Дене шынықтыру
Негізгі қимыл түрлеріне жаттығулар
Жүру мен жүгіру. Еркін жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру және белгілі тапсырмаларды орындау: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіріп жүру; саппен жүгіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгерте, шеңбер бойымен, қол ұстасып, арқан ұстап, үзіліс жасай отырып, отырып тұру, бұрылу, «жыланша», заттарды айналып, төбенің үстіне және төбеден төмен, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру.
Секіру. Жоғары қарай заттарға жанаса отырып, екі аяқпен секіру дағдыларын қалыптастыру; 2-3 метр арақашықтықта алға қозғала отырып, бір орыннан ұзындыққа секіру, жерде жатқан жалпақ шеңберге 5-10 см биіктіктіктегі заттан секіру.
Дәлдеп көздеу, лақтыру, қағып алу. Бір-бірінен 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстап, айқастыру жағдайларында допты домалату, қақпа арқылы тұрып допты домалату, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, төмен еденмен (жермен) лақтыру, допты қағып алу.
Еңбектеу және өрмелеу. Тура бағытта 4-6 метр арақашықтықта, «жыланша», арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы, орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Тепе-теңдікті сақтау. Бір ұшы 20-30 см көтеріліп, иілген тақта бетімен нығыздалған беткейі бар бөрене бойымен, бір орнында тұрып, аяқтың ұшымен, тепе- теңдікті сақтап жүру дағдыларын қалыптастыру.
Сапқа қайта тұру. Сапқа, шеңберге кішігірім топтармен және тұтас топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
- тапсырманы орындай отырып жүре және жүгіре алады;
- екі аяқпен алға қарай ұмтылып секіреді;
- допты бір-бірінен 2 метр арақашықтықта домалатады, допты көкіректен, бастан асыра екі қолмен лақтырады;
- 6 метр арақашықтықта еңбектейді, еңіс тақта бойымен, заттар арасымен еңбектейді;
- еңіс тақта бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып өтеді, өкшені көтереді;
- сапқа, шеңберге, қатарға қайта тұрады;
- музыкамен айқын және ырғақты адымдайды.
ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа, тізені жоғары көтеріп жүру, алаңның бір жағынан екіншісіне тұру дағдыларын қалыптастыру.
Жүгіру. Әр түрлі бағыттарда жүгіру дағдысын қалыптастыру: жылдам және баяу қарқында.
Секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тіке жорғалау; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15-20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру.
Дәлдеп көздеу, лақтыру, қағып алу. Көлденең нысанға, алысқа көздеп лақтыру дағдыларын қалыптастыру, тура нысанға оң және сол қолмен көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1-1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру, оң, сол қолмен алыстағы қапшыққа допты лақтыру.
Еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, еңіс баспалдақ бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру.
Тепе-теңдік. Тура жолмен (25-20 см ені), бір-бірінен 10 см арақашықтықта орналасқан тақта бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Сапқа қайта тұру. Қатардағы өз орнын табу, бұрылу, бір орнында қайта тұру дағдыларын қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |