Спорттық жаттығулар Шанамен сырғанау.
Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау.
Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы.
Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Төбешікке адымдап және қырындап көтерілу. Шаңғыны алу және орнына қою, ересектердің көмегімен шаңғыны шешу және кию. 500 метрге дейін шаңғымен жүру.
Велосипед және самокат тебу.
Екі және үш дөңгелекті велосипед тебу. Оңға және солға бұрылыс жасау. Самокат тебу.
Жүзуге дайындық.
Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары - төмен қозғап қимылдар жасау. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан шығу. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.
Спорттық ойындар элементтері Кегельдерді соқ («Қалашықтар» ойыны бойынша).
Дұрыс бастапқы қалыппен допты лақтыру. Кегельдерді түрлі жағдайда қою. 1,5 - 2 м арақашықтықтан кегельдерді қағу.
Футбол.
Берілген бағытта допты домалату. Допты қақпаға кіргізу. Допты бір-біріне аяқпен домалатып беру.
Хоккей.
Берілген бағытта шайбаны сырғытпа таяқпен домалату, оны қақпаға кіргізу. Шайбаны бір-біріне домалату.
Дене шынықтыру ойын-сауығы 2 айда 1 рет, ұзақтығы 20 минут.
Дене шынықтыру мерекелері жылына 2 рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минут.
Денсаулық күні 2 айда 1 рет, ұзақтығы 30 минутқа дейін.
Өз бетінше қимыл әрекеті
Балалардың ойындарын доптармен, құрсаулармен, ойыншық-қозғалтқыштармен ынталандыру, дене шынықтыру мүліктерін, жабдықтарды, спорттық және қимыл-қозғалыс ойындары үшін атрибуттарды қолдануға қозғау салу. Жаттығуларды педагогпен бірге орындауға балаларды тарту, қимыл-қозғалыс ойындарына қатысуға қызығушылығын ынталандыру. Баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін дене жүктемесін реттеу. Ауа-райына қарай далада балалардың қимылдық әрекеті үшін жағдайлар жасау.
Шынықтыру және сауықтыру жұмыстары
Шынықтырудың барлық түрлерін жалғастыру. Бөлмені жүйелі желдету, 20-21°С ішінде ауа температурасын сақтап тұру. Таңғы гимнастиканы ұзақтығы 6-8 минуттан ұйымдастыру.
Таза ауада күндізгі ұйқыны ұйымдастыру. Қысқы уақытта – 18-22°С температура кезінде серуен ұйымдастыру. Төменгі температурада серуеннің ұзақтығын қысқарту.
Жалпы және жергілікті сумен өткізілетін шараларды жалғастыру: дымқылды сүрту, аяққа, денеге суды құю. Сауықтыру жүгірісі, жұтқыншақты шынықтыру, жалаңаяқ жүру.