Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы Астана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»



бет27/135
Дата06.12.2022
өлшемі1,23 Mb.
#55320
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135
Байланысты:
Типтік бағдарлама

ІV. БІРІНШІ КІШІ ТОП
(2 жастан 3 жасқа дейін)


1. Балалардың жас ерекшеліктеріне сипаттама
2 жастан 3 жасқа дейінгі баланың салмағы шамамен 2 кг артып, 13-16 кг болады, бойы 7-10 см ұзарып, 91-99 см-ге, көкірек қуысының шеңбері 52 см-ге жетеді.
Бала барынша дербес, қимылдары да барынша үйлесімді бола бастайды. Балаларда осы кезеңде жүйке жүйесінің қызметі жетіледі, осының арқасында олардың белсенді сергектігінің ұзақтығы (6-6,5 сағат) артады.
Бұл кезеңнің ерекше сипаты әртүрлі қимылдарға сұраныс, оларды орындауға қызығушылық пен талпыныстың пайда болуы. Бала өмірінің үшінші жылында барлық мүшелердің қызметі мен баланың психологиялық қызметтерінің жетілуі жалғасады.
Бала өмірінің үшінші жылы баланың өзін жеке тұлға ретінде сезінуінің өзгерісті кезеңі болып табылады. Ол саналы түрде «Мен», «Мен қаламаймын, мен жасамаймын!» деп айтады. Ол өзін айнадан және фотолардан таниды.
Бала әрдайым дұрыс болмаса да барлық сөз таптарын қолданады. Дыбыстарды айтуы барынша жетілген, бірақ әлі де ақаулар кездесіп отырады. Екі-үш жастағы бала тілінің ерекше сипаты үнемі айтып қалу, ойын жағдайлары мен барлық қимылдарын сөзбен сүйемелдеу болып табылады.
Екі-үш жастағы баланың негізгі дамытушы әрекетінің түрі ойын болып табылады. Бала ойынға қажетті заттарды сәйкес таңдап, алдын-ала ойлап ойнауы мүмкін. Қиял, фантазия, абстрактілі ойлауды дамыту арқасында ойынның мазмұны болады. Үшінші жылдың соңында балалардың сүйікті ойыны рөлдік ойындар болады.
Дербестік бала тіршілігінің барлық саласында және әрекеттерінде көріне бастайды.


2.Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
Бірінші кіші топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:
- денсаулыққа қамқорлық, эмоциялы саулық, әрбір баланың жан-жақты дамуы;
- топ ішінде тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынас орнату;
- бұл жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;
- тәрбие мен оқыту үдерістерін шығармашылықпен ұйымдастыру;
- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;
- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.
Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.
Үш жастағы баланың күн тәртібін құру кезінде алдымен, сергектену уақытының сипаты мен ұзақтығында болатын өзгерістерді ескеру қажет. Дербестігінің айтарлықтай артуымен байланысты түрлі гигиеналық шараларды жүргізу мен органикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған уақыты едәуір кемиді. Сондықтан сергектену бала үшін басқа да барынша күрделенген сабақтармен толықтырылады.
Күн тәртібін құру кезінде бөлмедегі және серуендегі іс-әрекеттердің түрлерін ауыстырып отыру қажет. Сергектену уақытында балалардың өздігінен ойыны тәрбиешімен бірлесіп әрекет жасауға, бөлмедегі ойын - серуенмен, қимылды ойындар - тыныш ойындармен ауыстырылуы қажет. Бала өмірін ұйымдастыруда әр баланың ұйқыдан оянғаннан кейін тамақ ішіп, басқа балаларды күтпей, тәрбиешінің бақылауымен өздігінен ойнауын ұйымдастырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет