үшін  сопылықты,  яғни  тақуалықты 

ұстанушыларының жүретін жолы. 

Тауап  (فاوط):  Қағбаны  хажарул  асуад  (қара  тас)  тұрған  бұрыштан 

бастап сағат тіліне кері бағытта жеті рет айналып шығу. 



Тауассул  (لسوتلا):  қалаған  нәрсенің  немесе  бір  мақсаттың  орындалуы 

үшін  бір  нәрсені  дәнекер  ету,  себеп  ету.  Алла  Тағаланың  сүйгендерін 

дәнекер етіп: «Олардың құрметі үшін» деп дұға ету.  

Таухид (ديحوتلا): Алла Тағаланың бір болғанына иман ету, оған ешкімді 

серік  етпеу.  Яғни,  «Лә  илаһа  иллаллаһ»  (Алла  Тағаладан  басқа 

құлшылық етуге лайық құдай жоқ) сөзінің мағынасына сеніп айту. 

Таяммум  (مميتلا):  су  табылмаған  немесе  үзірлі  себептермен  су  қолдану 

мүмкін болмаған кезде дәретсіздікті жою үшін таза топырақ немесе тас, 

құм,  кірпіш  сияқты  топырақ  жынысынан  болған  бір  нәрсеге  қолдарын 

үйкеп, жүзін және екі қолын шынтағымен қоса мәсіх (сипау) ету. 



Тәбәй  табиғин  (نيعباتلا  عبت):  Мұхаммед  пайғамбардың  сахабаларын 

көрген және мәжілісінде болған табиғиндарды көрген абыройлы буын. 



Тәблиғ  (غيلبت):  пайғамбарлардың  Алла  Тағаланың  бұйрықтары  мен 

тыйымдарын адамдарға кемшіліксіз түрде жеткізуі.  



Тәжуид (ديوجت): «көркемдеу» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімнің 

әр әрпін қағидаларына сай оқуды үйрететін ілім саласы. 



Тәфәккур  (ركفت):  ғибрат  алып  пайдалану  үшін  терең  ойлану.  Алла 

Тағаланың сипаттары мен нығметтеріне зер салып, ақыл-оймен толғану. 



47 

 

Тәпсір (ريسفتلا): бүркеулі, жабық болған нәрсені ортаға шығару, анықтау, 

баян  ету.  Құран  Кәрімнің  аяттарындағы  сөздердің  Алла  Тағала 

тарапынан не мақсатта айтылғандығын түсіну.  



Тәһәжжуд намазы (دجهتلا ةلاص): түннің үштен екісі өткеннен кейін сәресі 

уақытынан бұрын екі ракағаттан он екі ракағатқа дейін оқылатын намаз. 



Тәһиятул мешіт намазы (دجسملا ةيحت ةلاص): мешітке кіргенде отырмастан 

бұрын  мешіттің  иесі  Алла  Тағалаға  құрмет  үшін  оқылатын  екі  ракағат 

намаз. 

Тәкбір (ريبكتلا): 

1.

 



«Аллаһу әкбар» – «Алла Ұлық» деген сөз.  

2.

 



Алла Тағаланы ұлықтау, әртүрлі кемшіліктен пәктеу. 

3.

 



Рамазан  айты  мен  құрбан  айты  кезінде  айтылаған  тәшриқ 

тәкбірлері. 



Текке: сопылық-тақуалық жолының, яғни исламның моральдық ілімінің 

және басқа да діни ілімдердің үйретіліп, тәжірибеден өткізілетін мекені. 

Оны «дәргаһ» және «зауия» деп те атаған. 

Тарауық  намазы  (حيوارتلا  ةلاص):  Рамазан  айында  құптан  намазының 

парызынан  кейін  екі  ракағат  сүннеті  оқылғаннан  соң,  жиырма  ракағат 

оқылатын сүннет намаз. 

Тәржіме (ةمجرت): аударма, яғнибір сөзді бір тілден басқа бір тілге аудару. 

Тартиль (ليترت): Құран кәрімді тәжуидпен, яғни, әдіс, құралдарына сай, 

анық-анық, дана-дана әріптері мен сөздерін бір-бірінен айырып оқу. 



Тасбих (حيبست): 

1.

 



Алла  Тағаланың  барлық  кемшіліктерден  пәктігін  білдіретін 

«Субханалаһ» сөзі. 

2.

 

Намаз оқу. 



3.

 

Намаздан  кейін  «Субханалаһ,  Әлхамдулиллаһ,  Аллаһу  әкбар» 



сөздерін  айтқанда  жаңылып  қалмау  үшін  жіпке  тізілген  моншақтар. 

Бұны қазақтар «тәспі» деп атайды. 



Тәмәттуғ  қажылық:  қажылық  маусымында  (Шәууал,  Зилкағда, 

Зилхижжа  айларында)  алдымен  умра  үшін  ниет  етіп,  ихрамға  кіріп, 

умраны  орындағаннан  кейін  отанына  қайтпай,  қайтадан  ихрамға  кіріп, 

қажылықты  орындау.    Бұл  қажылықты  орындағанға  мүтәмәттиғ  деп  те 

атайды. 

Тәпсір  ілімі  (ريسفتلا  ملع):  Құран  кәрімдегі  иләһи  мақсатты,  Алла 

Тағаланың не айтқандығын анықтап, түсіндіретін ғылым. 



Тәкфир (ريفكت): сөздік мағынасы – «кәпір деп жариялау», «кәпір деп үкім 

шығару».  Ал  терминдік  мағынасы  мұсылман  адамды  негізсіз  түрде 

«кәпір»  деп  айыптап,  оны  кәпірлердің  қатарына  қосуды,  сөйтіп  оны 

өлтіруді  және  мал-мүлкін  тартып  алуды  дұрыс  деп  шешім  шығаратын 

адасқан топтардың ұстанымы. 


48 

 

Тәсәттур  (رّتست):  сөздікте  «киіну»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ислам 

дінінің бұйрық еткен түрінде киіну.  

Тәшрик  тәкбірі  (قيرشتلا  ريبكت):  арапа  күні,  яғни  құрбан  айттан  бір  күн 

бұрын таң намазынан бастап айттың төртінші күні екінді намазына дейін 

парыз  намаздардан  соң  айтылатын  «Аллаһу  әкбар,  Аллаһу  әкбар  лә 

иләһа иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил хамд» сөзі. 



Тәубе (ةبوتلا): күнә істегеннен кейін  оған өкініп, Алла Тағаладан қорқу, 

қайта жасамауға уәде беру. 



Тәуекел  (لكوتلا):  Алла  Тағалаға  тәсілім  болу.  Бір  нәрсеге  бастаған 

уақытта Алла Тағала сүйену, нәтижесін сұрау. 



Тәуил (ليوأتلا):  

1.Жорамалдау, ашықтау.  

2.  Әһли  Сүннет  ғалымдары,  пайғамбар  мен  сахабалардан  білдірген 

түсіндірмелерді қолдана отырып, Құран аяттарына түсіндірме жасау. 



Тиләуәт (ةولات):  Құран Кәрім аяттарын оқу. 

Тилауат  сәждесі  (ةولاتلا  ةدجس):  Құран  кәрімдегі  он  төрт  сәжде  аятынан 

қайсы бірін оқыған немесе естіген мүкаллафтың (міндеттерін орындауға 

міндетті  тұлға),  яғни  ақыл-есі  дұрыс  және  балиғат  жасына  толған  бір 

мұсылманның жасауы уәжіп болған сәжде. 



 

 

У, Ұ, Ү 

 

Ұқубәт (ةبوقع): ислам фиқһінің төртінші бөлімі. Қылмыс жасағандарды 

шариғат  заңдары  аясында  жазалаудың  түрлері  жазылған  бап.  Ұқубәт 

хад, тазир және қысас бөліктерінен тұрады. Бұл бөлімдердің шарттарын 

мұсылман  елдерінде  өмір  сүріп  жатқан  мұсылман  еместер  білуі  қажет 

болып табылады. 

Уләмә  (ғұлама)  (ءاملع):  ғалымдар,  ілім  иелері.  Өз  заманындағы  ғылым 

мен  әдебиетті  жетік  білген,  Құран  Кәрім  мен  мыңдаған  хадистерді 

мағынасымен  қоса  жаттаған,  ислам  дінінің  жиырмадан  аса  ілім  саласы 

мен одан шыққан сексенге жуық ілімдердің маманына «ғалым» дәрежесі 

беріледі. «Ғалым» сөзінің көпше түрі.  

Үләмә-и-Амилин (نيلماعلا ءاملعلا): ілімімен амал еткен ғалымдар.  

Улум  уль-ақлия  (ةيلقعلا  مولعلا):  тәжірибелік  ілімдер.  Түйсік  мүшелері 

арқылы қабылдап,  ақылмен ой елегінен өткізіп, тәжірибе жасау арқылы 

нәтижеге  қол  жеткізілетін  ілім  салалары.  Үлумул-ақлияға  логика, 

физика, табиғат, химия, математика, геометрия және астрономия секілді 

ғылым салалары кіреді.   

Улум  уль-алия  (ايلع  مولع):  жоғары  дін  ілімдері.  Улум  уль-алияға  дін 

ілімінің сегіз саласы кіреді.  



49 

 

Олар:  



1) Тәпсір ілімі;  

2) Үсулул-кәләм ілімі (кәләм методикасы);  

3) Кәләм ілімі;  

4) Үсули хадис ілімі (хадис методикасы);  

5) Ілми-хадис (хадис);  

6) Үсули-фиқһ (фиқһ методикасы);  

7) Фиқһ ілімі; 

8) Тасаууф ілімі (сопылық ілімі).  



Умра  (ةرمعلا):  зиярат  ету.  Қажылық  уақытындағы  бес  күн,  яғни,  арафа 

және  құрбан  айттың  төрт  күнінен  басқа  уақыттарда  орындалатын 

қажылықтың түрі. Бұл қажылықтың түрін «кіші қажылық» деп атайды.  

Усули-фиқһ  (هقفلا  لوصأ):  ислам  құқығы  ілімінде  үкімдердің  аяттар  мен 

хадистерден келіп шығуын зерттейтін ілім.   



Уль  уль-азм  (مزعلا  ولوأ):  жаңа  дін  мен  шариғат  алып  келген 

пайғамбарлардың  алтауына  берілген  атау.  Олар:  Адам,  Нұх,  Ибрахим, 

Мұса, Иса және Мұхаммед.  

Уль  уль-әмр  (رملأا  ولوأ):  мемлекет  басшысы  мен  оның  бұйрықтарын 

орындатушылар  және  ислам  дінінің  әмірлері  мен  тыйымдарын 

адамдарға үйретіп, түсіндіретін дін ғалымдары.  

Үммет  (үмбет)  (ةّمأ):  көпшілік,  жамағат.  Бір  пайғамбарға  сеніп,  оның 

жолымен жүруші адамдар.  



Уммат  ид-дәғуат  (ةوعدلا  ةمأ):  соңғы  пайғамбардың  кітабы  мен  ақиқаты 

жеткізілген қауым.   



Уәжіп  (بجاو):  Құран  Кәрімде  ашық  айтылмаған  және  сахабалардың 

түсіндіруімен  анықталған  әмірлер.  Шафиғи  мәзһабында  уәжіп  пен 

парыздың ұғымы тең. Уәжіпті орындамау тәхримән мәкрүһке жатады.  

Уахи  (يحو):  Алла  Тағаланың  өз  әмірлері  мен  тыйымдарын 

пайғамбарларға періште арқылы немесе періштесіз жіберуі.  



Уақыф  (فقو):  адамдардың  өз  мүлкін  игілік  пен  жақсылық  мақсатында 

басқаларға  пайдасын  тигізу  үшін  сарып  етуі.  Уақыфтар  исламда  алғаш 

Халифа Омардың кезінде бір жүйеге келтірілді. Ол уақыф мүлкін (жерін, 

монша,  дүкен  және  т.б)  өсиет  етіп  мұраға  қалдыруға,  сатуға  және 

сыйлауға  тыйым  салды.  Уақыф  иелігіндегі  табыс  әкелетін  мүлікті 

туысқандарға,  құлдарды  азат  етуге,  жолаушыларға,  мұқтаждарға  және 

т.б  қолдануға  рұқсат  етті.  Уақыфтың  құрылымы  төрт  бөліктен  тұрады: 

Уақыфтың  құрылтайшысы,  уақыфқа  мұра  етілген  мүлік,  мұраға 

қалдырған адамның болуы, құрылымы.  

Уақыт  (تقولا):  намаздың  сыртқы  парыздарының  бірі  болып  табылады. 

Намазға белгіленген уақыттың кірмей тұрып ғибадат жасауға болмайды.  



50 

 

Уаллахи  (اللهو):  Алланың  атымен  белгілі  бір  жұмыстарды  орындауға 

берілетін  немесе  өз  сөзі  мен  ісінің  дәлелді  болуы  үшін  қолданылатын 

анттың түрі.  



Мирасқор  (уарис)  (ثراو):  туысқандық  немесе  басқа  жолмен  қайтыс 

болған адамның дүние-мүлкіне құқылы болған адам.  



Уасиятнама  (өсиет)  (ةيصو):  ажалы  келмей  тұрып,  дүние-мүлкін  алдын 

ала  артында  қалған  жақындарына  өсиет  етіп,  қағазға  жазып  қалдырған 

құжат.  

Уәтән  (отан)  (نطولا):  адамның  өмір  сүруіне  байланысты  орналасқан 

мекені,  мемлекеті.  Ханафи  мәзһабы  бойынша  отан  үш  түрге  бөлінеді. 

Олар: уәтән-и асл, уәтән-и-иқамат, уәтән-и-сүкнә.  

Уағыз  (ظعولا):  үгіт-насихат.  Әмри  маруф  және  нәһи  мүнкәр,  яғни 

жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. 



Үйленуге тыйым салынғандар: ислам дінінде үйленуге өлгенге дейін 

харам  етіліп,  тыйым  салынған  адамдар.  Ер  адам  үшін  жетеуі  қан 

жағынан,  тек  жағынан  келген  туысқандық,  жетеуі  сүт  жағынан  болған 

туысқандық, төртеуі үйлену себебімен кейіннен туыс болған барлығы он 

сегіз  әйел  адамға  үйленуге  тыйым  салынады.  Олар:  1)  Анасы.  2) 

Әкесінің және шешесінің анасы. 3) Қызы, қызының қызы. 4) Қарындасы. 

5)  Қарындасының  қызы.  6)  Бауырларының  қызы.  7)  Анасының  сіңілісі 

мен әкесінің қарындасы. 8) Сүт анасы. 9) Сүт анасы мен сүт әкелерінің 

аналары.  10)  Сүт  қызы.  11)  Сүт  қарындасы.  12)  Сүт  қарындасының 

қызы. 13)  Сүт  бауырының  қызы. 14) Сүт  аға.  15)  Қайын әке. 16)  Өгей 

ұлы. 17) Өгей әке. 18) Күйеу бала. 

Үзір  (رذع):  дәреттің  белгілі  бір  себептерге  байланысты  бұзылуы  мен 

жалғасуы.  Кіші  дәреттің  қайта-қайта  келуі,  іштің  кебуі,  мұрынның 

немесе  тістің  қанауы,  жарадан  қан,  ірің  немесе  сары  судың  шығып 

тұруы,  әйелдерде  қанның  тоқтамауы  және  т.б.  жағдайлар  үзірдің 

қатарына кіреді.  

Үшір  (رشع):  егістіктен  алынатын  өнімнен  берілетін  зекеттің  түрі. 

Алынған  өнімнің  оннан  бір  бөлігі  зекет  ретінде  беріледі.  Ханафи 

мәзһабы  бойынша  жаңбыр  және  өзен  суларымен  суарылған  егістіктен 

алынған  өнімнің  оннан  бір,  ал  жануар  немесе  техникалық  жолмен 

суарылып алынған өнімнің жиырмадан бір бөлігі үшір ретінде беріледі. 

Уәкілдік  (ةلاكو): адамның бір немесе одан көп істері үшін сенімді  адам 

тағайындап,  өз  жұмыстарын  жүктеуі.  Мысалы,  құрбандық  шалу  үшін 

уәкіл тағайындап, «құрбан шалу үшін сені уәкіл еттім» деп айту арқылы 

уәкіл  етсе,  құрбан  шалушы  уәкіл  өз  тарапынан  құрбандық  иелерінің 

атын атау арқылы уәкіл болады.   

Уәләд  уз-зина  (انزلا  دلو):  некесіз  жыныстық  қатынастан  туылған  балаға 

қолданылатын атау.  



51 

 

Уәсуәсә  (ةسوسولا):  зиянды,  күдікті,  адам  санасын  улайтын  нәрселер. 

Құран  Кәрімнің  «Нас»  сүресінде:    «Сыбырлап  азғырушының  кесірінен. 

Сондай  адамдардың  көкейлеріне  салатын;  «Мейлі  жыннан,  мейлі 

адамдардан  болсын,  (бүкіл  азғырушылардың  кесірінен  Аллаға) 

сиынамын» де» делінген.   



Үтір намазы (رتولا ةلاص): құптан намазынан кейін оқылатын үш рәкағат 

намазы.  Ханафи  мәзһабында  үтір  уәжіп  намазын  оқудың  үкімі  уәжіп. 

Мәлики және шафиғи мәзһабтарында сүннет амал саналады. 

Уаһабилік: XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы Сауд Арабиясының 

Нежд  өлкесінде  дүниеге  келгенМухаммед  ибн  АбдулУаһһаб  ибн 

Сүлейменнің  реформалық  қозғалысы.  Уаһабилік  мұсылмандарды 

Алланың  бірлігіне  шақыру,  ислам  дінін  хұрафат-бидғат  амалдардан 

тазалау,  дінді  пайғамбардың  заманындағыдай  қалпына  келтіру  секілді 

идеяларды  алға  тартады.  Соның  салдарынан  шектелушілікке  бой 

алдырып,  жақсы  бидғаттарды  мойындамайды,  ұлттық  дәстүрлерге 

төзімсіздікпен  қарап,  исламның  толеранттылық  қағидаттарына  қайшы 

әрекеттерге 

барады, 


мұсылман 

жамағаты 

арасында 

көзқарас 

қайшылықтарының  туындауына  себеп  болады.  Уаһабиліктің  тамыры 

хижра жыл санауының төртінші және жетінші ғасырына барып тіреледі. 

Абдул  Уаһаб  өз  көзқарастарын  қалыптастыруда  хижраның  жетінші 

ғасырында  өмір  сүрген  Ибн  Тәймия  мен  оның  шәкірті  Ибн  Қайюм  әл-

Жаузи және т.б. еңбектеріне сүйенген.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет