Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


зертхана - лаборатория мемлекет тарапынан



Pdf көрінісі
бет253/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

зертхана - лаборатория
мемлекет тарапынан – со стороны государства
материалтану - материаловедение
грант иелері – обладатели гранта
жағымсыз – неприятный
жатын орны – место жительство
сыртқы әсер –внешнее влияние
шешендік өнер – ораторское искусство
көпшілік алдында сөйлеу – публичное 
выступление
білім беру жүйесі – система образования
қосымша 
дайындық 
– 
дополнительная 
подготовка
кемшіліктерге қарамастан – несмотря на недостатки жарқын болашақ – светлое будущее


324
12-
бөлім. Ресми іс-қағаздар. 1-сабақ
өз атынан – от своего имени
жауапкершілік – ответственность
сеніп тапсыру – доверять 
куәландыру – заверять
тапсыру
мәміле жасау – сделка
уәкілдік – полномочие
қол қою – подписать
рұқсат беру – разрешить
жылжымайтын мүлік – недвижимость
пайдалану – использовать
себеп – причина
өкіл – представитель
қаржы – финансы
сенімді тұлға – полномочный представитель
иелік ету – владеть
жеке тұлға – частное лицо
заңды тұлға – юридическое лицо
сенімхат – доверенность
өзара – между собой
мерзімі – срок
жүзеге асыру – осуществлять
12-
бөлім. Ресми іс-қағаздар. 2-сабақ
жазбаша нысанда – в письменном виде
лауазымды тұлға – должностное лицо
тараптар – стороны
бас тарту – отказать
елтаңбалы мөр – гербовый печать
тармақ – пункт
өтiнiш – просьба; прошение; ходатайство
тағайындау – назначать
ресiмдеу – оформлять
қосымша жағдайлар – дополнительные 
меры
бұйрық – приказ
қаржылық 
мүмкiндiктер 
– 
финансовые 
возможности
еңбек-шартты жасау тәртiбi – правила сотавление 
договора
сынақ мерзiмi – испытательный срок
күшiне ену – вступить в силу
еңбек кiтапша – трудовая книжка
лауазымдық 
нұсқаулықтар 
– 
должностные 
объязанности
бiлiктiлiк талаптары – квалификационные 
требования
ұзарту – продлить
еңбек демалысы – трудовой отпуск
созу – продлить
күшіне ену – вступить силу
өзгерту – изменить
күшін жою – терять силу; денонсация
еңбек даулары – трудовые споры
мерзiмiнен 
бұрын 
бұзу 
– 
расторгнуть 
преждевременно
келісімшартты тоқтату –приостановить договор 


325
АуДИОМӘТІНДЕР
№1 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Суретті мәтінге сай нөмірлеңіз.
№ 1 Менің әкем – мен үшін өте жақын адам. Мен оны құрметтеймін, сыйлаймын. Оның істері маған 
әрқашан үлгі болған. Мінезі өте салмақты. Екі жыл бұрын ауылдан қалаға көшейік дедім. Ол келіспеді. Ал 
мен отбасыммен көшіп кеттім. Алғашқыда әкем ренжіді. Кейін менің бұл әрекетіме түсіністікпен қарады.
№ 2 Мен құрбым Ақмарал туралы айтқым келеді. Ол менің он екі жыл жақын құрбым болды. Мен онымен 
дос болғанға дейін, көбінесе, ұлдармен дос едім. Менің жақын құрбым болмаған. Мен оны университетте 
кездестірдім. Күндіз сабаққа бірге дайындаламыз, кешке киноға, театрға барамыз. Емтихандарға бірге 
дайындаламыз. Түні бойы кофе ішеміз, сұрақтарды қайталаймыз. Өкінішке орай, біз қазір дос емеспіз. 
Неге екенін білмеймін, университет бітіргеннен кейін хабарласпай кеттік. Ол басқа қалаға көшіп кетті. 
Мен оны сағындым.
№3 Мен супермаркетте екі жыл бойы есепші болып жұмыс істедім. Барлық әріптестеріммен жақсы 
қарым-қатынаста болдым. Сол жерде Сара деген қызбен таныстым. Екеуміз жақсы араласып кеттік. Қазір 
біз өте жақын достармыз. 
Енді екінші рет тыңдаңыз. 
№2 Аудиофайл
Сөйлеушілердің әңгімелері бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. 
№ 1 Есімім – Мұрат. Мен ең жақын досымды университетте оқып жүргенде таптым. Мен де, ол да 
жатақханада тұрдық. Ол көрші бөлмеде тұрған. Үнемі ән айтады әрі түсініксіз әндер тыңдағанды ұнатады. 
Мен қытай тілін оқыдым. Сабақтарым қиын. Сонда «мына жігіттің бос уақыты көп екен әрі қызықты 
өткізеді екен» деп ойлағанмын. Университетті аяқтап, әр жаққа кеттік. Менің онымен байланысым үзіліп 
қалды. Бірақ кейін басқа қалада кездейсоқ қайта кездестік, содан бері доспыз.
№ 2 Атым – Бауыржан. Досым Әнуармен көлік тұрағында танысқанмын. Мәшинемді автотұраққа 
қойып жатып, оның мәшинесін соғып кеттім. Бір жақсысы, ол мені түсініп, кешірді. Екеуміз бұл жағдайға 
күлдік те, дәмханаға кеттік. Сол күннен бері жақын доспыз. 
№3 Мен – Әйгеріммін. Сәулемен кеңседе таныстым. Мен жұмысқа орналасуға келгенмін. Ол хатшы 
екен. Сондай ақкөңіл, мейірімді болып көрінді. «Өте жақсы қыз сияқты» деп ойладым. Кейін мен оны туған 
күніме шақырдым. Қазір кештерге, киноға бірге барамыз. Ол өте пысық, жомарт адам. Маған ұнайды.
№4 Атым – Шолпан. Ғаламтор – менің екінші үйім. Университеттен келгеннен кейін тамақтанып 
аламын. Сосын бірден агентке кіремін. Әсемді агенттен тапқанмын. Өкінбеймін. Тек ол басқа қаладан. 
Демалыс болған кезде ғана кездесе аламыз. 
№ 5 Аты-жөнім – Арман Әнуарұлы. Күтпеген кездесу болды. Мен де, досым да әуежайда болғанбыз. 
Мәскеуге ұшатын ұшақ 4 сағатқа кешігіп, дәмханаға бардым. Олжас та келді. Екеуміз сөйлесіп отырып, бір 
қалаға, бір қонақүйге баратынымызды білдік. Әлі күнге дейін араласып тұрамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет