Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет101/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

Спорттық ойын элементтері
Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді (2-3 м) және (5-6 м) аралықтан таяқ лақтырып құлату.
Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Ойынды командамен үйрену.
Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.
Футбол. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.
Хоккей. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне сырғанату.


Күтілетін нәтижелер:
- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруға бағытталған жаттығулар кешенін орындайды;
- 120 м арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен алмастырады; шамамен 5-6 секунд ішінде 20 м жылдамдыққа жүгіреді;
- 5-6 заттардың үстінен тура және жанымен секіреді; түрлі тәсілдермен: бір орыннан 80 см кем емес ұзындыққа, 100 см кем емес ұзындыққа жүгіріп келіп, (30-40 см кем емес) биіктікке жүгіріп келіп секіреді;
- допты жоғары лақтырады және қағып алады, допты жерге 10 рет соғады; заттарды (5-9 м кем емес) қашықтыққа; 3-4 м арақашықтықтан тік және көлденеңінен нысанаға лақтырады;
- қарқынды өзгерте отырып (биіктігі 2,5 м) гимнастикалық қабырға бойымен өрмелейді; төрттағандап заттар арасымен еңбектейді;
- тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық бойымен жүреді;
- бір қатар саптізбектен, үш және төрт қатар саптізбекке қайта тұрады;
- шанамен бірін бірі сүйретеді;
- шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүреді, төбешекке шығады және одан түседі; самокатпен жүреді; өздігімен жүзеді.

I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ




Валеология
Өзіңді таны. Валеология деген не. Адамдардың сезім мүшелері мен дене мүшелері. Ағзалар: жүрек, асқазан, тіл. өкпе, бүйрек.
Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді қалай жеңуге болады? Жеңіл тамақтануға болады (алма, жүзім, жаңғақтар). Тәттіні көп жеуге болмайды, денсаулыққа зиян. Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай ажырата білу.
Аурудың алдын алу
Денсаулықты нығайтудағы шынығу және оның маңызын түсіндіру. Күн тәртібі.
Өзіңе және басқаға көмектес.
Науқастанып, ауырған кезде дереу ересектерге хабарлау.
Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақтайды. Дұрыс қалыпты сақтай білу, тұру, отыру кезіндегі тұрақты қалып. Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу, зейінін басқа жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.
Табиғат. Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу. Олардан қалай сақтанатынын білу. Көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Көкөністер. Жемістер. Олардың пайдасы мен зияны.
Үй жануарлары. Жануарларды күтіп-баққанда, оларды қоректендіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.
Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай ұстау керектігін білу.
Әлеуметтік өмір.
Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Түрлі жағдайда бала өзін-өзі ұстаудың мынадай ережелерін меңгере білу:
егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра;
- полиция көлігін айыра біл;
- үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара, егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа;
- пәтерден танымайтын адамға шықпа, есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап;
- бейтаныс адамның көлігіне отырма;
- егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса;
- жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме;
- ықшам ауданның көліктерімен танысу;
- қозғалыстағы кез-келген көлік – адамның қауіпсіздігіне төнген қатер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет