Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет267/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   273
№23 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
СӘН ӘлЕМІ
«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне бірден тарағандай болып елестейді. Себебі 
бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса шапшаң жылжып, жаңарып отыру дегенді 
білдіреді. Дегенмен біле білсек, «сәндік», «сәндену» деген ұғымдар сонау тас дәуірінде Еуропада пайда 
болған. Ер адамдар пілдердің, мүйізтұмсықтардың, сусиырлардың тісі мен жүндерінен әртүрлі әшекей 
бұйымдар жасап, мойындарына таққан. Бірте-бірте аң терісін оң иыққа жамылып жүруді ең алғашқы сән 
түріне енгізген. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 2900 жыл бұрын, ең алдымен теріден, содан кейін біртіндеп 
матадан тігілген белдемшелер пайда болған. Ақырындап Вавилонда шәлі тағу, жейде кию жиілей 
бастаған. Темір дәуірінде сән әлемі барынша дами түскен.Гректер белдікті ойлап тапқан. Біртіндеп плащ, 
халаттар тігілген. Еркектер алтын ободок, ал әйелдер бастарына жеңіл тәж тағуды сәнге айналдырады. 
Осылайша, сонау ХІV ғасырда, нақтырақ айтқанда, 1350 жылдары Франция мен Италияның суретшілері 
гильдиялар мен цехтар ашып, өмірге «сән әлемін» әкелген. Франция, Италия, Англия, Испания, Америка 
сынды елдерде жылдам дамыған «мода» 1900 жылдары бірте-бірте Кеңес үкіметінің құрамында болған 
елдерге де жетеді. Қазіргі атағы жер жаратын Поль Пуаре мен Кристиан Диор да сол 1903-1905 жылдары 
жарық көрген. 
№24 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз.
Тоңазытқышта сақтауға болмайтын 12 азық-түлік
Төмен температурада бұзылып қана қоймай, пайдалы қасиеттерін жоғалтып, түрі мен дәмі өзгеретін 
өнімдер бар. Бұл орайда тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік тізімін ұсынамыз.
Егер толық піспеген авокадоны тоңазытқышта сақтасаңыз, жеміс жұмсарады, бірақ қабығы арқылы 
ылғал сіңіреді. Осы себепті оны тоңазытқышта сақтамағыныңыз жөн.


334
Картоп та суық сүймейтін көкөністер қатарынан. 7°С-тан төмен температурада тәтті дәмге ие болады. 
Ал мұндай картопты пісірген кезде құрамындағы канцерогенді акриламдид мөлшері артады. Аталған 
көкөністі сақтаудың тиімді әдісі қағаз пакетке салып, салқын жерге қою.
Төмен температурада сақталған шоколад бетінде ақ түсті қабыршақ пайда болады. Себебі суық 
салдарынан сахароза кристаллдар шоколад бетіне шыға бастайды. Нәтижесінде тәттінің бұл түрі дәмін 
жоғалтып, түрі өзгереді.
Тропикалық жемістер төмен температурада сақталғанда шіри бастап, зиянды заттар бөледі. Дұрысы 
оларды қағазға орап, бөлме температурасындағы құрғақ жерде сақтау керек.
Тоңазытқыштағы ылғал салдарынан пияз балғындығын жоғалтып, жұмсарып, тез бұзылады. Оған 
қоса шамадан тыс ылғал зиянды бактериялардың пайда болып, көкөністің көгеруіне себеп болады.
Егер кофе тағамдар иісін сіңіріп алғанын қаламасаңыз, оны тоңазытқышқа қоймаңыз. Ол суық пен 
ылғал себептерінен хош иісін жоғалтады. Дұрысы кофені қараңғы, құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз. Ал 
ұзақ уақыт сақтағыңыз келсе, мұздатқышқа салып қойыңыз.
Зәйтүн майын +12-16°С температура аралығында сақтау керек. Ал тоңазытқышта қатпарланып, тұнба 
түзілуі мүмкін. Сонымен қатар майдың сұйықтан қою күйге өзгеруі ықтимал.
Тоңазытқыштағы суық пен ылғал кристаллдануына ықпал етіп, бал өзіндік құрылымын, дәмін және 
пайдалы қасиеттерін әдеттегіден жылдам жоғалтады. Дұрыс сақталған балдың жарамдылық мерзіміне 
шек жоқ. Ол үшін құтыға салып, қақпағын қатты жауып, бөлме температурасында, қараңғы жерде 
сақтаңыз.
Қызанақтар тоңазытқышта дәмдік сапасын жоғалтады. Себебі суық ауа көкөністің пісу процесін 
тежейді. Мұнымен қоса суық әрі ылғал ауа қызанақ мәйегінің құрылымына әсер етеді.
Кей әйелдер нанды тоңазытқышта сақтайды. Алайда мұның салдарынан нан жылдам қатып қалады. 
Сондықтан артық қалған нанды кептіріп, қытырлақ нан жасағаныңыз абзал.
Баялдыға да төмен температура жағымсыз әсер етеді. Тоңазытқышта сақтағанда дәмін жоғалтып
жылдам солады әрі дақтар пайда болады. Сондықтан бұл көкөністі бөлме температурасында сақтағаныңыз 
дұрыс.
Тоңазытқышта сақталған банан жылдам қараяды. Егер дүкеннің жеміс сатылатын бөлімінен қарайған 
банан көрсеңіз, ол жемістің піскендігінің белгісі емес. Демек жеміс тасымалдаған кезде дұрыс сақталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет