Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет266/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   273
№22 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Мәтін не туралы. Дұрыс жауаптың тұсына белгісін қойыңыз.
Сән әлемінің көшбасшысы
Бұл күнде Сабыркүл Асанованы танитын жұрт оның есімін «Сымбат» сән академиясынан бөліп 
қарамайтыны белгілі. Талапшыл да талғампаз жан осы ұжымды 1990 жылдан бері басқарып келеді. 
«Сымбат» дизайн және технология академиясының негізі 1947 жылы тігін лабораториясы ретінде 
қаланған. Бұл өнер ордасы мықты мамандарымен, олардың тәжірибелерін кейінгілерге жеткізіп келе 
жатқанымен мақтана алады. Тәуелсіздіктен кейін «Сымбат» сән үйі 30-дан астам мемлекетте ұлттық сән 
үлгілерін паш еткен. Қазақстанның абыройын арттырған.
Сұхбат 
– Сабыркүл ханым, қазір жастардың көпшілігі сәнгер болуды армандайды. Сәнгер болу оңай ма? 
Ешкімнің иығына ілінбеген, бәрі армандаған көйлекті ойлап табу, келістіріп пішу, тігіп шығу оңай болмақ 
па? 
– Қиын! Өте қиын. Мен 45 жылдан бері қызмет етіп келе жатырмын. Адамға жарасар мінсіз көйлек тігу 
үшін көп тәжірибе, көп білім керек!
– Бізге Кеңес өкіметі тұсында сән болмаған секілді. 
– Кеңес одағы кезінде сән болмады деген жай сөз. Сән болды. Сонау 1975 жылдан бастап біз бүкіл 
еліміздің бетке ұстар адамдарын киіндірдік. Еліміздің айтулы өнер жұлдыздарының жарқыраған 
көйлектерінің көпшілігі «Сымбат» сән үйінде өмірге келген.
– Жұмыс кезінде есіңізде қалған оқиға болды ма?
– Бір күні мынадай жағдай болды. Бір тапсырыс беруші әйел келді. Менің киген киіміме таңдана 
қарап, дәл менікіндей костюм тіктіргісі келетінін айтты. Мен ол кісінің бітіміне қарап, оған ондай түс 
жараспайтынын түсіндіре алмадым. Сатып алушы ашулана бастады. Сол кезде мен оған:
– Менің костюмімді киіп көріңіз, – дедім. Ол менің костюмімді иығына ілді де, айна алдына барғанда түрі 
бұзылып кетті. Сөйтті де үн-түнсіз киімімді өзіме қайтарып берді. Біздің өлшеміміз бірдей болғанымен, 
жаратылысымыз, бейнеміз – әртүрлі ғой. Бұл кәсіп мені шыдамды болуға, төзімді болуға және өз 
эмоциямды игеруге көмектесті.
– Біз де айтары бар адамдардан тағылым аламыз. Жүсіп Баласағұн айтқандай: «Адамда жақсы қасиет 
болмаса, оған бақ та бақыт та қонбайды» деген сөз ақиқат екеніне әрбір аттаған қадамымыз бен жасампаз 
жандардың үлгісі көз жеткізе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет