VІІ. ЕРЕСЕК ТОП
1. 5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың сипаттамасы
Алты жаста баланың денесі және психикалық дамуында бірқатар маңызды өзгерістер орын алады. Баланың дене салмағы айына шамамен 200 г-ға, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 6 жасқа қарай балалардың бойы орташа 116 см, дене салмағы 21,5 кг жетеді, кеуде қуысының шеңбері 57-58 см тең болады.
Балалардың мінез-құлықтарын реттеуде ми қабығының рөлі артады. 6 жасқа қарай балалардың қимыл-қозғалысы біршама жігерлі және нақты болып, жеңілдік пен әсемдікке ие болады. Балалар екпінімен биіктікке және ұзындыққа сенімді секіреді, лақтыру кезінде заттарды жігерлі түрде сермейді және лақтырады.
Бұл жаста қол саусақтарының қимылдарының дамығандығы соншалықты, бала өздігімен қағаздан түрлі пішіндерді – тік төртбұрыштарды, сопақшаларды, дөңгелектерді қайшымен қияды; сазбалшықтан ыдыс-аяқ, адам мен жануарлардың мүсіндерін жасап, бояу қарындаштармен және майлы бояумен еркін сурет сала алады.
Мектепке дейінгі ересек жас баланың психикалық дамуындағы біршама өзгерістермен сипатталады.
Бұл кезеңнің жаңадан пайда болған маңыздысы – албырт және өзіндік ерікті мінез-құлық. Бала өзінің мінез-құлқын үлгімен салыстыра отырып игеріп және басқара алады. Еріктілік бала психикасының дамуындағы орталық желі болады.
Тұрақты түрткілер иерархиясы қалыптасады. Бала өзінің нені қалайтынын біледі және өз мақсатына қол жеткізеді; оның мінез-құлқы қоршаған ортамен емес, өзіндік шешімімен анықталады, бұл өзгерістер өз көрінісін тауып психикалық дамудың барлық саласында – коммуникативті, танымдық, жігерлілік, мотивациялық салаларда айқындалады.
Ішкі психологиялық өмірі мен ішкі өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады.
Балалардың іс-әрекеттерінің күрделенуіне және олардың қимыл-қозғалыстарына байланысты назар жалпы ақыл-ой дамуында жоғары шоғырланушылық пен тұрақтылыққа ие болады, ойынның ұзақтығы 2 сағатқа дейін артады.
Ерікті есте сақтауы дамиды, балаларға тек механикалық қана емес, байыптап есте сақтау тән болады.
5-6 жаста сөздік-логикалық ойлау жеткілікті түрде дамымаған, негізгі мәнге көрнекі-бейнелік және эмоциялық есте сақтау ие болады.
Байланыстырып сөйлеу, диалогтік және монологтік сөйлеудің кейбір түрлері дамиды. Балалардың сөйлеуінде кеңейтілген сөздіктер, сондай-ақ осы жаста құрылатын сезім-түйсіктердің сипаттары да көрініс табады. Балалар жалпылама зат есімдерді, синонимдерді, антонимдерді, сын есімдерді және т.с. белсенді қолдана бастайды.
Аталған жас өзіндік сана-сезімнің қарқынды өсімімен сипатталады, мұнда өзінің «Мен»-ін оқшау, жақындарына да, достарына да қарама-қарсы қояды. Тұрмыстық жағдайлардың, қоғамдық өмірдегі оқиғалардың, ересектердің еңбектеріндегі элементтердің көріністері көрініс табатын ойын әрекеті жетекші болып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |