Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


– Мамыр айының 15-і мен 16-на. –



Pdf көрінісі
бет257/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

– Мамыр айының 15-і мен 16-на.
– Жақсы, болады. Сізге қандай бөлме керек: біркісілік пе, әлде екікісілік пе?
– Маған екікісілік үлкен бөлме керек еді. Оның ішінде жеке жуынатын бөлмесі бар ма?
– Иә, біздің барлық бөлмелердің ішінде жеке жуынатын бөлме бар, ханым.
– А-а, солай ма? Жақсы екен. Жарайды, қанша тұрады мұндай бөлме?
– Қырық төрт мың. Бір түнге жиырма екі мыңнан.
– Ал бұл бағаға таңғы ас қосылған ба?
– Жоқ, таңғы асқа бөлек төлейсіз. Таңғы ас бір мың екі жүз теңге тұрады.
Жарайды. Соңғы сұрағым бар: келмес бұрын сұлулық салонына жазылып қояйын деп едім. Бұл 
мүмкін бе?
Иә, ханым. Сізді сұлулық салонына қоса аламын. Бірақ алдымен маған өз аты-жөніңізді айтып 
жібересіз бе? Тапсырысыңызды толтырайын деп едім.
№10 Аудиофайл
Сөйлеушілерді тыңдаңыз. Олар не туралы шағымданды? 
Кестені толтырыңыз.
№ 1 (Нөмір бір)
– Сәлеметсіз бе! Сізді тыңдап тұрмын.
– Сәлеметсіз бе! Мен екікісілік кең бөлмеге тапсырыс беріп едім.
– Иә.
– Сіз маған біркісілік кең бөлме беріпсіз. 
– Солай ма? Кешірім өтінемін, ханым, мен тексеріп көрейін.
– Маған екікісілік кең бөлме керек. Өтінемін.
– Әрине, кешіріңіз. Қазір бәрін дұрыстаймын. Кең бөлме екінші қабатта бар екен.
№2 (Нөмір екі)
– Тіркеу бөлімі. Сізге көмегім қажет пе?
– Иә, мен таңғы асыммен бірге шайға тапсырыс беріп едім.
– Иә, Сізге шай әкелмеді ме?
– Маған шай емес, кофе әкеліпті.
– Айып етпеңіз. Қазір мейрамханаға телефон шаламын. Сізге шай әкеліп беретін болады.
– Көп рақмет сізге.
№3 (Нөмір үш)
– Тіркеу бөлімі. Сізді тыңдап тұрмын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет