Күтілетін нәтижелер:
- «тірі» және «өлі» табиғат ұғымдарын ажыратады;
- тірі және өлі табиғат объектілерін, табиғаттағы маусымды өзгерістерді атайды және ажыратады;
- ағаштардың, бұталардың, шөптердің, гүлдердің, саңырауқұлақтардың, көкөніс пен жемістердің, дәрілік шөптердің бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;
- өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды, олардың көбеюінің бірнеше тәсілдерін біледі;
- адам үшін өсімдіктің мәнін зердесіне жеткізу;
- үй және жабайы жануарлардың, қыстайтын және жыл құстарының, жәндіктердің, балықтардың, жануарлар және құстардың бірнеше түрлерін атайды және ажыратады;
- жануарлар өмірінің күзгі, қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдері туралы ұғымның болуы;
- табиғатты қорғауда шамасы келгенше көмек көрсетеді;
- табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өзбетінше күтім жасайды;
- жердегі барлық тіршілік иелерінің өзара байланысын сезінеді, қоршаған ортаға өзінің кейбір іс-әрекеті арқылы әсер етудің қарапайым салдарын көре біледі.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Қоршаған ортамен таныстыру
Бала, оның отбасы, үйі.
Туыстық байланыс, өзінің жасын, толық аты-жөнін, тегін, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, балабақша, топ атауын, нөмірін айта білу, үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау туралы түсініктерін қалыптастыру.
Балаларда өз ата-тегін (жеті атасын) білуге деген қызығушылықты дамыту. Баланың өзінің әке-шешесіне, туысқандарына сыртқы ұқсастықтары бар екенін көре білуге үйрету. Балаларда өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіру ниетін, үй тапсырмаларын орындау, өзінің адал тілектерін отбасы мүшелеріне сөзбен айта білуді тәрбиелеу.
Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау.
Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын анықтап, сипаттама беріп, оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.
Айналадағы заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден жасалғандығы туралы түсінік беру.
Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін жетілдіру.
Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының көп түрлілігі, белгілі жұмыс түрін орындау үшін олардың жабдықтары жайлы түсінік беру.
Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым ережесі туралы білімдерін бекіту.
Ересектердің еңбегі.
- әр түрлі мамандық иелері туралы;
- еңбектің ерекшеліктері, маңызы және сипаты туралы;
- балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Өз ата-анасының еңбегі туралы еңбек процесстері туралы білімін қолдана білуге, адамдардың еңбектеріндегі өзара байланыстарды байқауға үйрету. Айнала қоршаған заттар, ойыншықтар адамдардың еңбегімен жасалғандығы туралы, оған ұқыпты қарау керек екендігін түсіндіру.
Менің Отаным – Қазақстан. Еліміздің рәміздері
Отан туралы, мемлекеттік және халықтық мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Қазақстан Республикасының Президенті оның халыққа қызмет етеіндігі, өзінің халқының түрлі мәселелерін шешетіндігі түсінігін қалыптастыру.
Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту. Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып, әнұранды орындарынан тұрып, сол қолды жүректің тұсына қойып, орындау туралы білуі керек. Мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні туралы ұғымды қалыптастыру. Халық мерекесі туралы ұғымды кеңейту. Балаларды мерекелерге өлең-тақпақтар жаттату, би билеу арқылы белсенді араластыру.
Қазақстан Республикасының әскері
Ел қорғаудың қиын да, ардақты міндет екендігін түсіндіру арқылы Қазақстан Республикасы әскері туралы түсініктерін кеңейту. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған қазақстан әскерлері жайлы түсінік беру.
Жолда жүру ережелері
Балалардың жолдың жүріс бөлігі, осьтік сызық туралы ұғымдарын бекіту. Қиылыс жолмен таныстыру, жол белгілерін бекіту. Бағдаршамның жарық белгілеріне сәйкес жолдан өтуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |