– Тіркеу бөлімі. Сізге көмегім қажет пе?
– Иә, мен таңғы асыммен бірге шайға тапсырыс беріп едім.
– Иә, Сізге шай әкелмеді ме?
– Маған шай емес, кофе әкеліпті.
– Айып етпеңіз. Қазір мейрамханаға телефон шаламын. Сізге шай әкеліп беретін болады.
– Көп рақмет сізге.
№3 (Нөмір үш)
– Тіркеу бөлімі. Сізді тыңдап тұрмын.
– Мен бүгінге таңертеңге гольф ойнауға тапсырыс беріп қойып едім.
– Иә, мырза. Қандай көмек қажет?
328
– Гольф клубының тіркеушісі ешқандай тапсырыстың жоқ екендігін айтты.
– Қызық екен. Бір қателік кеткен болар. Мен қазір оларға телефон шалып, анықтап берейін.