Күтілетін нәтижелер: - жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден тұратынын, бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы біледі, оның құрамдас бөліктерін бөледі;
- 10 саны көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;
- қарапайым мысалдар мен тапсырмалар орындайды;
- заттардың мәні және көлемі бойынша ара қатынастарын көрсететін математикалық атауларды қолданады;
- заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөледі, бүтін мен бөліктерді салыстырады;
- шартты өлшемнің көмегімен түрлі көлемдегі заттарды өсу (кему) мөлшерін ретімен салыстырады;
- геометриялық пішіндерді және денелерді атайды және оларды бір-бірінен ажыратады;
- бір заттың екінші затқа қарағандағы орнын, заттар мен адамдар арасындағы өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады;
- түрлі жағдайларды ретімен орналастыра біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жыл айларын атайды;
- заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Құрастыру Құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру. Құрастыру бөлшектерінің негізгі бөліктері мен оған тән бөлшектерін білу.
Дағдыларын қалыптастыру:
- болашақ құрастыруды талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан жасау;
- көлемі бойынша әр түрлі бір немесе сол құрастыруларды жасай білу;
- ұжымдық құрастыра білу;
- түрлі үйлестіру арқылы сіріңке қораптарынан ұсақ-түйек құрастыру.
Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі қиын құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін меңгерту.
Қағаздан құрастыру. Қағазды ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктей білуге үйрету. 16 бірдей бөлікке қиғаштай бөлінген (бұрыштарының басын дәл қосу) ұсақ-түйектерді дайындауда шаршы қағазын бүктеу іскерліктерін қалыптастыру.
Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен таныстыру.
Табиғи материалдардан ұсақ-түйектер дайындай білуге үйрету.