Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет432/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   438
Байланысты:
Қазақ тілі В1 (оқулық)

№26 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Тележүргізушілер жауап береді
Қайырлы  күн,  құрметті  тілші,  жүргізуші  қонақтар!  Бүгін  сіздермен  бәріміз  «тарыдай  болып  кіріп, 
таудай болып шыққан» мектебіміз жайлы әңгімелесуді жөн көріп отырмыз. Сіздерге қояр 2 сұрағым бар. 


335
Алғашқы сұрағым:
– Сұрағымызға бірінші болып КТК телеарнасы жаңалықтарының жүргізушісі Мәдина Балғабаева жауап 
береді. Сіздің алғашқы ұстазыңыз есіңізде ме? Аты кім? Қандай адам?
– Алғашқы ұстазым – Сәуле Мәжитқызы. Өмірімдегі алғашқы қоңырауыма төрт-бес күн қалғанда қатты 
толқып, ұйықтай алмағам. Соншалықты ынтам мықты болды, мектепке барам деп қуанып, күтіп жүрдім. 
Мектеп  табалдырығын  аттаған  екінші  күн-ау  деймін,  Сәуле  апай:  «Үйіңде  қалай  жүрсең,  мектепте  де 
сөйтіп жүресіңдер. Ешқандай айырмашылығы болмасын. Үйіңді қалай жақсы көрсең, мектепті де сөйтіп 
жақсы көр», - деп бізге кәдімгідей түсініктеме берді. Содан мен келесі күні мектептің алдында үйдегідей, 
аяқ киімімді шешіп кіргем ғой. Бәрі аң-таң қалып, күлгені бар. Сондай бір қызық болған. 
– Келесі сұхбат беруші тілшіміз – Асыл Махмет, КТК жаңалықтарының жүргізушісі
– Жалпы, біздің әулетте ұстаздар көп. Нағашы әжем қазақ тілі әдебиетінің маманы. Анамның әпкесі 
физика пәнінің мұғалімі. Ал енді менің алғашқы ұстазым - әкемнің туған әпкесі. Бастауыш сыныпта сабақ 
берген. Сондықтан ұстаздар мерекесінің біздің әулетте алатын орны ерекше. Ең бірінші өзімнің әжемді, 
әпкемді құттықтаудан бастаймын. Алғашқы ұстазым – Ділдәш Жанәділқызы  бірінші сыныптан төртіншіге 
дейін ұстаздық етті.
– Келесі сұхбат беруші тілшіміз – Ерланби Дәулетияр, КТК жаңалықтарының жүргізушісі
– Негізі, «мұғалім», ұстаз сөздері білімді де, тәрбиені де береді, яғни мағынасы кең. Мектепке қабылдап 
алған  алғашқы  сынып  жетекшім  мәңгі  есімізде  қалады,  екінші  анамыз  сияқты.  Тек  білім  берумен 
шектелмеді,  тәлім-тәрбиесін  сіңдірді.  Сол  кезде  ол  кісілер  бізге  қатал  сияқты  көрінетін.  Кейін  ойлап 
қарасаң, ешқайсысы бізге жамандық тілеген жоқ. «Осылар жақсы боп кетсе екен, осылар білімді болса 
екен» деген тілегі болды. Алғашқы ұстазым – Жанат Сағатқызы. Төртінші сыныпқа дейін жетекшілік етті. 
Мұғалімдерімнің бәріне ризамын.
– Екінші сұрағым, мектепте оқыған кездеріңізден қандай ұмытылмас, жарқын естелік қалды?
– Ұстаздарымның айтқанын екі еткізбей, мұқият орындайтынмын. Мұғалімімнің қаталдығы әсер етті 
ме, күні бүгінге дейін өзіме сеніп тапсырылғанды бұлжытпай орындайтын әдетім сақталып қалды.  Міне, 
мектеп бітіргенімізге жиырма бес жыл уақыт өтіпті, ал мұғалімдеріміз сіңдірген білім мен тәлім бүгінге 
дейін  жалғасын  табуда.    Жақында  сыныптастарымызбен  гүлімізді,  сыйлықтарымызды  алып,  Сауле 
Мәжитқызына алғысымызды айтып мәре-сәре боп бас қостық.
– Менің бойыма сіңген қандай да бір қасиет болса, сол кісілерден дарыған. Өйткені, біріншіден – ұстазым, 
екіншіден – туыстарым. Талап өте қатал болды. Егер сыныпта біреуі бір нәрсе бүлдірсе, сындырса, ылғи 
да таяқты мен жейтінмін. Қазір ойлаймын, маған қалай ұрысса да - өз баласы, ал басқасы соған қарап 
бой түзейді дегендері екен ғой деп. Үнемі алда болуға да септігін тигізген өзімнің апайым. Біріншіден - 
әпкелерім, әжем, сосын - ұстаздарым.
–  9-шы  сыныпта  оқып  жүргенімде  теледидардан  таңертең  француздық  белгілі  бір  жастар  сериалы 
көрсетіліп жатты. Соның қызығына әбден кіріп кеткем, жібермей қарайтынмын. Кино сағат 8-де бітеді, ал 
үйім мектептің дәл жанында. Фильм біте салысымен, мектепке құстай ұшып жүгіріп жетем. Сөйтіп бір күні 
мектептің есігінен ентігіп,ентелеп кіре бергенде, мектеп директоры да менімен қатар кірді. Екеуіміз есікте 
кездесіп қалдық. Ол кісі бетіме тесіле қарады да, ештеңе деген жоқ. Екінші күні де тура солай кездестік. Ал 
үшінші күні директор шыдамай кетіп: «Осы мектептің директоры сен бе, мен бе?! Екеуміз неге бір уақытта 
келеміз?!», - деп дүрсе қоя берді. Ал менің «Сіз де сол сериалды қарайсыз ба?» - деп сұрағым кеп кетті. 
Мектепте бұзық болған жоқпын, «Алтын белгі» алып кетпесек те, ел қатарлы оқыдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет