– Қырық төрт мың. Бір түнге жиырма екі мыңнан.
– Ал бұл бағаға таңғы ас қосылған ба?
– Жоқ, таңғы асқа бөлек төлейсіз. Таңғы ас бір мың екі жүз теңге тұрады.
– Жарайды. Соңғы сұрағым бар: келмес бұрын сұлулық салонына жазылып қояйын деп едім. Бұл
мүмкін бе?
– Иә, ханым. Сізді сұлулық салонына қоса аламын. Бірақ алдымен маған өз аты-жөніңізді айтып
жібересіз бе? Тапсырысыңызды толтырайын деп едім.
№10 Аудиофайл Сөйлеушілерді тыңдаңыз. Олар не туралы шағымданды? Кестені толтырыңыз. № 1 (Нөмір бір)
– Сәлеметсіз бе! Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен екікісілік кең бөлмеге тапсырыс беріп едім.
– Иә.
– Сіз маған біркісілік кең бөлме беріпсіз.
– Солай ма? Кешірім өтінемін, ханым, мен тексеріп көрейін.
– Маған екікісілік кең бөлме керек. Өтінемін.
– Әрине, кешіріңіз. Қазір бәрін дұрыстаймын. Кең бөлме екінші қабатта бар екен.
№2 (Нөмір екі)