Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет429/438
Дата06.01.2022
өлшемі20,41 Mb.
#11679
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   438
№24 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз.
Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 12 азық-түлік
Төмен температурада бұзылып қана қоймай, пайдалы қасиеттерін жоғалтып, түрі мен дәмі өзгеретін 
өнімдер бар. Бұл орайда тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік тізімін ұсынамыз.
Егер толық піспеген авокадоны тоңазытқышта сақтасаңыз, жеміс жұмсарады, бірақ қабығы арқылы 
ылғал сіңіреді. Осы себепті оны тоңазытқышта сақтамағыныңыз жөн.


334
Картоп та суық сүймейтін көкөністер қатарынан. 7°С-тан төмен температурада тәтті дәмге ие болады. 
Ал  мұндай  картопты  пісірген  кезде  құрамындағы  канцерогенді  акриламдид  мөлшері  артады.  Аталған 
көкөністі сақтаудың тиімді әдісі қағаз пакетке салып, салқын жерге қою.
Төмен  температурада  сақталған  шоколад  бетінде  ақ  түсті  қабыршақ  пайда  болады.  Себебі  суық 
салдарынан сахароза кристаллдар шоколад бетіне шыға бастайды. Нәтижесінде тәттінің бұл түрі дәмін 
жоғалтып, түрі өзгереді.
Тропикалық жемістер төмен температурада сақталғанда шіри бастап, зиянды заттар бөледі. Дұрысы 
оларды қағазға орап, бөлме температурасындағы құрғақ жерде сақтау керек.
Тоңазытқыштағы  ылғал  салдарынан  пияз  балғындығын  жоғалтып,  жұмсарып,  тез  бұзылады.  Оған 
қоса шамадан тыс ылғал зиянды бактериялардың пайда болып, көкөністің көгеруіне себеп болады.
Егер кофе тағамдар иісін сіңіріп алғанын қаламасаңыз, оны тоңазытқышқа қоймаңыз. Ол суық пен 
ылғал себептерінен хош иісін жоғалтады. Дұрысы кофені қараңғы, құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз. Ал 
ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, мұздатқышқа салып қойыңыз.
Зәйтүн майын +12-16°С температура аралығында сақтау керек. Ал тоңазытқышта қатпарланып, тұнба 
түзілуі мүмкін. Сонымен қатар майдың сұйықтан қою күйге өзгеруі ықтимал.
Тоңазытқыштағы суық пен ылғал кристаллдануына ықпал етіп, бал өзіндік құрылымын, дәмін және 
пайдалы қасиеттерін әдеттегіден жылдам жоғалтады. Дұрыс сақталған балдың жарамдылық мерзіміне 
шек  жоқ.  Ол  үшін  құтыға  салып,  қақпағын  қатты  жауып,  бөлме  температурасында,  қараңғы  жерде 
сақтаңыз.
Қызанақтар  тоңазытқышта  дәмдік  сапасын  жоғалтады.  Себебі  суық  ауа  көкөністің  пісу  процесін 
тежейді. Мұнымен қоса суық әрі ылғал ауа қызанақ мәйегінің құрылымына әсер етеді.
Кей әйелдер нанды тоңазытқышта сақтайды. Алайда мұның салдарынан нан жылдам қатып қалады. 
Сондықтан артық қалған нанды кептіріп, қытырлақ нан жасағаныңыз абзал.
Баялдыға  да  төмен  температура  жағымсыз  әсер  етеді.  Тоңазытқышта  сақтағанда  дәмін  жоғалтып, 
жылдам солады әрі дақтар пайда болады. Сондықтан бұл көкөністі бөлме температурасында сақтағаныңыз 
дұрыс.
Тоңазытқышта сақталған банан жылдам қараяды. Егер дүкеннің жеміс сатылатын бөлімінен қарайған 
банан көрсеңіз, ол жемістің піскендігінің белгісі емес. Демек жеміс тасымалдаған кезде дұрыс сақталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   438




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет