Күтілетін нәтижелер: - қимылдық және дидактикалық ойындарда ойын ережелерін біліп, оны қадағалайды;
- өз бетінше ойнайды және шартты ойын әрекеттерін орындайды; белгіленген рөлге байланысты заттар мен атрибуттарды таңдау әрекеттерді орындайды; мазмұндық-рөлдік ойындағы құрылыс материалынан құрастыруларды пайдаланады; бақылау нәтижелері бойынша күрделі емес оқиғаларды дамытады; басқа балалармен бірге ойнайды; құрдастарына ізгі қарым-қатынас жасайды;
- ересектер көмегімен таныс ертегілер мен заманауи әдеби оқиғаларды драмалауды қолданады.
Еңбек әрекетін ұйымдастыру Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, еңбекке тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу; еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту;
-тапсырмаларды орындауға жауапкершілік қатынас дағдыларын қалыптастыру;
- өз еңбегі мен ересектер еңбегіне мұқият қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Өзіне өзі қызмет көрсету
Дербестік дағдыларын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Шаруашылық-тұрмыстық еңбек
Балаларды топтық бөлмеде тәртіпке өз бетінше қолдау көрсетуге үйрету. Тәрбиешімен бірге кітаптарды, қорапшаларды, жабыстыруға, үстелдің, орындықтардың шаңын сүртуге үйрету.
Асхана кезекшісі міндеттемелерін өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру.
Екінші жартыжылдықтан бастап ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне материалдарды даярлау бойынша кезекші міндеттемелерін орындауға үйрету.
Табиғат бұрышындағы еңбек
Дербестік дағдыларын қалыптастыру: бөлме өсімдіктерін суғару, ірі жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды қоректендіру.
Бөлме өсімдіктерін қайта отырғызуға, аквариумдағы суды ауыстыруға, қыстайтын құстарды азықтандыруға баулу.
Жұмыс орнындағы тазалық пен тәртіп дағдыларын қалыптастыру.
Табиғаттағы еңбек
Өсімдіктерді өз бетінше суғару шеберлігін қалыптастыру.
Гүлзардағы, бау-бақшадағы жұмысқа үйрету.
Жолдарды, веранданы қардан тазалауға, скамейкалардан қарды түсіруге үйрету.
Балаларды қысқы уақытта табиғат бұрышындағы құстарды қоректендіру үшін көк шөпті өсіруге қатысуға баулу.
Балаларды еңбек әрекетінде қолданылатын құрал-жабдықтарды ретке келтіруге үйрету.