№3 Аудиофайл Тыңдаңыз. Сұхбатты тыңдап, бос орынды толтырыңыз. Досымның аты – Сәния. Ол – менің жақын құрбым. Ол менен ұзынырақ. Әдемілеу. Мен солай ойлаймын.
Мінезі кейде жұмсақтау, кейде қаталдау. Бірақ оның мінезі маған ұнайды. Ол барлық жұмысты баяу
жасайды. Асықпайды. Сол үшін кейде ренжісіп те қаламыз. Қайтадан тез татуласамыз.
№4 Аудиофайл Тыңдаңыз. Сұхбат не туралы? Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қойыңыз. – Құралай, журналистер газет-журналға, теледидарға беретін ақпаратын қалай қызықты етеді?
– Оқырманды, көрерменді қызықтыру үшін кез келген ақпарат нақты болуы керек. Күнделікті өмірдегі
оқиғалар. Сонда адамдар мақаланы оқығанда тез түсінетін болады.