Күтілетін нәтижелер:
- қол мен иыққа арналған, заттармен және заттарсыз аяққа арналған жаттығуларды өзгерте отырып орындайды;
- әртүрлі бастапқы жағдайдан денеге арналған жаттығуларды орындайды;
- биік емес төбеден сырғанайды және бір-бірін сырғанатады;
- шаңғыны өз бетінше киіп және шешеді; үш дөңгелекті велосипед тебеді, суға түседі;
- өз бетінше әрекет үшін дене шынықтыру жабдықтарынан заттарды өздігінен таңдай алады.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Шынықтыру шараларын жүргізу.
Жаттығу мен массаж жасау.
Балалардың күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада күн сайын болуын қамтамасыз ету.
Өзіне-өзі күтім жасау дағдыларын дамыту.
Дағдыларды қалыптастыру:
денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мәдени-гигиеналық шараларды өз бетінше орындау;
өзінің сыртқы түріне назар аудару және ретсіздікті өз бетінше орнына келтіру;
тамақтану, ұқыптылық, бір-біріне көмек көрсету мәдениеті;
қол орамалды, дәретхананы пайдалану, тазалықты сақтау;
өз заттары мен басқалардың заттарына мұқият болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
- тазалықты, ұқыптылықты сақтайды;
- тамақтану, жуыну әрекеттерінің қарапайым дағдыларын игереді;
- балабақшадағы қарапайым іс-әрекет ережелерін, өсімдіктермен және жануарлармен өзара әрекеттестіктің қарапайым ережелерін сақтайды;
- жол қозғалысы ережелері туралы қарапайым түсініктерге ие;
- жеке бас гигиенасын дұрыс сақтайды және біледі;
- өзіне қызмет көрсету дағдыларын, қол орамалды қолдануды біледі;
- асхана құралдарын қолдана және өзбетінше тамақтана біледі.
«Қатынас» білім беру саласы
«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:
- тіл дамыту;
- көркем әдебиет;
- мемлекеттік, орыс және басқа да тілдер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
«Қатынас» білім беру саласы балалардың әлеуметте тілді қарым-қатынас үшін практикалық игеруге бағытталған.
Мақсаты: қатынас дағдылары мен біліктерін дамыту.
Міндеттері:
балалар іс-әрекетінің түрлі формалары мен түрлерінде ауызша
сөйлеудің барлық компоненттерін дамыту (лексикалық жағы, тілдің грамматикалық құрылымы, тілдің айтылу жағы; байланыстыра сөйлеу-диалогтық және монологтық түрлері);
әдеби тілді дамыту, сөз өнеріне баулу;
қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларына, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |