ҚОРЫТЫНДЫ Дж.Вердидің Аида операсының Gran finale бөлімінің дирижерлық
интерпретациясын қорытындылай айтатыным. Бұл дипломдық жұмысымда мен осы Gran finale бөлімінің қалай дирижерланатынын толықтай шолып, жеке-жеке тоқталып өттім. Бұл опера жайлы мағлұмат іздеген адам, студент, немесе дирижер үшін қажетті мағлұмат жаздым.
Дирижерлағанда кездесетін қиындықтардың, өлшемдердің ауысатын, ырғақтардың өзгеретін жерлерінің қалай орындалатынын барлығын түсінікті түрде түсіндіріп өттім. Менің ұстазым Жаманбаев Базарғали Әжиұлы бұл операны өзінің дирижерлау қойылымымен театрда дирижерлаған. Сол білім бойынша маған үйретті. Мен жеке-жеке жік-жікке бөліп, мысалдардың барлығын партитурадан көрсетіп шықтым. Бұл опера әлемдік шедеврлардың бірі болғандықтан қазақ тіліндегі менің мағлұматымның көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Қазақ тілінде жазылған бұл дипломдық жұмыста мен өзім дирижерлаған осы операны егжей-тегжейлі терең түсіндіріп жеткізуге тырыстым. Қазақ музыка тарихы үшін қажетті, көпке көмегі тиетін ақпарат бар деп ойлаймын.
Бұл бөлімдегі әрбір нотамен көрсетілген мысалда дирижер үшін пайдалы кеңестер, пайдалы дирижерлық ескеретін мағлұмат бар. Әрбір мысалда диридердан талап етілетін шарттар мен дирижерлық қол қимылдары туралы жазылған.
Шығарманы дирижерлау барысындағы өзгеретін ырғақпен жылдамдықты қалай хорға көрсету керек, оркестрге, солистке қалай көрсету керек сол жайлы әрбір ноталық мысалда бөлек тоқталып айтып өттім. Дж.Вердидің бұндай операны халыққа өнер әлеміне, опера әлеміне, театр әлеміне сыйлауы баға жетпес байлық.
Композитордың өмірбаяны туралы жазғанда да сол замандағы қиындықтарды оқып көрсем, сондай қиын заманда техника дамымаған, қазіргідей мүмкіндіктер аз бола тұра осындай үлкен шедевр шығармаларды қалай жазды екен деп қатты ойланып қалдым. Қандай керемет музыкаларды әдемі әуендерді жазғанына тек қана таң қаласың. Таңырқап қарамау мүмкін емес. Әдемі аккордтар, әрбір аспаптың дауысына сай мелодиялық тақырыптар, әр солисттің жаратылысына қарай, дауысының бояуына қарай әдемі мелодиялық тақырыптар жазу бұл деген тек қана ерен еңбекпен, жоғарғы дәрежедегі композиторлық өнердің білімі деп білемін. Бұл қорытынды бөлімі дипломдық жұмысқа жалпылама мінездеме ретінде жазылды.
Қазақ тіліндегі бұл дипломдық жұмысымның көпке көмегі тиеді деп ойлаймын.[21]