элементтер жүйелелігін, пішінін, олардың арасындағы арақашықтықты ескере отырып жазықтыққа ою-өрнектерді орналастыру;
қазақ ою-өрнегінің бірнеше элементтерін салу шеберліктерін дамыту;
элементтердің жүйелілігін және олардың арасындағы арақашықты сақтау.
Мазмұнды сурет салу
Қоршаған әлем сұлулығына, өнер шығармаларына, тұрмыстық заттарға, қазақ халқы мен басқа халықтардың ұлттық ойыншықтарына деген эмоциялы-эстетикалық талғам дағдыларын дамыту.
Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге қызығушылықпен тәрбиелеу.
Мүсіндеу Заттық мүсіндеу
Саздың қасиеттерімен таныстыру дағдыларын жетілдіру.
Саз, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып жемістер мен көкөністерді, кейбір заттарды, тағамдарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.
Алақандарының арасында және жазықтықта тік және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю және ойыншықтарды, ыдыстарды жасау, элементтерді қарапайым заттарға біріктіру білігін жетілдіру.
Жапсыру Ересектер даярлаған ірі жәнебарынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдеуге көмектесу.
Желімді қылқаламға мұқият түрде жинап алу, дайын пішіндерге жағу, желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалана білуді дамыту.
Музыка Музыка тыңдау
Дағдыларды қалыптастыру:
көңіл күйді және әр түрлі сипаттағы әндердің мазмұнын қабылдау;
әннің сипаты бойынша нәзік және тебірентетін әндерді қабылдау;
көтеріңкі көңіл күйдегі пьесаға эмоциялы пікір білдіру;
музыкалық және шулы ойыншықтардың, балалар аспаптарының дыбысталу тембрін ажырату;
ересектердің орындауындағы және жазбадағы музыканы тыңдау.
Ән салу
Дыбыстаудың бірдей күшімен бірдей қарқында ән салу, ән мазмұнымен байланысты дыбыстаудың әр түрлі сипатын беру, бір қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптармен қосыла отырып оның даусына бейімделе отырып ән салу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларды қалыптастыру: