Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет141/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   273
2. Мәтінді оқыңыз.
Күзде өмір есігін ашқандар 100 жасайды...
Қыркүйек пен қараша айында дүниеге келсеңіз, онда сіздің 100 жасауға мүмкіндігіңіз бар. 
Сенбей отырған боларсыз? 
Чикаго университетінің ғалымдары Сан-Францискода өткен Американдық демографиялық 
қоғамның жыл сайынғы құрылтайында осы бір тақырыптың аясындағы зерттеулердің 
нәтижесін қуаттай түсті. 
Ұсынған жобада қыркүйек, қазан және қараша айларында дүниеге келгендердің ұзақ өмір 
сүру феноменін түсіндіретін бірнеше гипотеза ұсынылған. Егер нәресте күзде дүниеге келген 
болса, маусымдық, бірінші кезекте, жазғы жұқпалы ауруларды жұқтыру тәуекелі барынша аз 
болатын боп шыққан. Себебі, бұл аурулар, әдетте, адам денсаулығына ұзақ уақыт бойы теріс 
ықпал етеді. Оның үстіне күзде туылған бала қыс бойына жақсы тамақтанып, көктем келе, өз 
бетімен жүріп-тұрып кете барады.
Егер балаңыз жазда туылса, оған ағзаға қажетті дәрумен жетіспей, сүйегі бекіп болмаған 
денелер біршама қиындықтарға ұшырайды екен. Егер Америкада 1880-1895 жылдары өмір 
сүрген адамдардың өмірлеріне байланысты деректерді топтастырып қарасақ, қараша мен 
желтоқсан айларында туғандардың көбісі жүз жасаған болып шығады екен. 


169
viii
 БӨ
ЛІМ
3. Төмендегі пікірлердің қай абзацқа сәйкес келетінін анықтаңыз.
1. Адам денесіне қажетті дәрумендер жылдың ыстық маусымында туылған балаларда 
азырақ болатындықтан, ұзақ өмір сүрушілер санатына кіре алмайды екен. № ........ абзац
2. Адам өмірінің ұзаққа созу мүмкіндігінің бар екендігін американдық ғалымдар дәлелдеп 
отыр. №
__________________
абзац
3. Жылдың ең ыстық мезгілінен кейінгі маусымда туылған адамдар түрлі қиындықтардан 
қиналмай өтетін төзімді жандар екен. №
__________________
абзац
4. Ал сіз қалай ойлайсыз?
1. Адамның денсаулығы 100% өзіне байланысты.
2. Денсаулықтың мықты болуы ата-анаңның денсаулығымен тікелей байланысты.
3. Мен жұлдыз жорамалдармен толық келісемін. Онда не айтылса, соны орындауға тырысамын.
4. Денсаулықтың мықты болуы табиғаттан деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет