3. Тәрбие мен оқыту мазмұны
Тәрбиелеу-оқыту үдерісінің негізі «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларын кіріктіру аясында жоспарланатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері (ҰОӘ) болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері І кіші топта аптасына 9 рет ұзақтығы 10-15 минуттан өткізіледі.
«Денсаулық» білім беру саласы
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:
- дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.
Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- негізгі қимыл түрлерін: жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтауды дамытуды жетілдіру;
- жалпы дамыту жаттығуларын, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолданып, балалардың денсаулығын нығайту;
- салауатты өмір салты туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру.
Дене шынықтыру
Қол, дене, аяққа арналған жалпы дамыту жаттығулары. Ересектердің көрсетуі және ауызша нұсқау бойынша дене жаттығуларын орындау, гимнастикалық атрибуттарды қолдануға үйрету.
Негізгі қимылдар: бір уақытта үштен аспайтын негізгі қимылдарды орындау ұсынылады.
Жүру және жүгіру: шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, шеңбер бойымен, қол ұстасып, қарқынды өзгерте отырып, жүгірумен алмастырып және керісінше (тәрбиешінің соңынан), бағытты өзгертіп, шашырап, заттарды айналып өтіп, алға қарай қырындап жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Арқаннан, қырлы бөренеден, текшеден аттап жүру.
Доғадан, орындық, жол бойымен нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.
Ауданы 50х50 см, биіктігі 10 см мінбеге, саты-баспалдаққа, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.
50-60 см арақашықтыққа доптарды (диаметрі 10-15 см) екі қолмен бастан асыра және кеуде тұсынан лақтыру. Тәрбиешінің лақтырған добын қағып алу.
Кішкентай доптарды, қапшықтарды 50 см арақашықтықта орналасқан нысанаға дәлдеп лақтыру.
Бір орында және алға жылжи отырып қос аяқтап секіру.
Достарыңызбен бөлісу: |