ол үшін 1-ші үлесті дирижерлағанда қолдардың арасын кең алып, 2-ші үлесті анықтап, акцентпен көрсетуі керек;
4/4 өлшеміндегі әлді үлестер ол - 1-ші және 3-ші үлестер бірақ, бұл жерде акцент тұрғандықтан 2-ші үлес әлді үлеске саналады;
сегіздік және он алтылық ұзақтықтарға өте қатты мән беріп, оркестрді алдын ала дайындау;
Әрі қарай 5-ші тактіден бастап
ырғақ пунктирлі болып ауысады;
2-ші үлестегі акцент өзгермей орындалады;
өте қатты мән берілетін бұл жердегі паузалар, сегіздік нүктесімен және он алтылық, өте қысқа болғандықтан мұқият болу керек;
нюанс mf - ге өзгерді, салмақты, сабырлы болып диртжерлау керек.[21]
Партитурада тұрғандай:[20] 115 бет.
жылдамдық өзгеріп жатыр (stringendo poco a poco) яғни, бірте - бірте жылдамдату басталады;
нюанс - та тура осылай өзгереді (cresc.poco a poco) яғни, бірте - бірте дыбыс күшін көбейту басталады;
бұл жерде бізде синкопалық (синкопа бұл - әлді үлестің әлсіз үлеске немесе әлсіз үлестің әлді үлеске ауысуы) жаңа ырғақ кездеседі, сегіздік нота нүктесімен он алтылық;
жылдамдықты ақырындап көбейткен сайын 4/4 өлшеміндегі әр үлесті кішкене жинақы дирижерлау керек болады, себебі, олай жасамайтын болсақ дирижерға қиын болады,
артық күш жұмсалады, иық пен қолға көп салмақ түсіп, тез шаршайды, алдында отырған концертмейстерге, оркестр мен хорға және артынан қарап отырған көрерменге де өте жаман ұқыпсыз көрінеді;
жинақы дирижерламайтын болса, үлестердегі нақтылық жоғалады себебі, қолдар жайылған соң, үлестердің орыны кешігеді, солай өзі де, оркестрді де, концертмейстерді де шатастыруы мүмкін;
лигаларды үзбей, жұмсақ әрі жалғап анық көрсету керек.[21]
[20] 116 бет.
Осылай кішігірім кіріспе бөлімнен кейін хор мақтау, мадақтау әнмен басталады.
Бұл жердегі негізгі орындалатын дирижерлық міндетті айта кететін болсам;
хор толық емес құраммен бастады, альт партиясы жоқ, берілетін ауфтакт қалған партияларға нақты болу керек;
(ауфтактіні қайта-қайта айта беруімнің себебі - дирижерлау кезіндегі ең маңызды қимыл ол - ауфтакт болып саналады. Ауфтакт кез келген шығарманы бастау үшін болсын, жәй ғана дирижерлау болсын ең алғашқы дирижерлық қимыл болып саналады. Ол арқылы дирижер шығарманың жылдамдығы, көңіл күйі, дыбыс жағынан қаншалықты қатты немесе жәй орындалу керек яғни нюансын осы аталғандардың барлығын бір ғана қимылмен көрсетуі керек болады, ал бұл аталғандарсыз ешқандай шығарма болмайды.
Сондықтан әр шығарманың өзіне лайықты;
атауы,
- жылдамдығы,
ырғағы,
көңіл күйі,
өлшемі,
құрылымы болады.
Сол арқылы дирижер автордың жеткізгісі келген көңілін, махабатын, өзекті ойын, сол шығарманың басында жазылған жоғарыда аталғандарды оқып, оырндайтын ұжымына түсіндіріп, ұсынады;
жылдамдық бұл жерде (a tempo come prima) болып басталады, яғни алғашқы шығарма басталғандағы қалыпты жылдамдық;
нюанс фортиссимо, хор мен оркестрге бір уақытта. Жалпы форте, фортиссимо нюанстарын көрсеткенде дирижердан талап етілетін олар; [21]
қолын барынша жоғары көтеру,
бүкіл дирижерлық аппараты еркін болуы керек, бас, қол, иық, аяқ, барлығы еркін тұруы керек. Себебі көп дирижерда кездесетін кемшілік осы дирижерлық аппараттың еркін болмауы, орындаушылық кезде бір - біріне кедергі жасауы,
шығарманың өлшемі мен жылдамдығына жоспар құру, мысалы; өлшем 4/4, жылдамдығыда қатты тез емес болса, қолдардың арасын ашық, кең етіп алу керек, 2-ші үлес пен 3-ші үлесті еркін көрсету үшін, себебі 4/4 өлшеміндегі ең бақытты, еркін орындалатын үлес ол 3-ші үлес болып саналады, ал өлшем 3/4 болса, ол кезде керісінше қолдың арасы бір- біріне жақын болады, себебі бұл өлшемде 2-ші үлес еркін, қолдың арасын ашып орындайтын үлес болып табылады. Қолдың арасын кең етіп, ашып, дирижерлайтын болса қол 2-ші үлеске барғанда тым жайылып 2 жаққа қарай кетіп қалады, сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескерген жөн. Оның бәрін маған ұстазым Б.Ә.Жаманбаев айтып үйреткен.
әрі қарай шығарманы талдауды жалғастыратын болсақ, хорда 3-ші және 4-ші үлестерде акценттер белгіленген, ол дегеніміз сол үлестерді анықтап жеке - жеке көрсету керек;
аккомпониментте де акценттер бар, ол жерде хор партитурасында тұрғандай қалыпты акцент емес, өлшемдегі әр үлесте ауысып келіп отырады, 1-ші және 4-ші үлестер, немесе 2 мен 3-ші үлестерде;
нюанс жағынан фортиссимо және (sempre - әрқашан, яғни қалыпты түрде) орындалып отырады.
Бұл бөлімде хор халықтың және діни қызметкерлердің рөлін атқарады. Осылай мақтау, мадақтау әнін орындайды. Жылдамдықпен ырғақ жағынан қатты бір өзгерістер болмайды, операның Grand finale бөлімі осылай ақырындап басталады.[21]
Хордың Перғауын мен Құдайларын ұлықтау, мадақтау әндері аяқталғаннан соң, суретте тұрғандай;[20] 119 бет.
жылдамдық ауысты (tornando al Tempo I - алғашқы жылдамдыққа оралу),
орындалуы (cantabile- әндете, әуезді) болып, хордағы қыздар ұжымының ерекше әуені басталады, сопрано партиясы 2-ге бөлінеді;
бұл жердегі әуен 4-ші үлестің жартысынан басталып тұрғандықтан, дирижер алдын ала ауфтактіге дайын болуы керек;
еркін, нәзік, махаббатпен, 4/4 өлшеміндегі орындаушылық талап етіледі;
пунктирлік ұзақтық кездеседі, төрттік нүктесімен сегіздік бұл ырғақты пунктир болғанына қарамастан нәзік, бірқалыпты, еркін дирижерлау керек;
Әйелдер хоры кішігірім өз бөлімдерін аяқтағаннан соң, діни қызметкерлердің басшысы Рамфис өзінің қол астындағы барлық діни қызметкерлерімен мақтау, мадақтау әнін орындайды. Діни қызметкерлер рөліндегі хорда ерлер хоры 4 дауысқа бөлінеді, тенор партиясы 2-ге , бас партиясы 2-ге; [21]
форте нюансы белгіленген, ауфтакт лайықты түрде болуы керек;
әр үлестегі акценттерді жеке-жеке нақтылап көрсету керек;
әр дауыстағы әуендермен тақырыптар басталар алдында сол партияға қарап, анықтап көрсету;
[20] 120 бет.
хордың шатасып кетпеуі үшінен, әр әуенді тақырып басталарда міндетті түрде бұрылып қарау керек;
аккомпанементте хор айтып жатқан әуен ойналып отырады, сондықтан назарды хорға аудару керек; [21]
[20] 121 бет.
паузаларды толық санап, әр дауысты уақытылы шешіп отыру керек;
көңіл күйді дирижер өзі де сезініп тұруы керек, хордың немесе солисттің айтатын әнін бірге іштей айтып тұру керек.
[20] 122 бет.
Діни қызметкерлердің мақтау, мадақтау әуенін халық осылай қолдап, кішігірім бір бөлім аяқталады.
Жалпы хордың әуені өте әдемі жазылған. Дирижерлауға өте қолайлы өлшемді, көңіл күйді, ырғағын, жылдамдығын көрсетуге өте ыңғайлы жазылған;
маған осы жерді дирижерлағанда ұстазым денеңді тік ұста, және 3-ші
үлесіңді қорықпай ашып көрсет деп айтқан. Жоғарыда көрініп тұрғандай 4 партия бірге унисондық әуенді орындағаннан кейін оларға көмек керек болады сондықтан мақтанышты түрде дирижерлап көрсет деп айтқан. Осы бөлімде хор дауыстарында 3-ші үлестегі акценттер көп кездеседі, кейде оркестрмен бірге кейде тек қана хор дауыстарында.[21]
[20] 122 бет.
Халықпен діни қызметкерлер мақтау, мадақтау әуендерін аяқтағаннан кейін, осы операның ең танымал музыкасы ойналатын марш екпініндегі бөлім басталады. Бұл марш труба аспабына арнайылап жазылған әлемге танымал бөлім болып табылады.
әуен толық емес тактіден басталғандықтан оркестрді алдын ала дайындау
керек;
яғни, алдыңғы кішігірім бөлім 2-ші үлеске шешілгеннен кейін төрттік
пауза тұр соны асықпай күтіп, орындап болған соң;
4-ші үлесті асықпай, оркестрге көрсетіп бастау керек;
осы марш басталғанда маған ұстазым айтты, қатаң түрде 4/4 өлшемнің
схемасын бірқалыпты түрде орында деді; қатаң түрде дегеннің әуеннің көңіл күйіне қатысы жоқ. Марш әскери қимыл болғандықтан дирижерлағанда да тәртіп қатаң түрде болу керек, схема анық әрі нақты көрсетілуі тиіс;
жоғарыда көрініп тұрғандай такт аралық кішкентай кішкентай нюансқа
байланысты ауытқулар жүріп отырады яғни (cresc. және diminuendo) кейде 2 тактіден кейін, кейде 1 тактінің ішінде;
партитурадағы тұрған, өзгеріп жатқан барлық нюанстарды,
жылдамдықтарды, ырғақтарды, ұзақтықтарды дирижер мұқият қарап отыруы керек.[21]
[20] 125 бет.
Марштан кейін би бөлімі басталады. Бұл жерде жылдамдық артады, нюанс жай пианодан басталады. Мен дирижерлағанда маған ұстазым:
қолдарыңды жинақы ұста;
көңіл күй әуезді, әдемі болғандықтан оркестрге соны жеткізу керек;
штрих стаккатоға өзгерді, сондықтан дирижерлық жұмыс тек қана қолдың
ұшында саусақтар бөлімінде ғана болады. Қалған қол бөлімдері қозғалмай тұруы керек. Триольдармен жұмыс жасағанда 1-ші және 3-ші үлестерді анық және сол үлестерге мелодиялық тақырыпты жеткізіп, үзбей, қалыпты түрде жұмыс жасап отыр керек деп айтты.
негізгі мелодиялық тақырып 2-ші үлестің жартысынан басталатын
болғандықтан, ауфтактты алдын ала дайындау арқылы яғни көзбен және бас мүшелері арқылы оркестрге қарап, уақытылы қолды көтеріп, ауфтакт беру керек.[21]
[20] 126 бет.
Триольдік жоғарыдағы мелодиялық тақырып біткеннен кейін, флейта аспабына арналған танымал жаңа мелодиялық тақырып басталады. Бұл жердегі дирижерлік жұмыс:
қолды максималды түрде жинақы ұстау;
нюанс пианиссимоға ауысты, сол үшін тек қана қолдың саусақ
он алтылық, сегіздік, төрттік, жартылық паузаларды мұқият қарап отыруы
керек;
мелодиялық тақырыпты қалыпты түрде жүргізіп отыруы керек,
міндетті түрде дауыстардың, аспаптардың арасындағы музыкалық,
мелодиялық байланыстарды реттеп, дауысаралық баланстарды сақтап отыруы керек.[21]
[20] 127 бет.
Жоғарыда айтып өткен флейта аспабының мелодиялық тақырыбынан кейін ішекті аспаптардың мелодиялық тақырыбы болады, ол жерде нюанста өзгереді, көңіл күйде өзгереді. Өте қатаң түрдегі мелодиялық байланыстар болады. Дирижердан талап етілетін басты шарт 4/4 өлшеміндегі 1-ші және 3-ші үлесті анық, нақты түрде ерекшелеп көрсету керек.
Сол тақырыптан соң қыстан кейін көктем келген сияқты қте керемет мелодиялық тақырып басталады, жоғарыдағы суретте көрініп тұрғандай, бұл жерде:
өлшем 4/4 болса да, 2 ге дирижерланады, маған солай үйретті ұстазым;
нюанс пианиссимо болады, өте нәзік ұқыпты етіп дирижерлау керек;
бас партияларында стаккатолар бар мән беру керек;
2/4 схемасында еркін қолдардың арасын ашып орындау қажет.[21]
[20] 128 бет.
Суреттегідей 1-ші үлеске шешілгеннен кейін, осы жерден бастап 2/4 схемасындағы дирижерлау аяқталады.
Қайтадан 4/4 схемасына көшеміз. Ойнақы, шапшаң түрдегі әдемі мелодиялық байланыстар басталады. Бұл жердегі талап етілетін шарт паузаларды шатаспай санап отыру керек, нюанс пен ырғағтық ауытқуларды көрсетіп отыру.
[20] 133 бет.
Триольдік мелодиялық тақырып пен сол бөлім реприза арқылы 2 рет қайталанып, содан соң осындай әдемі кодамен би бөлімі аяқталады. Фаршлактар мен акценттерді анық, фортиссимо көрсетіп, оркестрді бөлімді аяқтауға дайындап, 2-ші үлеске толықтай шешу керек.[21]
[20] 134 бет.
Биден кейін халық пен діни қызметкерлердің тағы да мақтау, мадақтау әуені орындалады. Бастапқы жылдамдықтың негізінде салтанатты түрде басталады.
Қолдың араларын кең ашып салтанатты түрде мақтанышпен дирижерланады. Фортиссимоны анық көрсетіп, хормен оркестрге көмек беру керек, себебі қолдау керек болады ондай нюанста шығарма орындау үшін.[21]
[20] 143 бет.
Хордың мақтау, мадақтау әні осылай аяқталады. 3форте нюансымен салтанатты түрде осылай аяқталады. Құдайларына рахмет айтып, батырларына мақтау мен мадақтау айтып осылай мадақтау бөлімі аяқталады. Дирижер соңғы 3 тактіге мұқият болу керек. Акценттер мен паузаны санап, соңғы 2 тактідегі паузаларды шешіп, бүтін нотадағы ұзақтықпен асықпай дирижер өз еркімен шешеді.[21]