Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


– Сәуле ханым, ал сіздердің өнімдеріңіз тек өз елімізде ғана сатыла ма? Жоқ әлде шет елге де  жеткізесіздер ме? –



Pdf көрінісі
бет264/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

Сәуле ханым, ал сіздердің өнімдеріңіз тек өз елімізде ғана сатыла ма? Жоқ әлде шет елге де 
жеткізесіздер ме?
Біздің өніміміз отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. 
Қазіргі кезде «Рахат» өнімдері Қазақстан нарығында ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, 
Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. 
– Компанияның алға қойған мақсаты бар ма? Ол қандай мақсат?
Компаниямыз келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыруды және осы 
арқылы өнімді өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. 
 Компания өз қызметкерлеріне қамқор ма? 
Бірінші және екінші ауысым жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. 
Асхана, жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсететін медициналық-санитарлық жұмыс істейді, 
тренажер залы бар, сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі саладағы мамандардың біліктілігін 
көтеру бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұратын оқу кластары бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары 
ұйымдастырылған.
 Бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай жасалған екен. Бәрекелді! Барлық отандық өндірушілерге де 
тілеріміз осындай жағдай және табысты еңбек. Сәуле, уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рақмет! 
Тыңдармандар маңызды мәліметтер ала алды деп ойлаймын. Еңбегіңізге табыс тілеймін! Көріскенше!
 Сізге де рақмет! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Сау болыңыз!


332
№20 Аудиофайл
Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
 Әсет, әлемдегі қызық заңдар туралы естігенің бар ма?
 Иә, Нұржан, өткенде ғаламтордан оқығаным бар. Кейбір заңдар тіпті күлкілі болса, ал кейбіреулері 
адамды ойлантып тастайды. 
 Мен 1-2 заң ғана білемін. Айтып берейін...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет