Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет269/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   273
№27 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Шетелде білім алудың жолдары
Қазіргі таңда шетелде білім алу отандастарымыз үшін қолжетімді болды, себебі мемлекет түрлі тәжірибе 
алмасу бағдарламаларын ұсынуда. Сондықтан кез келген адам шетелде тәжірибеден өтіп, қысқа немесе 
ұзақ мерзімді білім алып, жұмыс істей алады. Ол үшін шет тілі білімі мен ниет болса жеткілікті. Әрине, тілді 
жақсырақ меңгерген адамның шетелде қалаған ісімен айналыса алуға мүмкіндігі жоғары екені сөзсіз. Егер 
сізді шетелде тәжірибеден өту мен білім алу қызықтырса, ең алдымен «Болашақ» бағдарламасына назар 
аударыңыз. Өйткені бұл бағдарлама жыл сайын қазақстандық жастарды білім алу үшін әлемнің ең үздік 
оқу орындарына жіберіп жатыр. Егер оған қабылдану қиын деп ойласаңыз немесе өз бетіңізше оқуды 
қаласаңыз, шетелдік елшіліктердің, мәдени орталықтардың және білім қорларының ресми сайттарын 
жиі бақылап тұрыңыз. Неге десеңіз, мысалы, Француз Альянсы мен Алматыдағы Гете Институты. 
Гранттар, семинарлар, сондай-ақ, стипендиялар жайлы өзекті ақпараттардан бөлек, мұнда қызықты іс-
шаралар жайлы ақпарат жарияланып тұрады. Қазақстандық студенттер мен Жоғарғы оқу орындарының 
түлектері шетелде білім алу бағдарламаларына қатыса алады. Еуразия мен Орталық Азияда Халықаралық 
студент алмасу бағдарламасынан да хабардар болыңыз. Бұл Америка құрама штаттарының мемлекеттік 


336
департаментіндегі білім және мәдени бағдарлама бөлімінің бағдарламасы. Ол жоғары оқу орындарының 
бірінші, екінші, үшінші, төртінші курстарында күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған. Бағдарлама 
тек қазақстандық студенттерге ғана арналмаған, өйткені мұнда Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, 
Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан елдерінің 
студенттері де білім ала алады. Бұл бағдарлама аталған елдердің студенттеріне АҚШ елінде 1 академиялық 
жыл білім алуға мүмкіндік береді. Бұл академиялық ауысымның германиялық қызметі. Бұл бағдарлама 
аясында еріктілерге арналған жобалардың біріне қатысуға болады. AIESEC (Эйэсик) өз кезегінде өзге 
елдердегі тіршілікпен танысқысы келетін еріктілерді жиі жинайды. Өзіңді Work & Travel (Уорк энд Трэвл) 
бағдарламасының қатысушы ретінде көруіңе де болады. Work & Travel (Уорк энд Трэвл) бағдарламасының 
мүшелері АҚШ елінде қызмет көрсету саласында еңбек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет