Күтілетін нәтижелер: - заттарды атайды және ажыратады, олардың мөлшеріне, түсіне, пішініне, материалы неден жасалғандығына қарап анықтайды;
- көлік құралдарын атайды және ажыратады;
- кейбір өндірістік және ауылшаруашылық кәсіптерінің атауын, мазмұнын, мәнін біледі;
- өз елінің, оның басты қаласының атауын біледі;
- өз елінің мемлекеттік рәміздерін атайды және ажырата біледі, ҚР мемлекеттік әнұранын орындау кезіндегі өзін ұстау ережесін біледі;
- әскердің міндетін біледі;
- көшеден өту ережесін біледі;
- қарапайым себеп-салдарлық байланысты орната біледі.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Бала, оның отбасы, үйі
Отбасы, адам өміріндегі жақын туыстар, ата-ана алдындағы борыш туралы білімді қалыптастыру. Ересектерді құрметтеу халықтық дәстүріне негізделген өзін-өзі ұстау адамгершілік қағидаларын сақтауға үйрету.
Бала санасын: мен және менің сенімдерім, этикалық нормалар жөнінде түсініктер, мен және қоршаған ортаға менің қарым-қатынасым (құқықтар және міндеттер) бағыттары бойынша қалыптастыру.
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау
Айналадағы заттар, олардың мәнді белгілері туралы ұғымды байыту. Заттарды түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету. Кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі туралы түсіндіріп, оларға ұқыптылықпен қарауға үйрету.
Көлік, байланыс құралдары
Көлік құралдары, олардың қызметінің маңыздылығы, негізгі бөлшектерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдарын байыту және тереңдету. Қозғалу және қызмет ету ортасына байланысты көлік құралдарының құрылымын түсіндіру. Көлікпен жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауды қалыптастыру.
Байланыс құралдары туралы ұғымды кеңейту. Байланыс құралдарының адам тіршілігіндегі маңызын түсіндіру.
Ересектердің еңбегі.
Ересектердің еңбектерімен таныстыруды жалғастыру, алған білімдерді бекіту. Ауылшаруашылық саласы мамандары еңбегімен таныстыру. Ауылшаруашылығына арналған көліктердің маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Нан пісіру кезеңдерімен таныстыру. Азық-түлік тағамдарын, нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Қала тұрғындары үшін ауылшаруашылық мамандары еңбегінің маңызды екендігін жеткізу (қала мен ауыл арасындағы байланыс).
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері
Қазақстан Республикасының көпұлтты ел екендігі туралы ұғымды бекіту. Түпкі халқы – өз мәдениеті, салт-дәстүрлері бар қазақтар. Қазақстанмен шекаралас жатқан мемлекеттермен, халқымен, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру. Қазақстанмен Республикасының аумағында тұрып жатқан басқа ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың мәдениеті, әдет-ғұрпы, дәстүрімен таныстыру.
Өзінің «Кіші Отаны» - Қазақстан Республикасының астанасы туралы білімін тереңдету. Қазақстанның ірі қаласы – Алматымен таныстыру.
Республикамыздың табиғат байлықтары мен жеткен жетістіктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының әскері
Қазақстан әскерті туралы ұғымды байыту. Сарбаздың, басқа да әскери адамдардың сырт бейнесі, киім үлгілері мен әскери техника туралы түсінік беру.
Жолда жүру ережелері
Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер туралы білімдерін бекіту. Жол белгілерімен таныстыру. Жолаушыларға арналған ережелер туралы барынша толық білім беру. Жол белгілерін ажырату және айта білу дағдыларын жаттықтыру.