Күтілетін нәтижелер:
- беттестіру негізінде жиынтықты салыстыра біледі;
- заттарды салыстыру кезінде бетестіру және қондыру тәсілдерін қолданады;
- қарама-қарсы және екі бірдей затты ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстырады, дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді дұрыс атайды;
-заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастырады;
- дөңгелекті, төртбұрышты, үшбұрышты, бұрыштары мен ірі пішіні бар заттарды ажыратады, мына белгілердің мәнін ұғынады: жоғарыға-төменге, алға-артқа, сол жақтан-оң жақтан, үстінде, астында, жоғарғы-төменгі;
- тәулік бөліктерін дұрыс атайды;
- құрылыс материалдарының негізгі мүмкіншіліктерін біледі және атайды;
- әралуан тәсілдерді үйлестіре отырып кірпіштерді, пластиналарды орналастырады;
- қағазды көлемді пішіндерге айналдырады;
- табиғатқа тән мерзімдік өзгерістерді айқындайды және атайды;
- таныс ағаштарды, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістердің 3-4 түрін, үй жануарлары мен жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;
- табиғат пен ауа-райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды;
- көлік құралдарын таниды және атайды;
- бағдаршам белгісінің мәнін түсінеді және атайды.
«Шығармашылық» білім беру саласы
«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегі ұйымдастырылған оқу әрекеттері арқылы жүзеге асырылады:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Мақсаты: шығармашылық ойлау мен қиялдауды дамыту, сезімдік-эмоциялы сапаны және эстетикалық талғамды қалыптастыру.
Міндеттері:
қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түсін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
өнер туындыларымен, халықтық ойыншықтармен және қазақ халқы мен басқа да халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу үдерісінде эстетикалық қабылдауын дамыту;
қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылыққа тәрбиелеу, балалардың өзін-өзі көрсетуі мен музыкаға бейімділігін дамыту, балалардың өнімді іс-әрекетін дамыту арқылы музыканы эмоциялы қабылдау қабілеттілігі мұқтаждықтарын қанағаттандыру.
І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |