Жалпы дамыту жаттығулары
Қолға арналған жаттығулар. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алда шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасын тірей отырып, бір қырындап жылжу. Табанды бүгу, түзулеу, айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Шалқасынан жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед тепкендей аяқты қимылдату. Тізерлеп отырған қалыптан оң және сол аяққа кезекпен салмақ түсіре отыру. Етпетінен жатып аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяғын, содан соң екі аяғын бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, иығын бүгу және аздап жоғары көтеру.
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарын орындыққа тіреп, аяқтарын созып, қолды шынтақтан бүгіп жазу (7-10 рет); 6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Іштің бұлшық еттеріне (пресс) арналған жаттығулар. Екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді, екіншісі оның аяғына отырады (7-10 рет); гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып сермейді (7-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар: топтасып отырған күйі алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (7-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен етпетінен жатып еңбектеу.
Спорттық жаттығулар
Шанамен сырғанау. Шанамен төмен сырғанау кезінде тежеу. Бір-бірін сырғанату.
Сырғанау. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.
Шаңғымен жүру. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Еңкейіп төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, кию, шешу, қолтығының астында алып жүру.
Велосипед және самокатпен жүру. Оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру.
Жүзу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасынан екі аяқтап күшпен алға ұмтылу жаттығуын жасау. Шалқасынан және кеудесімен сырғанау, суға дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.
Судағы аэробика. Бұрылыстар, секірулер жасай отырып судағы қимылдар, ернеуде тұрып, басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |